Е?бекке баулу п?нінен 4 сынып?а арнал?ан саба? жоспарлары


Еңбек Уақыты: 10.01.15 ж Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қатырма қағаз туралы мағлұмат
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы 1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан бұйымдар жасау жолдарын үйрету; 2.білімін, ой-өрісін дамыту;
3. ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту

-Мына заттар неден жасалған деп ойлайсыңдар?
Мағынаны тану
Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы жатады.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей
2 Сұрақ-жауап Қатырма қағаздың қандай түрін білесің?
Үй тапсырмасы Қатырма қағаздан бұйым жасау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қатырма қағаздан бұйым жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы 1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан бұйымдар жасау жолдарын үйрету; 2.білімін, ой-өрісін дамыту;
3. ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Қатырма қағаздан үйлер жасау.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Жұмбақтар жасыру
Жайлаған дүниені бір ғажайып, Тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық) Ә, керемет, бір ит бар, Үй бағады, үрмейді. Аяғы жоқ жүрмейді. Темір тықсаң сөйлейді. Тілін адам білмейді. Рұқсатсыз ол иттен, Адам үйге кірмейді. (Құлып) Қарап тұрсаң өзіне, Сурет түсер көзіңе. Ол суретің ұқсайды Дәл қазіргі кезіңе. (Айна) Жылмаң-жылмаң етеді, Жылмаңдап сайдан өтеді. Із-міз тастап кетеді. (Ине) Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен, Селкілдесе денесі дір-дір еткен, Өзіне қандай жуан кез келсе де, Күшімен қақ айырып бөліп кеткен. (Темір арба) Әншейінде жекесің, Қарай қалса екеусің. (Айна) Ерте тұрдым, Алып тұрдым. (Есік) Бес ін, бес іннің Аузы бір ін. (Қолғап) 
Үй тапсырмасы Қатырма қағаздан бұйым жасау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы «Қошқармүйіз» оюының орындалу реті
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Қазақтың ою-өрнектерімен таныстыру, ұлттық ерекшеліктерді құрметтеуге дағдыландыру, еңбек, эстетикалық тәрбиесіне баулу.
Сабақтың типі : аралас сабақӘдісі: түсіндіру, әңгімелеуКөрнекілігі: ұлттық киімдер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Пазл арқылы 3-топқа бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
1. Қандай ою түрлерін білесің?
2.Оюларды қайда қолданамыз?
193987215153600
Мағынаны тану
Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ),архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.Тізіліп біркелкі түскен оюлармен әшекейленген сәнді камзол, тақия, тұскиіздерді көріп жүрсіңдер.Кез-келген ою композициясында «қошқармүйіз» элементтері қолданылады. Ол – қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері. Бұйым көзге тартымды да әсем көрінуі үшін ою біркелкі түсуі керек. Сондықтан оюды симметриялы етіп қию үлкен рөл атқарады.
ә) оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.
Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
1. Қағазды керекті өлшемде қиып, дайындаймыз. 2. Қақ ортасынан сызық жүргіземіз.
3. Сызық бойынша қағазды төртке бүктейміз. 4.Төрт қабатқа бүктелген қағаздың бірінші бетіне өрнектің төрттен бір бөлігін сызып аламыз да, қайшымен қиямыз.
5. Қиып алынған өрнекті ашамыз.6. Өрнектің жиектерін тегістеп, қағаз бетіне желіммен жапсырамыз. 7. Өрнекке қатырма қағаздан жақтау жасап, оны әшекейлейміз.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Қазақтың қошқармүйізден басқа қандай ою түрлерін білесің?
Әңгімелесу
Үй тапсырмасы Қошқармүйіз оюын ою Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қағаздан батпырауық жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы 1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан батпырауық жасау жолдарын үйрету; 2.білімін, ой-өрісін дамыту; 3. ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы жатады.
Батпырауықтың түрлерімен таныстыру: қағаздан жасалған батпырауық, полиэтиленнен жасалған батпырауық
Мағынаны тану
1135597827001 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей
2 Сұрақ-жауап Қатырма қағаздың қандай түрін білесің?
Батпырауықтың ше?
3 Қағаздан батпырауық жасау
4 .Техника қауіпсіздігі
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1-топ
Қағаздан батпырауық жасау
2-топ
Батпырауық туралы әңгіме жазу
3-топ
Батпырауықтың шығу тарихы
Үй тапсырмасы Батпырауық жасауды аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қатырма қағаздан қорап жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты : Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету, білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: қорап үлгісі
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту Қатырма қағаздың жай қағаздан қандай айырмашылығы бар?
Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?
Мағынаны тану
1260567620000а) мұғалімнің түсіндірмесі Қораптар әртүрлі болады. Оларды қағаздан, қатырма қағаздан, тақтайдан, қаңылтырдан, тіпті темірден де жасайды.
- Балалар, қорапты қай жерлерде қолданамыз?
ә) оқулықпен жұмыс. б) қорапты жасау. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
1. Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз.
2. Қораптың төрт қабырғасын сызғышпен өлшейміз.
3. Қалып үлгіні пайдаланып екінші қабырғаны сызамыз.
