?аза?стан Республикасыны? т?уелсіздігіне 25 жыл ашы? т?рбие са?аты


7ә-сынып
14.12.2016ж
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл». Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі. Сабақтың түрі: тәрбие сағаты Сабақтың барысы. Кіріспе сөз. Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
1 - жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25жыл» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.2 - жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі,О, халайық! Құтты болсын қуаныш!Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым,Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!1 - жүргізуші:Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім менің2 - жүргізуші:Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, 25 жыл! Құтты болсын егемендік! 1 - жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым. (Әнұран орындалады)
Жандос
2-жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
Дәулет
Әли
Жансая
2- жүргізуші. Енді үш кезең бойынша 3 топқа бөлінеміз.
1.Өткен шақ
2. Осы шақ
3.Болашақ
(Постер қорғау)
«Өткен шақпен» байланыс. 1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 8. Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жанына тапай бір шындық, Ер Қайрат қыршын кеткен күн. Қайғы езіп елдің еңсесін, Жаншыды-ау жанын батпан күш. Енді қайтіп келмесін, Сол бір қарғыс атқан күн! 9. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері. «Осы шақпен» байланыс. 1. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!) Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. Келді алыстан аңсатып, армандатып, Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме. 2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 3. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы. 4. Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бігіні мен ертеңі» деген екен. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 5. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді.
«Болашақпен» байланыс. Сұрақ. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді? 1. Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. 3. «Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасауға тапсырма бергенбіз. Қиял-эссе оқылады. 4. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, келешегі. Оған мысалды көнекөз тарихтың өзі талай мәрте дәлелдеді. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстан соң екі қаласына атом бомбасы тасталып, өзі де сау-тамтығы қалмай қираған жапон мемлекеті сол бетімен кетсе әлемдегі ең кедей елдердің бірі болар еді. Ертеңін бағамдаған ел ақсақалдары жапон мемлекетінің басшысына келі: «Мейлі, біз аштықты, суықты көрейік, бәріне төземіз. Мына елдің еңсесін көтеру, экономикасын нығайту үшін жастарды оқытуымыз керек», - дейді. Әркім өзінің асыл дүниелерін, алтын, күмістерін ортаға үйіпті. Осы ақшаға шет елдің ең іргелі мемлекетттеріндегі мықты оқу орындарында жастары оқып, жапон мемлекетін тұс-тұстан көтерген екен. Президентіміз «Білім –келешектің кепілі» екенін ерте болжап, 1993 жылы 5-қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. 5. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді. Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдар. 1-жүргізуші: «Жылдар сыр шертеді» ойыны
1991, 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016.
2-жүргізуші: Әріпбек Қарақат Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған өлеңімен.
1-жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі. Қорытынды. 
«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!