Денелерді? ?зара ?рекеттесуі. Масса.Ты?ызды?.


А.Е.Габдешова
БҚО. Теректі ауданы
Қоғалытубек негізгі жалпы
білім беретін мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Сыныбы: 7
Сабақ тақырыбы: § 23,24. Денелердің өзара әрекеттесуі.
Дененің массасы. Заттың тығыздығы
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: Денелердің өзара әрекеттесуі, дене массасы және оның өлшем бірліктері, дененің массасын анықтау тәсілдері және заттың тығыздығы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3.Тәрбиелілік: Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі : жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, электронды оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу, сынып тазалығы мен оқушылардың оқу құралдарын қадағалау.
ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.
Тест. І – нұсқа
Халық аралық бірліктер жүйесінде (СИ) көлемнің өлшем бірлігі.
А. метр. В. Куб метр.С. квадрат метр.Д. Килограмм.Е.Секунд.
158115795142. Төменде көрсетілгендей бір қалың дәптер мен үш алма
таразының екі басында тепе – теңдікте тұр. Егер әр
алманың массасы 70 г болса, онда қалың дәптердің
массасы.
А. 135 г. В. 50 г. С. 70 г Д. 210 гЕ. 35 г
3.Әлемде не бар болса, соның бәрі ............... деп аталады.
А. материяВ. Дене С. зат Д. Табиғат Е.физика
142875196854. Дененің ұзындығын сызғыштың
көмегімен өлшейміз. Егер есептеу қателігі
бір бөлік құнының жартысына тең болса,
балықтың ұзындығын есептеп жазыңыз.
А. 13 см
В. (13±0,5) см
С. (12,5±0,5) см
Д. (13±0,75) см
Е. (13,5±0,25) см
5. Диффузия құбылысы байқалады.
А. Қатты денелерде В. Сұйық денелерде С. Газдарда
Д. Газдар мен сұйықтарда Е.Барлығында
6. Дененің шығу тегін және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрі.
А. материяВ. Дене С. зат Д. Табиғат Е.физика
7. Мұғалімнің көлемін сақтап, пішінін оңай өзгертетін заттың күйін табыңыз деген сұрағына әр оқушы әр түрлі жауаптан айтты. Дұрыс жауап берген оқушы.
Зарина: қатты дене.Айзере: Сұйық.Нұрай: газАйда: сұйық пен газ
А. Айзере В. Аида С. Нұрай Д. Зарина Е.Ешқайсысының жауабы дұрыс емес.
8. Атом грек тілінен аударғанда .........деген мағана береді.
А. Алғашқы В. Ұсақ С. кішкентай Д. Бөлінбейтін Е.қатты
9. Материялық нүктеге мысал келтірген оқушылардан қате мысал бергенін табыңыз.
Нұрай: қасқыр орманда аң аулап жүр
Бекзат: автобус екі қала арасында қозғалып барады.
Аида: бала тақтада есеп шығарып жатыр.
Айару: адам тоннелден өтіп бара жатыр.
Айзере: көл бетінде қайық қозғалып барады.
А. Нұрай В. Бекзат С. Аида Д. АйаруЕ.Айзере
10.Дене көлемінің үлкен бөлігін ...................алып тұрады
А. атом В. Ядро С. бос кеңістік Д. Протон Е.нейтрон
ІІ – нұсқа
1. астрономия грекше..........деген ұғымды білдіреді.
А. Астрон – аспан, номос – заң В. Астрон – жұлдыз , номос – есептеу
С. Астрон – аспан, номос – есептеу Д. Астрон – күн , номос – қағида Е.Астрон – жұлдыз, номос – заң
2. Төменде суретте көрсетілгендей екі қалам мен үш қарандаш таразының
екі басында тепе – теңдікте тұр. Егер әр қаламның массасы 90 г болса, онда қарандаштың массасы.
А. 120 г. В. 90 г. С. 70 г Д. 180 гЕ. 60 г
3. Заттың өздігінен араласу құбылысы.
А. Қайнау В. Салқындау С. диффузия Д. Қызу Е. Булану
4. Поезд Алматы қаласынан Орал қаласына 2 тәулік 5 сағатта жетеді. Осы уақытты сағатқа айналдырыңыз.
А. 30 сағат В. 60 сағат С. 25 сағат Д. 53 сағат Е. 27 сағат.
5. Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан түзіледі.
А. зат В. дене.С. молекула Д. Газ Е.Сұйық
234315120656. Суретте заттың әр күйіндегі дене молекулаларының
орналасуы көрсетілген. Заттың газ күйіндегі
молекулаларын бейнелейтін сурет.
А. 1В.2 С. 3Д. 1 және 2 Е.1 және 3
7. Оқушылар қатты дененің қасиеттерін айтып жатыр. Осы оқушылардан дұрыс жауап бергендерін табыңыз.
Нұрай: белгілі пішіні болмайды.
Бекзат: оңай сығылады.
Аида: Көлемін сақтайды.
Айару: белгілі пішіні болады.
Айзере: берілген көлемді толтырады.
А. Нұрай мен Айару.В. Бекзат, Аида. С. Аида, АйаруД. Айару, Айзере Е. Айзере, Нұрай.
8. Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрі.
А. материяВ. Дене С. зат Д. Табиғат Е.физика
9. Дененің температурасы жоғары болған сайын, оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығы.
А. Жоғары болады.В. Төмен болады. С. Өзгермейді.
Д. Басында жоқғары, кейін төмен болады.Е. Басында төмен, кейіннен жоғары болады.
10. Ыстық су мен суық судың қайсысында диффузия құбылысы тезірек жүретінін анықта.
А. Ыстық суда.В. Суық суда.С. екеуіде бірдей. Д. Диффузия суда жүрмейді.
Е. Диффузия құбылысы температураға байланысты емес.
Бағалау: өзара бағалау үшін "Екі жұлдыз,бір тілек" әдісін қолдану.
Ойын «Атомдар» (жұпқа бөлу)
Қатысушылар музыка ырғағымен бар кеңістікте қозғалып жүреді. Музыка тоқтағанда жүргізуші атомдар екі-екіден деп айтса екі адамнан біргіп тұра қалады. Ал атомдар үш-үштен десе үш кісіден бірігіп тұра қалады т.с.с.
ІІІ. Жаңа тақырып.
І – жұп.
Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесуі болып табылады.
Мысалдар:
24250651035051102995103505
Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса деп атайды.
Тәжірибе:
20955-3175Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады:

234315-1270Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм,
миллиграмм т.б.
Өлшейтін құрал – таразылар.
ІІ – жұп.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады.

Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.

IV. Бекіту.
СКТ (сатылай кешенді талдау)
Физикалық шаманың атауы: Масса
Белгіленуі: m

Өлшем бірлігі: кг (г,т,мг)
Анықтамасы: Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының
өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса д.а.

Өлшейтін құрал: таразы
Математикалық формуласы:
Қосымша ақпарат: масса -
Физикалық шаманың атауы: тығыздық
Белгіленуі: ρ
Өлшем бірлігі: кг/м3
Анықтамасы: Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі
массамына тең физикалық шаманы айтады

Математикалық формуласы:
V. Есептер шығару. 8- жаттығу. №4. 9 – жаттығу.№6,7.
VІ. Қорытындылау.
Кері байланыс

Аты- жөні:________________________________________



VІІ. Бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма: § 23,24. 8-жаттығу. №5. 9 – жаттығу №2.