4. Үшінші қабырғаны да сызамыз.
5. Төртінші қабырғаны сызып, сызықтардың үстінен қайшы ұшымен із саламыз.
6. Қорап қабырғаларын із салдырған жерден бүктейміз.
7. Қорап қабырғаларын бекітетін бөлікке желім жағамыз.
8. Желім жағылған бөлігімен қабырғаларын бекітеміз.
9. Төрт бұрышты түбі жоқ қорап дайын болды.
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс

772947972700
Қағаздар.
Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:
баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады.Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.
Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.
Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.
Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.
Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.
Үй тапсырмасы Қорапты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қаламсалғыш жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: 1. Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қорап жасауды үйрету, қалам салғыш құрастыру;
2.Дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстауға дағдыландыру.
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі : аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Гүлдер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Үлгі ретіндекорсету:
       1.Сүттіңқорабын алып
2. Үшқорапты әр түрлі биіктікте түзеу қию қажет. Ал қалған үш қорап болса, қиғашкесіледі.
2.    Қораптың сыртынтүрлі- түсті қағазбен қаптап, желімдеу.
Бір- біріне желімдеп, дайын қалам салғышқа қалам, сызғыш,қарындаш, өшіргіш салып қою.
2- бөлім. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес ».
1.    Жұмбақ жасыру.
Екі семсер айқасқан
Отқа- текте шайқасқан. ( қайшы )
-        Оқушылардың  қайшымен жұмыс жасаудың қауіпсіздікережелерін естеріне салу, оны жұмыс барысында қадағалап отыру.
Оқушыларменжұмыс істеу.
1.   Сүт қорабыналғызып.
2.   Үш қорапты әр түрлібиіктікте түзеу қию қажет.
3.   Қалған үш қорап болса,қиғаш кесіледі.
4.   Қораптың сыртынтүрлі -түсті қағазбен қаптап, желімдеу.
Мағынаны тану
а) мұғалімнің түсіндірмесі
Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қораптың қабырғасын аласа, ішін кеңдеу етіп жасайды. Қалам салғышқа қалам, қарындаштарымызды саламыз. Сонда олар әр жерде шашылып қалмайды, әрі жоғалмайды. Біз қалам салғышты адам бейнесіне келтіріп құрастырамыз.
Пысықтау:
1. Қораптың қабырғаларын бір-біріне желіммен бекітіп, құрастырамыз. Қораптың түбі мен қабырғаларын бір-біріне бекіту үшін қатырма қағаздың жиегіне желім жағып, оны қабырғаларына жапсырамыз. Қалам салғыш құрастыру үшін қатырма қағаздан 11 см х 12 см етіп қалып үлгі дайындаймыз.
2. Қалып үлгіні қағаздың бетіне қойып, белгі саламыз. Қағаз шетін желім жағу үшін артықтау аламыз.
3. Қатырма қағазды цилиндр пішінді етіп бүктеп, желімдейміз.
4. Қатырма қағаздан бас киімін жасаймыз. Ол үшін бас киім дайындамасын конус тәріздес етіп қиып, екі жағын бір-біріне жалғап жапсырамыз.
5. Түрлі-түсті қарындашпен адам бейнелі қалам салғыштың көзін, аузын салып, киімін көркемдейміз. Одан кейін бас киімін кигіземіз. Қалам салғыштың аяғын желімдеп бекітеміз. ә) оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
« Ойлан жауап қайтар».
-        Мінебалалар сүт қорабынан қалам салғыш жасадық.
-        Ендіжұмбақбай атанын аулына келдік. Ол кісі сендерге жұмбақ дайындапты.
1.   Аяғыбіреу, қолы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.                    (қалам)
2.   Өзі- артық, сөзі-әріп.              (қарындаш)
3.      Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзінде құртты.                          (өшіргіш)
4.   Жылмаң- жылмаңетеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із- міз тастап кетеді.                 (ине) 
5.   Кішкенеөзі, мың көзі.               (оймақ)
6.   Жарқылдаған қосқылыш,
Қолға тисе, жоқ тыныш.            (қайшы)
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қатырыма қағаз жолақтарынан тоқылатын бұйымдар
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету. Үлкен – кіші, ұқсас, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, ойнату арқылы зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: ойын – сабақ, күтпеген сәт, көрсету, түсіндіру, салыстыру, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: түрлі түсті жапырақтар, көк, қызыл жолақшалар, түрлі түсті қатырма қағаз жолағы.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту

Суреттегі бұйым қалай жасалған деп ойлайсыңдар?
Сендердің қолдарыңнан келе ме?
Мағынаны тану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар. Өнерлі өрге жүзер. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. Өнерліге өлім жоқ. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын. Өнерлі бала сүйкімді. Өнер білсең-өлмейсің. Өнерлінің өзегі толмас. Өнер-таусылмас азық. Жұтамас байлық . Бай болмасаң бай болма Өнер, білімге сай бол, Өнерлі қол бақытқа жол. Ілім-іштегі нұр, Өнер сыртқа салынған түр. Өнер таусылмас азық, Сарқылмас байлық. 
