Ойын-сауы?: К?лкі — жанны? шипасы


Күлкі - жанның шипасыМақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлауб) Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеув) Ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеуЗал іші «Күлкі – жанның шипасы» атты мерекеге орай безендірілген ( түрлі түсті шарлармен, көңілді смайликтермен)Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.Жүргізуші:
Уа халайық, халайық!Бәріміз құлақ салайық,Бүгінгі күлкі күнінде,Ойын ойнап, бір күліп,Көңілді көтеріп алайық.- Балалар бүгін қандай күн?Балалар хормен: Күлкі күні!
- Құрметті бүгінгі Хан сарайына жиналған қонақтар, кішкене бүлдіршіндер және де ата-аналар «Күлкі – жанның шипасы» атты ойын-сауыққа қош келдіңіздер!
Хан:Көтеріңкі көңіл –күй,
Сыйлаңыздар әрине.
Той-думанда барлық үй,
Ат салыссын баріне.
Өлең айтып, би – биле,
Ойын ойнап көңілді.
Әзіл айтып тамаша,
Өткізейік бүгінді.
(Әжелер кіреді)
-Уйбуй, мына хан немерелерін жинап неғып отыр-ай?
-Әй, әлгі бүгін күлкі күні дей ме?
-Иә, иә алдайтын күн деп те айтады?
-Ендеше, бұларды біз бір күлдіртіп алайық!
Көрініс: «Немерем менің» (төрт әженің орындауында)
Жүргізуші: -Қош келдіңіздер, әжелер! Әзілдеріңіз керемет екен. Төрден орын алыңыздар!Жүргізуші: - Балалар мен бүгін Алдар көсе атамыздан хат алдым. Ол өзімен ойын тапсырмалар ала келеді екен. Біздер соған дайын болуымыз керек. Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.Алдар көсе кіреді.Алдар көсе: - Күнім қандай тамаша,Көз тоймайды қараса.Бүгін бізде мереке,Күлкі күні ерекше.Балалар менің хатымды алдыңдар ма?Балалар хормен: - иә
Алдар көсе: - Ендеше мен сендермен цирк ойынын ойнағым келіп тұр. Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы шарлар бар. Қане ойынымызды бастайық!Ойын: «Кім епті»Шарты: Ортаға 1 – 2 баладан шығып, кішкентай шарларды Алдар көсенің тақиясына лақтыру керек. Ойын көрермендермен де ойналады.Алдар көсе: - Балалар көңіліміз көтеріңкі болу үшін бізге тағы кім қажет, қане ойланайықшы, ол адаммен сендер жаңа жылда т. б. мерекелерден танисыңдар.Балалар хормен: С - А - Й - Қ - Ы - М - А - З - А - ҚСайқымазақ кіреді: - Күлмейтінді күлдірген,Жүрген жерін бүлдірген,Көп ойнап, көп күлген,Сайқымазақ мен боламын.Бәріңізге күлкі күнімен!!!Мен сіздерге күлкі сыйлағым келеді. Би: «Сайқымазақпен би»
Жүргізуші:- Алдар аға, Сайқымазақ бүгін біздің тойды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл – күй сыйладыңыздар ғой. Бүгінгі той - думанымызды жалғастырып, балалармен бірге тағы да ойынға шықсақ қалай болады?
Алдар көсенің ойындары:
« Есекпен жарыс » ( балалармен )
« Жұп – тақ әуенді – қимылды ойын »
( ата-аналармен )
Смайликтер үлестіру.
Жүргізуші: Күлкіні іздеме, ол өзіңде,Күлкіні бағала өзің де.Жаныңа шипа ем беретін,Күлкі ғой бағалы өмірде. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. Езулеріңізден күлкі тиылмасын,– деп сіздермен қоштасамыз.