Туындыны функцияны зерттеп, графигін салуда ?олдану.


№ 46 сабақ жоспары
теория
Топ: Мерзімі: “____” сәуір 201 жыл Кабинет: 208
Сабақтың технологиялық картасы
аралас сабақ
Сабақтың тақырыбы: Туындыны функцияны зерттеп, графигін салуда қолдану.
Сабақтың мақсаты: «Оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасау (ІІ кезеңде) және функционалдық сауаттылығының даму деңгейін критериалды бағалау арқылы өлшеу (ІІІ кезеңде)»
Міндеттері:
Оқытушылық: тақырыпты топтық жұмыс барысында зерттеуге үйрету, теориялық материалдарды нақты есептер шығарту арқылы функцияны зерттеу схемасын сызуды және схема бойынша графигін салуды меңгерту, рефлексия жасату және жеке басының қол жеткізген білім, біліктілік, құзыреттілік деңгейін, яғни нәтижесін, «қосу» әдісі бойынша әділ бағалау;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру
Дамытушылық: деңгейлік тапсырмаларды әр оқушының қабілеті жеткенінше біртіндеп орындатуға жетелеу, жағдай жасау.
Сабақтың типі: аралас
Оқыту әдісі: Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясын қолдану
Оқыту түрі: жеке, топтық
Білім-біліктілікке қойылатын талаптар Студент білуі тиіс:
функция анықтамасын, қасиеттерін;
туындыны есептеу ережелерін Студент меңгеруі тиіс:
функцияны зерттеу схемасын;
функцияны туынды көмегімен зерттеп, графигін салуды;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,жұмыс дәптерлері
САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ
I. Ұйымдастыру кезеңі
(10 минут) Студенттерді тынышталдырып, сабаққа қатысуын тексеру,алдыңғы сабақты қортындылап, студенттер білігін бағалау,үйге берілген көпір тапсырмасының орындалуын тексеру
І кезең бойынша -Оқытушы алғашқы 7-10 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; «… Нақты өмір құбылыстарының қай бағытында болмасын математика қолданылмайтын бірде бір сала жоқ…» Н. И. ЛобачевскийСондықтанда математиканы оқып, үйренудегі бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Функцияны жеке бағыттарда зерттеу бойынша алған білімімізді жалпылап, қорытынды зерттеу схемасын жасау және графигін салуды үйрену. Ал, бұл мақсатқа жету үшін алдыңғы алған білімдерімізге сүйенеміз. в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фронталды тексереді).Оқушыларға жұмыс дәптері үлестіріліп беріледі.
II. Пән мақсатымен және қызметімен таныстыру Жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Жаңа сабақты түсіндіру (45 минут)
ІІ кезең бойынша - (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: функцияның графигін туынды көмегімен салу мақсатына жету үшін оқушылар алты қадам бойынша жұмыс жасайды. а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады;
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды. Нәтижесі ауызша марапатталады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту (22 минут)
ІІІ кезең бойынша - (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 25 минуттың 22 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады.
Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
1-аралық нәтиже: Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмасa.
2- аралық нәтиже: Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): – оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі – алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмаса.
3-нәтиже:Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).
IV. Бүгінгі сабаққа қорытынды жасау, ІІІ кезеңнің қалған тапсырмаларлы үй тапсырмасы ретінде беріледі.