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Табиғи және жасанды маталар
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы  Оқушыларға әр түрлі талшықты маталар, маталардың жіктелуі туралы мағлұмат беру, матаның қоғамдағы маңызы мен ролі туралы түсініктерін кеңейту.Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, матамен жұмыс істеу барысында, алған білімдерін, дағдыларын нығайту;Шеберлікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: - маталар түрлері, сызғыш, қайшы, жіп, ине;
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Матаның бетінің құрылысы.Оң жақ- ашық әрі өрнегі анық Терісжақ-анық емес, өрнегі өңсіз Матамақта-мата өрнегі басылған- Төсектік маталар- поплин- көйлектегі маталар- гипюр- гофриленген маталар- фантазия өрілген кестені еске түсіретін маталар- спорттық және сырт киімдер тігуге арналған маталар- ши барқыттар - Көйлек – көнш. арналған маталар-асхана бұйымдарына арналған маталар- сәндік маталар- зығыр және синтетикалық талшық қоспасынан жасалған маталар-өңделген маталар- қатырма маталар - Джерси- панама типтес маталар-шырша маталар-пипита типтес ұсақ торлы маталар-көйлек маталар-креп-поплин-фланель-габардин-букле-твид-бастон -жібек сатин-креп-жоржет-шифон-чесуча-атлас-креп-парча-пафта
Мағынаны тану
Мақта – мата маталары: 100% матадан жасалған маталар өте аз шығарылады. Мақта-мата талшықтары көбінесе жасанды жібек және синтетикамен араластырылады.Төсектік маталар. Жастық тысына, көрпе тыстарға, жаймаларға пайдаланылады.Поплин жұқа, тығыз мата полотнолық әдіспен өріледі. Көйлектік маталар жіптері әр түрлі өріледі және өңделеді.Гипюр шілтелерге ұқсас эффектілігімен және өрімдерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді.Гофриленген маталар - өте сәнді, әртүрлі киімдер жасау үшін қолданылады.Фантазиялық өрілген, кестені еске түсіретін маталарды модификацияланған вискоздық талшықтан жасайды.Спорттық және сырт киімдер тігуге арналған маталармақтаның элан қосылған қоспасынан жасалады.Ши барқыттар әйел мен бала киімдерін, сондай-ақ ерлердің жұмыс көйлегі мен костюмын тігуге пайдаланылады.Зығыр маталар. Зығыр маталардың беттік тығыздығы үлкен әрі қалың, қатты, берік және созылғыштығы төмен болады.Асхана бұйымдарына арналған маталар (дастархан, қол сүрткіш) ақ сұр, айшықты, жаккардты болуы мүмкін.Сәндік маталар жаккардты, айшықты болады.Зығыр мен синтетикалық талшықтардың қоспасынан жасалған маталар сырт киімдер мен блузкалар тігуге қолданылады. Өңделген маталар өте берік. Қатырма маталарын вискоздық талшықтар қосылған зығырдан жасайды.Жүн, жартылай жүн және аралас материалдар.Мұндай материалдарды 100%-дық жүннен, синтетикалық немесе жасанды талшықтардан, сондай-ақ жүн мен басқа да талшықтардың қоспасынан жасайды.Джерси – трикотаж мата.Панама типтес маталар полотнолық әдіспен өріледі немесе бірнеше жіптің негізінде екі немесе бірнеше жіпті өру арқылы алады.Шырша матасы - өте қалың, сондықтан сырт киімдер тігуге пайдаланылады.Пипита типіндегі ұсақ торлы маталар түстері қарбалас жіптердің тік немесе крест сияқты өрілуінен жасалады.Кашемир – көйлектер үшін жұқа, жұмсақ, бір түстес немесе айшықты, пальто үшін неғұрлым берік, жұмсақ, бір түстес болып келеді. Креп – жұқа, ауыр мата, үсті аздап түйіршіктелген болып келеді.Поплин – жұқа, мықты мата.Фланель – жүнді, диагональді, сирек полотнолық әдіспен өрілген мата.Габардин – түтілген жүннің жоғары сортынан жасалады.Букле – үсті түйінделген қалың мата.Твид – бір түстес немесе өрнекті мата.Бастон – бір түстес жоғары сапалы костюмдік мата.Табиғи жібек маталар.Жібек сәтен – жасанды талшықтардан жасалады, жылтыр болады және табиғи жібек сияқты болып көрінеді.Креп-жоржет – бұл полотнолық әдіспен өрілген қатты ширатылып, иірілген жіппен жасалған мата бір түсті немесе айшықты болып келеді.Шифон – табиғи, жасанды немесе синтетикалық жібектен жасалады.Чесуча – полотнолық әдіспен өрілген тығыз мата.Тафта – таза немесе жасанды жібектен жасалған мата.Атлас – тығыз, жылтыр мата.Креп – полотнолық әдіспен тоқылған беті түйіршікті мата.Парча – алтын немесе күміс жіптермен тоқылған жаккардты мата.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Матадан бұйымдар жасайық:
15214017968000
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қол тігісі түрлері
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы а)білімділігі: оқушыларға қол тігіс түрлерімен таныстыру, тігуді үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру;ә)тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;б) дамытушылығы: қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмысСабақтың көрнекілігі: слайд, қол тігіс түрлерінің суреттеріСабақтың құрал-жабдықтары: ине, жіп, қайшы, мата
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
й қозғау (жұмбақты шешу)Кірш – кірш етедіІшіне кіріп кетеді(ине)Бір тышқанда екі құйрық(ине мен жіп)Кіріспе сөз.Көктеу, жөрмеу, тепшуҚиғаш сәндікІлмек тігісТаңдай тігіс, түйін тігіҚайып тігу, түгу тігіс тышқан із тігіс, шалық торлау.
