Жіппен бейнелеу композициясы (7 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Жіппен бейнелеу композициясы
Сабақтың мақсаты:
Проблеманы шешу:Жіппен бейнелеу өнері туралы түсінік беру, және оның технологиясын үйрету.
Коммуникативтік құзыреттілік:Оқушылардың шеберлігін,ой-қиялын,көркемдік талғамдарын арттырып, мектептегі еңбекке баулу жєне технология пєндеріндегі жіппен бейнелеу сабақтарын ұйымдастыру жєне оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды пайдалану әдістерімен таныстырып шығармашылық белсенділігін дамыту.
Ақпараттық құзыреттілік:оқушылардың көркемдік іс-єрекет дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық көзқарастарын дамытып, сұлулықты қабылдау сезімдерін ояту, бір-біріне көмектесуге, ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту.Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды түгендеу.2. Оқу-құралдарының дайындығын тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіруІІ Үй тапсырмасын бағалау.Қайталау сұрақтары:1. Изонить - дегеніміз не?2. Жіппен бейнелеу өнері қандай бұйымдарды безендіру үшін қолданылады?3. Жіппен бейнелеу кезінде қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз?4. Бұрыштарды, дөңгелектерді қалай толтырамыз?5. Бұрыштарды тігуде беткі жағында жіптер қалай тартылады, ал теріс жағында қандай сызықтармен көрінеді?ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау.
Сергіту сәті – мектеп психологымен бирге - И.Т ТагиеваІҮ Жаңа материалды меңгерту.1. Жіппен бейнелеу өнері туралы жалпы мағлұмат беру:
жіппен бейнелеу өнері туралы тарихын айту, жіптік графика дегеннің анықтамасын беру, құрал-жабдықтарды айта кету, түгендеу, жасалу технологиясын көрсетуЖіппен бейнелеу композициясына қажетті негізгі құрал - жабдықтар.Инелер, қайшы, жіптер, картон қағазы, циркуль, сызғыш, қарындашҮ Сарамандық жұмыс.Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.1. Инені аузыңа салма2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Оқушылар жіппен бейнелеу композициясын тігу жұмыстарын бастамас бұрын, психология жағынан таңдаған фигуралардын сипаттамасын Индира Таваккулқызы береді. Психогеометриялық тест.Ү Сабақты бекіту.
Тест жұмыстары және сұрақтар
Диагностика - зерттеушісі
Мақал мәтелдер1. Жеті рет өлшеп ------------------(бір рет піш)2. Көз қорқақ ------------------------(қол батыр)3. Өнер көзі -------------------------(халықта)4. Ата көрген ------------------------(оқ жонар)Шеше көрген ---------------------(тон пішер)5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)6. Кестенің сыры ---------------------(түрінде)Кілемнің сыры ---------------------(түгінде)ҮІ БағалауҮІІ Үйге тапсырма