?аза?стан Республикасыны? т?уелсіздігіне 25 жыл


Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25жыл.
Тәуелсіздік! Қандай рухты, жүрекке қандай жылы, жаныңа қандай жайлы ұғым. Жатса түсінен, жүрсе есінен кетпеген ата –бабаның ғасырлық арманы сол бірғажайып тәуелсіздік емес пе. Қаншама ардагерлеріміз осы тәуелсіздіктің өзі емес, тек сәулесі үшін қанын төкті, жанын пида етті десеңізші! Тіпті тереңнен толғанып ойласақ, халқымыздың барша тарихы онымен тығыз байланысты емес пе?
Тәуелсіздік... Кейбіреулер осы ұғымның тек саяси мәні бар деп қарайды. Әрине, ол ең алдымен саяси ұғым екені рас. Бірақ оны жариялап, тек көкірек қаққанмен, басқа мемлекеттер, одан қалды әлем сондай егемен ел деп мойындағаннан ел егемен болса қоймайды. Қазақ елінің тәуелсіздік жағдайындағы екі жыл даму процесі тәуелсіздіктің сан алуан сыры, сан алуан қыры бар екенін танытты.
Қазақстан халқы асқан бірлік көрсетіп, Республиканың тұңғыш Президенті етіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Қазіргі Президент билігі қалыптасып, төменнен жоғарыға дейін басқару жүйесі бір ізділікке салынды деуге болады. Тәуелсіздіктің тірегі мемлекетке тән қасиеттер – оның армиясы, ішкі қорғаны жүйесі, сыртқы істер жүйесі аз ғана уақыттың ішінде ірге көтерді.
Иә , Қазақстан тәуелсіз ел болу жолындағы экономикалық саладағы жұмыс толассыз өрістеп отыр. Тәуелсіздіктің тағы бір саласы – рухани тәуелсіздік. Ғасырлар бойы отаршыларға, келімсектерге табынып үйренген халық үрейден жаңа – жаңа ес жиғандай. Ата –баба салтын, ата-баба даңқын еске алып, ата-баба жолын іздеген халық. Есеңгіреп қалған ел қалың ұйқыдан жаңа оянғандай тарихын таразылап, жоғалып кеткен салтын, ұмыт бола бастаған тілін, дінін жаңғырта бастады. Әрине бұл да оңайлықпен келіп жатқан іс емес. Атасын іздеген ұрпақ, тарихын іздеген халық, өткен күнді армандаған дүбәрә тұқым... – осының бәрі сан –сапалық өмір сүріп, ескі мен жаңа сана араласып жатқанына куәміз бәріміз. Тәуелсіздіктің құдіреті соншалық, қазіргі кезеңде біздің елімізді дүние жүзі елдері танып, мойындап отыр.
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верх – Березовка орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс- шаралар жоспарланған. Соған байланысты мектепте «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбымен айлық, сынып сағаттары, шығармалар жарысы, қабырға газеттері шығарылып кездесулер өткізіліп, іс – шаралар жалғасуда. Осы шаралардың барлығы оқушылардың Отансүйгіштік, адамгершілік, өз еліне адалдық қасиеттерін бойына дарыту мақсатында өткізілуде.
Тәуелсіздіктің жолы- үміт жолы. Біз бостандықалған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктенең алдымен балаларымызға жарқын болашақ күтеміз, орта буынға - ата – баба аңсаған егемендіктен сусындап, игі мақсатының орындалуын күтеміз. Біз тәуелсіздіктен аға ұрпаққа әлеуметтік қорған болуын күтеміз. Біз тәуелсіздіктен толық іске асыра алмаған теңдікті, бостандықты, еркіндікті, баршаға білім, денсаулығына қорған, кәрілігіне сая болуын күтеміз. Біз тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімі, татулықты, халықаралық бебітшілікті күтеміз.
Тәуелсіздік... құдіретті, ардақты ұғым. Баршамызға бақ қондырып, қыдыр дарып, Адам деген атамызды асырып, ерен еңбегімізді Отан, халық кәдесіне жаратқай! Ләйімде солай болғай!
Амирова М.М.
«Верх – Березовка орта мектебінің»
тарих пәнінің мұғалімі.