Мағынаны тану
Қазіргі кезде қолмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз. Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырады. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістерді қолданылады. Қол мен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады.Кез келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет.Қиғаш сәндік. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымның арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай, келесі тігіс солдан оңға қарай айқасады.Ілмек тігіс матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.
5. Сарамандық жұмыс.Қауіпсіздік ережесі.Инемен жұмыс жасағанда, инені аузыңа салма.Ине жерге түсіп кеткенде мұғалімге ескертіп, мұғалімнің көмегімен ал.Қайшыны досыңа сілкілемей бер.Тігіс түрлерін матаға орындап, альбомға желімдеу.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Жаңа сабақты бекіту. «Бақытты сәт» ойыны1-гейм. «Бой сергіту» топтарға 3 сұрақтан беріліп оларды талдауға 3 минут бөлінеді. Топтардың бір өкілі жауап береді.Тапсырма:1. Қазіргі кездегі қолмен іс тігетін тігіншілер туралы айту?
2. Қол іс тігушінің негізгі құралдарына нелер жатады?3. Кез-келген бұйымды тігу үшін нені дұрыс таңдай білу қажет?4. Тігістің түрлерін ата?5. Матаның шеті сетінеп кетпес үшін қандай тігіс қолданылады?(ілмек)6. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданылатын тігіс? (қиғаш тігіс)2-гейм. «Сандықтан шыққан бас қатырғырлар» топ мүшелері сандықтан нөмірлері конфет алып шығады. Мұғалім әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ капитандары жауап береді.Тапсырма:2-нөмір.Жұмбақ.Қылыштасты ағайынды екі батырКескілесті екеуі шатыр-шұтырАағайынды екеуінің кескілесіТігіншіге пайдасын тигізіп жатыр. (қайшы)4-нөмір.ЖұмбақЖүрген сайын жүйрігімҚысқартады құйрығын (ине)3-нөмір.Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру.1. Жіп жіңішке (жерінен) үзіледі2. Жіптің ұзыны жақсыСөздің (қысқасы) жақсы5-нөмір.Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру1. Тігінші кем істейді(Үтік) тегістейді2. үйренгенің (өзіңе) құтІстегенің еліңе құт3-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарына барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады.1. Қандай тігіс түрлерін білесің?2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?3. Ине не үшін қажет?4. Мата түрлерін ата?5. Қиғаш тігіс қалай орындалады?
Үй тапсырмасы Тігіс түрлері жөнінде мәліметтер жинақтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Ілгек,ілмек,тойтармалы түймелерді қадау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты : Оқушыларға ілгек, ілмек, тойтармалы түйме туралы түсінік бере отырып, олардың бір-бірінен айырмашылығын, не үшін қолданатыны туралы айту, матаға қадап үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеуКөрнекілігі: түйме, ілгек, ілмектер.Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата қиындылары, қайшы, ине, ілгек, ілмек, тойтармалы түймелер, қарындаш немесе бор.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
а) мұғалімнің түсіндірмесі. Ілгек, ілмек,тойтармалы түймелерді киімнің немесе бұйымның екі бөлігін бір-біріне бекіту үшін қолданады. Оларды қадау үшін орналасатын орнын белгілеу қажет, себебі ілгек пен ілмек және тойтармалы түйменің үсті мен асты бір-біріне дәл түсуі тиіс. Ілгек, ілмектің көлемдері ұзын, орташа, қысқа және жуан-жіңішке болады. Сол сияқты тойтармалы түйменің де диаметрі үлкен-кіші, жуан-жіңішке болып келеді. Олар темірден, қазіргі кезде түрлі-түсті пластиктерден де жасалынады. ә)Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.
Мағынаны тану
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
1. Бір түсті орташа қалыңдықтағы матадан ұзындығы 15 см, ені 10 см екі қиынды дайындап аламыз.
2. Мата қиындыларының жиегінен 4 см-ден қалдырып ілгек, ілмек тойтармалы түйме қадайтын орын белгілейміз.
3. Мата қиындысының біріне ілгек пен ілмекті қадаймыз. Екінші мата қиындысына тойтармалы түйменің үстіңгі бөлігі мен астыңғы бөлігін тігеміз. Оларды ілгенде ілгек пен ілмек, тойтармалы түйме бір-біріне сәйкес келуі керек.
Түймеден бұйып жасайық.

Үй тапсырмасы Түйме қадау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Тоқу үлгілерімен таныстыру. Бұйымдарды жіппен әшекейлеу.
