Сыныптан тыс саба? Саба?ты? та?ырыбы: К?зді? керемет кейіпкері


«Күздің керемет кейіпкері » сайысы
Мақсаты: Жұмбақ шешу, күз кереметтерін айту, мақалдар айту.
Тез ойлауға, толық жауап беруге үйрету.
Топтық жұмыс жасауға машықтандыру.
балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ.Көрнекіліктер: Слайдтар, жеміс - жидек, көкөністер суреттері.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру.Әділ - қазы мүшелерін тағайындау.Сайыстың барысын түсіндіру.
1 жүргізуші: Кеш жарық, армысыздар, құрметті ұстаздар.
2 жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Хормен: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
1 жүргізуші:
Береке, бақ, дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз.
Хормен: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
2 жүргізуші:
Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі,құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әртүрлі мерекесі,берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.
1 жүргізуші: Күз- адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын , себебі , біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын — байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата-бабаларымыз Сабан той деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне бүгін сол дәстүрдің жалғасы ретінде « Алтын күздің керемет кейіпкері!» атты кешті бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргізуші:
Қатысушылар: 3 А,3Ә, 3Б, 4А, 4Ә сыныптарының оқушылары.
Жоспары: Бүгінгі күзгі балымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.1. «Күз» тақырыбында ән орындау2. Білгенге –маржан. (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-жауап)3. Ойындар: «Пішінінен таны» яғни көзі орамалмен байланған түрінде,қолындағы заттың пішіні арқылы атын атауы тиіс.Ойын:Кім жылдам? Шашылған жапырақты 30 секундта жиып алу.1Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!Бүгін 3-4 сыныптар оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған «Арайлы алтын күз»атты күзгі балға қош келдіңіздер.- Уа халайық, халайықМұнда назар салайықМерекесі халықтыңАлтын күзге арналғанКешімізді бастайық
2 жүргізуші:
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділдікпен баға берер әр аруға.
Үздік топты таңдап бүгін алуға.
Қазылар алқасымен таныстыруға рұсат етсеңіздер
1 жүргізуші:
Қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
2 жүргізуші:
Ия, Ендеше сайысымыздың сәнін келтіретін, бар өнерлерімен біздерді, сіздерді таң қалдырады деген сеніммен қатысушы топтарды көп күттірмей шақырайық.
1 жүргізуші:
- Біздерде ойын - сауық басталадыТамаша күй тартылып, ән салады.Қошеметтеп қол соғып отыралықҰмытармыз күні бойы шаршағанды.2 жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбызЖан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғыпЕріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Әндерімен өздеріне тәнті етсе деймін.
Олай болса бірінші бастайтын
.№1 қатысушыларымызды ортаға шақырайық.Ай секілді өзі де, Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.Нурсая деген арудың,Әдемі ғой көзі де.
Деп ару Нурсая мен Төлеби№2 қатысушыларымызды ортаға шақырайық.Үлкендерді сыйлайды,Сабағынан қалмайды.4 «А» қыз сіздерге,Ән мен жырын арнайды.
Деп ару -------------------------
№3 қатысушыларымызды ортаға шақырайық. Үздік оқып сабағын,Бәрімізге жағатын.3 «Ә»кейде-кейде еркелеп,Түйіп алар қабағын.
Ару ---№4 қатысушыларымызды ортаға шақырайық.Сабағын да меңгерген,Жақсылықты жөн көрген.Ата-анасы 3 «Б»Әдемі есім теңгерген.
№5 қатысушыларымызды ортаға шақырайық.Қуантады біліммен,бізді ол қыз,Қол соғып қарсы алайық біз.Талабыңа білімің серік болсын.Бүгінгі тілегіміз қабыл болсын.
Ару4 «Ә»
1-бөлім Жүргізуші:Құлақтан кіріп ,бойды алар,
Әсем әнмен ,тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, деп Абай атамыз атқандай
сайыскерлеріміздің өздері таңдаған әнін тамашалайық.
Әділ-қазылар 1 сайыс «күзгі ән» бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 2-бөлім
Жүргізуші: 2. Білгенге –маржан. (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-жауап)- деп өз білімдерін көрсетуге шақырамыз 1. тапсырма. Жұмбақ шешу ойыны. (Табиғатқа байланысты жұмбақтар)Әр топқа 1 жұмбақтан беріледі.Қабығы қалың болатын.Мөлт - мөлт еткен түрлері,Моншақты еске салатын. (Анар)Ызақор бұғып жатыр,Сақалын тығып жатыр. (Пияз)
2.Көк ала костюм киеді,Күнің көзін сүйеді. (Қарбыз)
3.Күннен көзін алмайдыМойны бірақ талмайды. (Күнбағыс)
4.Бақшаның алып жемісі,Қайнамай піспес келісі.Қоңыр күзге сақтайды,Сары майдай ел іші(Асқабақ)5.Қызыл болып піседі.Тезірек жинап алмасаң,Ұрлыққа торғай түседі. (Шие)2. тапсырма. Әр топқа 3-сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 1бал1. Ең еңбексүйгіш жәндік не?2. Қай жануарда қалта бар?3. Қазір қай ай?4. 7 мысықтың неше құйрығы бар?5. Алтын түстес жыл мезгілі?6. 1 жылда неше ай бар?7. Қазір жылдың қай мезгілі?8. Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ9. Шыршаны қашан сәндейді?10. Жыл мезгілдері нешеу?11. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?12. Оны қыста қолға киеміз13. Аспан көз жасы.14. Қыста жауады.15. Көп киімді көкөніс3 сайыс бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.- деп өз білімдерін көрсетуге шақырамызӘділ-қазылар 2 сайыс бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 3-бөлім
Жүргізуші: Ойындар: «Пішінінен таны» яғни көзі орамалмен байланған түрінде,қолындағы заттың пішіні арқылы атын атауы тиіс.Тапқанға-1 бал.
Ойын:Кім жылдам? Шашылған жапырақты 30 секундта жиып алу.
Жапырақ жинауға әр сыныптан 1 оқушы шығады.
Неше жапырақ жинаса сонша бал қойылады.
Молшылық күз - Береке күзБереке күз - мерекеміз - дей келе Әділ-қазылар3 сайыс бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. .Ән «-------» АЛИ-----
.Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәніменӘр жұп әсем болар өз сәніменКүз сәні өнерімен ортаға шығыпКүз керемет өзінің әніменен – деп барлық сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
-----------Жүргізуші:Осымен « Алтын күздің керемет кейіпкері»атты күзгі балымыз өз мәресіне жетті.
Назар қойып тамашалағандарыңызға рақмет.Әділ қазыларымыз әділ шешімдерін айтып өтсе болады.Қорытынды бөлім. М а р а п а т т ау
« №2 Қашар орта мектебі» КММ

Сынып: 4 «Ә»
Сынып жетекші: Жусипова К.А.