Саба? жоспары математикаКері есептер. Бір затты? массасы, заттарды? саны ж?не жалпы массасы арасында?ы т?уелділік. (3 сынып)


Математика 2016-2017 оқу жылы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
1000 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу және азайту. Шамалар арасындағы тәуелділік.
Мектеп: №10орта мектеп
Күні: 21.12.16ж Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 3 «А» Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Кері есептер. Бір заттың массасы, заттардың саны және жалпы массасы арасындағы тәуелділік.Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Бір заттың массасы , заттардың саны, жалпы масса жайлы түсінік алады, салыстыра отырып, топпен есептер шығару арқылы, қорытыныды жасай білуге үйренеді.
Сабақ мақсаттары Көбейтудің компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысын түсіне отырып,, осының негізінде өзара кері есеп ретінде бөлу тәсілін енгізеді. Бір заттың массасы ,затттың саны және жалпы массасы сияқты ұғымдармен байланысты есептерді меңгереді.
Жетістік критерийлеріӨзара кері есептер құрастыра алады.
Жылдам және дұрыс есептей алады.
Тілдік мақсаттар Математикалық терминдерді меңгереді.
Құндылықтарды дарыту Мәдениеттілік, өзін-өзі ұстай білуі
Пәнаралық байланыстарДүниетану
Қолданылатын модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, Көшбасшылық, Сын тұрғысынана ойлауды дамыту,Оүб және оқуды бағалау,Талантты және дарында балалармен жұмыс.
Бастапқы білім
Шамалар бірлігін ықшамдауды біледі. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтуды біледі.
Сабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстарСабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі .Топқа бірігу сәті.
Масса бірліктері:
Килограмм, грамм, центнер, тонна.
Саны 5
Құны ?
Құнын табу үшін бағасын санына көбейту керек.
Бағасын табу үшін құнын санына бөлу керек.
Санын табу үшін құнын бағасына бөлу керек
Бір ыдыстың массасы 2кг
Саны 8
Барлық ыдыстың массасы 16кг
Бір заттың массасы, саны, массасы арасындағы тәуелділік .
423+577
Ең кіші төрт таңбалы сан
999-дан кейінгі сан
10 жүздік
1мыңдықтан тұратын сан
Топ бойынша орналасу. Бір-бірімізге сәттілік тілеу.
Қима қағаздар , монеталар
Сабақтың ортасы


Масса деген? Саны деген не? Барлық масса деген не?
Иә, балалар сабағымыздың тақырыбына сай мақсатымыз қандай болды? Бір заттың массасын анықтау арқылы біз барлық массаны табады екенбіз.Қысқаша шартын жазу және есептеу дағдыларды қалыптастыру.
Жетістік критерийлері:
1.Есепті шығара алу, кері есептер құрастыруды меңгеру.
2.Масса өлшемдерін ықшамдау және жазбаша қосу мен азайтуды жетілдіру.
Тақтада үлгі бойынша жеке оқушылар шығып көрсетеді., түсіндіреді.
Жұппен жұмыс
Семантикалық карта беріледі.
1ыдыстың массасы Ыдыстардың саны Барлық ыдыстардың массасы
2кг 4 ? кг
? кг Әр жұп оқып шығады, қалай орындағанын тексереді.
125-беттегі №1 тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындаймыз. Әркім өзін тексереді.
Топпен жұмыс.
1-топ 18кг картоп бірдей 3 сөмкеге бөліп салынды. Картоп салынған бір сөмкенің массасы қандай?
Кері есеп құрастыр және оны шығар.
-571501600200002-топ Сурет бойынша есеп ойластыр және оны шығар 5кг (4себет)
3-топ . Бір йогурттың массасы 50 г,
сондай 3 йогурт сатып алдым. Барлық йогурттың массасы қанша?

4-топ
45кг сәбізді 9кг-нан бөліп шелектерге салды. Қанша шелек болды?
Кері есептер құрастыр және оны шығар.
Әр топ жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек «арқылы бағалау жүргізіледі.
Жеке жұмыс
126-бет №4а, ә тапсырмасы орындалады.

Сабақтың соңы
Логикалық тапсырма.
1-топ Алтай, Айгүл, Сәуле және Бекзат-туыстар. Алтай-айгүлдің ағасы; Айгүл- Сәуленің қызы;
Сәуле –Бекзаттың әпкесі. Бекзат Алтайға кім болады?(Алтайдың інісі)
2-топ Логикалық тапсырма.
Бір жарым килограмм май, жарты килограмм ірімшік және екі жарым килограмм қияр сатып алынды. Барлық сатып алынған заттардың массасы қандай?(4,5кг)
3-топ Логикалық тапсырма.
Бір бөлмеде 10 шыбын мен 2 өрмекші жүр еді. Біраздан соң әр өрмекші 3 шыбыннан жеп қойды. Бөлмеде неше шыбын қалды?(4шыбын)
4-топ Логикалық тапсырма.
Ағасы үйден мектепке дейін 30 мин жүреді. Інісі мектепке дейін 40мин жүреді. Інісі ағасынан
5 мин ерте шықты. Неше минуттан кейін ағасы інісін қуып жетеді?
Рефлексия. Сабақтың мақсаты қандай еді? Мақсатқа жете алдық па? Жетістік критерийлері орындалды ма? Өзің осы жетістіктерге жете алдың ба? Осы критерийлерге жете алған оқушыларды бағалау.бағалау жүргізу
Қорытынды.
Сабақтан сен жаңа өзіңе не алдың? Нені меңгердің? Стикерге жазу.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыИКТ арқылы тапсырмалар орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау

Бастапқы кезең:
Ортаңғы кезең:
Қорытынды кезең:


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------