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы  Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту.Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: аралас сабақ.Сабақтың түрі: сарамандық.Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап.Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, сызу.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану
Жіппен суреттеу өнері алғашқыда Англияда пайда болады. Ағылшын тоқымашылары жіп қиылыстарының өзгеше тәсілін тапты. Олар тақтайға шеге қадап шартты кезекпен оған жіптерді керетін. Нәтижесінде үйге пайдаланатын әсем көрнекті бейнеленген бұйымдар пайда болды. Қазіргі таңда осы тәсіл арқылы мерекелік ашық хаттар, сәнді бұйымдар, мұқабалар сәнді өрнектеліп, әшекейленіп салынатын өрнектер, киім элементтерін безендіруге болады.Изонить тәсілімен суреттемелер, бейнелеу тағы көптеген заттар жасауға болады. Бұл тәсіл қиын болмағанымен, жасаушы адамнан ұқыптылықты, икемділікті, шыдамдылықты талап етеді.Егер бейне тақта үстінде жасалатын болса оған шаблон қажет болады, жұмыс суреті, парақтың ортасынан өтетін ара қашықтықтары тең тіке сызықтар. Шаблоннан басқа суреттің көшірмесі қажет. Ол үшін суреттің түп нұсқасына кальканы степлермен қыстырып, тек нүктелерін белгілеу керек. Калька нормасына кәдімгі парақты пайдаланып, көшірме қағазы арқылы нүктелерді белгілейді. Нүктелерді қағаздан қағазға жарық арқылы да түсіруге болады.Мулине жіптерін де пайдалануға болады. Жіптерді ұзарту үшін екі тәсіл бар:Бейненің теріс жағына жіпті түйіндеп жанасын енгізу керек.Алдынғы жіпке дейінгі жіпті жалғап жұмысты жалғастыра беруге болады.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Дайындық жаттығулар:1. Бұрышты толтыру:а) қалың қағаздың теріс жағына кез - келген бұрыш сызыңыз;ә) бұрыштың әрбір бетін 6 - ға, бәрін 12 - ге тең бөлікке бөліңіз;б) табылған әр нүктенің шыңынан бастап рет санын қойыңыз. Бұрыш шыңын “0” деп белгілеңізв) инеге жіп өткізіңіз;г) бұрышты көрсетілген сызбамен (схема) толтырыңыз;2. Дөңгелек айнасын толтыру:А) радиусы 50м дөңгелекті сызыңыз;ә) сол айнаны тең 12 бөлікке бөліңіз;б) барлық нүктелерді шұқи белгілеңіз;в) ине жіпті өткізіңіз;г) айналаны көрсетілген сызбамен (схема) толтырыңыз.
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Бұйымдарды жіппен әшекейлеуге қажетті құрал-жабдықтар
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты:Оқушыларды жіптен алқа жасауға үйрету. Ақыл-ойын, қиялын дамыту. Шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілігі: әр түрлі алқалар.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
45453400Жіптен алқа жасау
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Әшекейлеп жасалған алқа – адам көркі. Шеберлер алқаны алтыннан, күмістен, табиғи материалдан жасайды. Сонымен қатар күнделікті кездесетін материалдардан да алқа жасауға болады. Оған машина жібінің жуандауы немесе жібек жіп, майда моншақ, пластмасса сақиналар және ине қажет.
Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс .Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
1.Жіпті инеге сабақтап, онымен сақиналарды ілмектеп байлаймыз.
2.Дайын болған сақиналар бір-бірімен моншақ арқылы біріктіріледі.
3.Бірдей үш сақинаны моншақпен әшекейлеп, бау тағып, оларды алқаға байлаймыз.
4.Техника қауіпсіздігін сақтау.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.
Үй тапсырмасы Алқа жасау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Жұсақ ойыншықтар тігу
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Білімділік: оқушыларға қалдық матадан жұмсақ ойыншықтың пішу технологиясы туралы түсінік беру.Дамытушылық: оқушыларды бейімді еңбекке баулып, қолөнер түрін терең меңгере отырып, үлгі бойынша жұмыс істей білуге, ой - өрісін кеңейту, эстетикалық талғамдарын дамыту.Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс, сөзжұмбақ шешу.Сабақтық көрнекілігі: дайын жұмсақ ойыншықтар, үлгілер сызбасы, нұсқау картасы.Құрал – жабдықтар: мата, қайшы, ине, қатты қағаз.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға сөзжұмбақ қою арқылы сабағымды бастаймын.1. Бұйымды пішуге арналған зат.2. Матаны неден жасайды?3. Белден төмен киілетін қыздар киімі.4. Үй жиһаздарына арналған ұлттық бұйым.5. Қыздардың әшекей бұйымы.6. Үлгіні матадағы қай жіптің үстіне салу керек?7. Негізгі жіп матада қалай орналасқан?
Мағынаны тану
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу» Қалдық матадан жасалатын жұмсақ ойыншықтар балалардың ойнауына арналады. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында»- деген, ойыншық пішу үшін тұтынуға жарамсыз деген киімдерді, мата қиындыларын қолдануға болады.XIX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған.Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі суретші Н. Д. Бартрам «Ойыншық – өмір айнасы» деген.Ерте замандағы ойыншықтың бір түріне қуыршақ жатады. Ең көне египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған. Жұмсақ ойыншықтар көбіне піл, қоян, аю т. б жан-жануарларды тігуге болады. Қолдан тігілген ойыншық кімді де қызықтырмай қоймайды. Сондықтан үлгі сызбасын қағазға түсіру арқылы қалдық матадан жұмсақ ойыншық жасаймыз.IV. Сарамандық жұмыс.Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп қайталаймыз. Инемен, қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:• Қайшы өткір болу керек.• Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың оң жағына қоямыз.• Қайшыны ұсынар кезде сабымен ұсын.• Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені инені жоғалудан сақтайды, егерде инені жоғатып алсаң мұғалімге ескертіп тауып ал.• Инемен тіккенде аузыңа салма, киімге қадама.• Сынған инені жерге тастама, ешкімді зақымдамайтын жерге таста.• мата, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары, фурнитура - түймелер, ілгектер, ойыншықтың көзін, мұрнын салу үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар, инелер (ойыншықтың көлеміне байланысты), қайшылар, біз, түймелер, картон (фурнитураны монтаждауға).• тігінге арналған бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп, мақта, синтепон, паралон т. б.Оқушыларға дайын үлгіні таратамын. Содан кейін үлгіні қалдық матаға салып жекеленген дене мүшелерін қиыңдар. Осылайша әрбір дене мүшені даярлап аламыз, тігеміз.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1. Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу үшін қандай материал қажет?2. Негізгі әшекейлік бөліктерін қалай дайындаймыз?3. Үлгідегі бөлшектерді қалай біріктіреміз?4. Жасалған жұмсақ ойыншықты не мақсатқа пайдаланамыз?5. Техникалық қауіпсіздік ережесі сақталды ма?6. Пішу барысында матаның қай бетін қолдандыңдар?7. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Үй тапсырмасы Ойыншықтар тігу Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Жұмсақ ойыншықтар жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты : Оқушыларға «Ат» ойыншығын жасауды үйрету. Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: ат панносы.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, мата, мақта (синтепон), ине, жіп, қайшы, оймақ.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
16064178051200
Мағынаны тану
а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен Ат ойыншығын жасаймыз. Ол үшін 1. Суретке қарап отырып, ат кеудесі мен оның ұсақ бөлшектерінің қалып үлгісін дайындаймыз.
2. Бір түсті қалың мата бетіне ат кеудесінің қалып үлгісін түйреп, бормен жан-жағын сызып, сызық бойынша қиямыз. Ал құйрығы, жалы мен қалған ұсақ бөлшектерінің пішінін басқа түсті матадан қиып аламыз.
3. Сонда кеудесіне екі бөлшек, ауыздығына екі бөлшектен төртеу, құйрығына екі бөлшек, жалына екі бөлшек, әшекейлеріне бірнеше бөлшек, тұяғына екі бөлшек, көз айналасындағы жұлдызшаға екі бөлшек мата керек.
4. Алдымен матаның теріс бетінен кеудесінің екі бөлшегін бір-біріне беттестіріп көктеп тігеміз. Ішіне мақта не синтепон толтыру үшін бір жағын тікпей қалдырамыз. Одан кейін тігілмеген жағынан оң бетіне айналдырамыз. Ішін мақта, синтепонмен толтырып, тігілмей қалған бөлігін тігеміз. Енді қосымша бөлшектерін тігеміз. Олар: жалы, құйрығы, көз айналасындағы жұлдызша, ауыздықтары, тұяғы мен әшекейлері. Қосымша бөлшектерін «Құс» панносын тіккендегідей әдіспен орындаймыз.
ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Панно жасау барысында қандай тігістерді қолдандыңдар ?
Үй тапсырмасы Ат ойыншығын аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Сабаннан жасалған панно
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушыларға табиғи материалдар туралы түсінік беру, олардан жасалатын бұйымдар, оларды кептіру жолдарын ұғындыру, сабаннан панно жасауды үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту.Әдемілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: әр түрлі кепкен өсімдіктерден жасалған паннолар.
Қажетті материалдар мен құралдар: кептірілген сабан.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.Қандай да бір бұйым жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет.Ол үшін қолданатын материалды тазалап, кептіріп алады. Кептіру жолдары әр түрлі. Мысалы «икебана» жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап, іліп қояды.Сабаннан бұйым құрастыру үшін оның ұзындығын бірдей етіп кесіп алып, панно жасауға болады.Сондай-ақ әр түрлі дән, жаңғақ, бүрлермен жануарларды, құстарды, көбелектерді,т.б.бейнелеп, ерекше композиция құрастыра аламыз. Бүгін сендермен сабаннан панно жасап үйренеміз.
Мағынаны тану
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
«Табиғат көрінісі» панносын қағаз бетіне саламыз.Сурет үстіне калька қағазын қойып, суретті айналдыра сызып көшірмесін калька бетіне түсіреміз. Дайын болған сабанның ішкі бетіне ПВА желімін жағып, калька бетіндегі сурет бейнесіне қатарлап жапсырамыз.Суретті сабанмен толық желімдеп шығамыз. Суретті сабанмен толық жапсырмалап болған соң, желімді кептіреміз. Кепкеннен кейін сурет бейнесін калька қағазының екінші бетінде көрініп тұрған сызықтары бойынша қиып аламыз. Қиып алынған бейнені панно негізіне калька қағазы жағына желім жағып, екінші рет желімдеу технологиясын орындаймыз. Нәтижесінде «Табиғат көрінісі» панносы дайын болады.
Үй тапсырмасы Сабаннан панно жасап үйрену Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Панно жасау. Қажетті материалдар.
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушыларға « Құс» панносын жасауды үйрету; Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: әр түрлі паннолар. Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма қағаз, мақта немесе паролон, түйме, бау, желім, қайшы.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту 1.Панно деген не? 2. Тігістің түрлерін еске түсірейік.
Мағынаны тану
а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен «Құс» панносын тігеміз. «Құс» панносын қолдан тігіп сыйға тартуға немесе ине шаншитын жастықша ретінде пайдалануға болады. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей
ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
1. Құс панносының қалып үлгісін дайындау үшін қатырма қағазға құстың кеудесін қарындашпен сызып, қиып аламыз.
2. Екі қабатталған матаның бетіне қалып үлгіні қойып, бормен айналдыра сызамыз да, сызық бойынша қиямыз. Ішіне мақта немесе паролон салу үшін бір бөлігін тікпей қалдырып, қалған бөлігін теріс бетінен көктеп тігеміз. Содан соң оң бетіне аударып, кеудесін мақта не паролонмен толтырамыз. Тігілмеген бөлігін тігеміз.
3. Матадан құстың қанатын қиып алып, кеудесіне желімдейміз. Қызыл түсті матадан айдарын дайындап, құстың басына желімдейміз не тігеміз.
4.Ал қосымша бөлшектерін суреттегідей етіп жапсырамыз.
5. Көзіне түйме, ал кеудесіне іліп қою үшін бау тігеміз.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Қорытындылау. Панно қандай бөлшектерден тұрады? Өз қолыңмен жасаған панноңды кімге сыйлар едің? Құс панносына қандай тігіс қолдандың?
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Кептірілген өсімдіктермен жұмыс түрлері Гүл шоғын жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушыларға гүл шоғын құрастыруды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту.Әдемілікке,эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру Көрнекілігі: икебана Қажетті материалдар мен құралдар: қыш ыдыс, кептірілген гүл шоқтары.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Өсімдік түрлерінен құрастырған гүл шоғы өнерін «икебана» деп атайды. Бұл өнер түрі Жапонияда пайда болған. Икебананы кепкен жапырақтан, шөптен, тал бұтағынан, гүл күлтелерінен құрастырады.
Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2. Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Гүл шоғын жасау. Олардың әсем жасалуына көңіл бөлу, қадағалау.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
772948038400 Икебана (жапон. 生け花 немесе жапон. いけばな икебана, «ике» — тіршілік, «бана» — гүлдер, дәлме-дәл «тірі гүлдер») — гүлдер мен басқа да өсiмдiктерден әсемдеп гүл шоғырын жасайтын дәстүрлі жапон өнер түpi.
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Гүл шоғын құрастыру
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Сабақтың мақсаты; міндеті; Оқушыларға қағаздан гүл шоғын дайындау әдісін үйрету.Эстетикалық ойлау, көзбен көру қабілетін, қол шеберліктерін және жұмыс орынды дұрыс ұйымдастыруды дамыту.Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын гүл шоғы.Сабақты қажетті құрал жабдықтар: гипс, қатырма қағаз, қайшы, жіп, сым, бояу, қылқалам.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Ал, қазір біз мынадай гүл жасаймыз. (дайын гүл шоғын көрсету) Ол үшін: көк, жасыл түсті қатырма қағаз, қайшы, гипс, сым, акварель немесе гуаш, қылқалам қажет.- Жұмыс орны дайын ба?- «Көктікен» гүлі бес бөліктен тұрады.1.- Гүл күлтесі.2 - гүл ұрығы.(аталығы)3 - сабағы.4 - жапырағы.5 - гүл.Көктікен гүлін дайындаудың реті:1. Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз.2. Дөңгелектерді суреттегідей етіп әрлейміз.3. Өсімдіктің аталығын жіңішке сым темірден жасаймыз.4. Аталық табиғи түрге ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз.5. Содан кейін барлық үш дөңгелекті гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз.6. Сабақты жұқа жасыл түсті қағазбен ораймыз.7. Жапырақ сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.
Мағынаны тану
Сарамандық жұмыс.Қауіпсіздік техникасын сақтайық.1. Қауіпсіздік техникасын сақтай біл.2. Қайшыны қасыңдағы оқушығаа сілтеме.3. Қайшыны ашық тастама.4. Сабақ соңында жұмыс орнын жинау.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Бір гүл толып ашылады, Бір гүл солып ашылады.Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас. Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса. Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар. Гүл қайда болса көбелек сонда. Гүл өмір қызығы. Гүл өссе жердің көркі, Қыз өссе елдің көркі.Гүл сабағымен қадірлі, Ас табағымен қадірлі.Гүлсіз болса жер мұнды, Күлкісіз болса ел мұңды.Гүлсіз бұлбұл үнсіз. Гүлсіз жапырақ тұл, Көксіз топырақ тұл.Гүл табылады, мал сатылады. 
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Әр түрлі табиғи материалдардан композиция құрастыру
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушыларға табиғи материалдарды пайдалана отырып «Алтын күз» панносын жасату. Ой-өрісін кеңейту, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: арнайы дайындалған паннолар. Қажетті материалдар мен құралдар: асқабақ тұқымы, тары, жаңғақ, ПВА желімі, сары түсті қатты қағаз, кеңсе пышағы, қарындаш, акварель бояуы, қылқалам.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту Күзде жеміс-жидек пісіп, ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күн сәулесі де азаяды. Күз көрінісін өзімізше бейнелеп көрейік.
Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
1. Ең алдымен күз көрінісін өз қалауымызша сары түсті қатты қағазға бейнелейміз.
2. Жұмысқа қажетті табиғи материалдарды дайындап аламыз. Асқабақ тұқымын екіге жарып, дәнегінен ажыратамыз. Жаңғақты да жарып, дәнегін ұсақтап бөлеміз. Сондай-ақ тары, арпа дәндерін де панно жасауға пайдаланамыз.
3.Табиғи материалдар түсіне қарай желімделеді. Ағаш діңін ұсақталған жаңғақпен, жапырақтарын асқабақ тұқымымен, күздің түсін, яғни ағаштың жан-жағын тары, арпа дәндерімен желімдейміз.Ағаш бұтағындағы қарға мен жердегі қоян бейнесін де табиғи материалдардан орындаймыз.
4.Табиғи материалдарды желімдеп болған соң, акварель бояуын қолданып,панноға қосымша өң береміз.Осылайша «Алтын күз» панносын табиғи материалдарды қолдану арқылы жасап шығамыз.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Неге күзді алтынға теңейді?
Табиғи материалдарды қай мезгілде жинайды?
Ағаш діңіне, жапырағына қандай табиғи материалдарды пайдаланасың? Акварель бояуын не үшін қолдандың?
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Себет тоқу технологиясы
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Қағаздан тоқылған себеттер
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Оқушыларға әртүрлі материалдарды қолданып себет тоқу түрімен таныстыру. Ой белсенділігін,сауаттылығын меңгерту. Еңбекқорлыққа,білімділікке тәрбиелеу.
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
772947663800Суреттен неі көріп тұрсыңдар?
Қандай мтаериалдан тоқылған деп ойлайсыңдар?
Сенің қолыңнан келе ме?
Мағынаны тану
Оқулықтағы тапсырмаларды оқу.
Сұрақтарға жауап беру.
Шығармашылық тапсырма:
1-топ
Себет не үшін керек?
2-топ
Себетті неден жасауға болады?
3-топ
Себетке ұқсайтын тағы қандай бұйымдарды білесіңдер?
Сергіту сәті Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Ер дәулеті — еңбек. Келген дәулет,Кеткен бейнет. Ер еңбегіне бір тойсын. Бейнетің қатты болса,Татқаның тәтті болар. Қолы қимылдағанныңАуызы қимылдар. Еңбегіне қарай, өнбегі. Жас кезімде бейнет берҚартайғанда дәулет бер. Еңбек ерлікке жеткізер.Ерлік елдікке жеткізер. Еңбек ет те, міндет ет. Көп еңбегі — көңілді. Еңбегің сайлы болса,Ішің майлы болар. Еңбек ет те мақтан,Ойнап-күл де шаттан.
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Өздік жұмыс
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Оқушыларға өз бетінше іс-әректе жасауға ыңғай жасау. Еңбекқолыққа, зейінділікке тәрбиелеу. Сауаттылығын шыңдау.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Мақалдың мағынасын түсіндір
Елің сені елесе,Еңбегіңнің жанғаны,Елің сені шенесе,Көз қырына алғаны. Мал өсірсең мол өсір,Кеңейтеді пейіліңді.Еңбек етсең — көл көсірҚандырады мейіріңді. Еңбек ет те, егін ек,Жарымасаң маған кел.Белді бу да бейнет қыл,Байымасаң маған кел. Еңбекте қорлық жоқ.Шындықта зорлық жоқ.
Мағынаны тану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
13830307779000
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Өрнектеп, сәндеп,Тiгiстерiн бүгетiн.Солпысын жөндеп,Кiм көйлек тiгедi?(Тiгiншi)Жалтылдап қалағы,Салатын кiм қаланы?(Кiрпiш қалаушы)Оның тiккен бұйымы,Аяғыңды қаптайды,Шыға қалса жұлымы,Әдемiлеп баптайды.(Етiкшi)Қалпағы ақ қарасаң,Дәрiгер емес, бiрақ ол.Дәм мәзiрiн қаласаң,Алға ұсынып тұрады ол.(Аспаз)Дабылға тез жететін,Жалынға сүңгіп кететін.Қақалса да түтiнге,Тайсалмайтын батыл кiм,Жасқанбайтын батыр кiм?(Өрт сөндiрушi)Өскен шашты жаратпайтын,Қайшысы бар жалақтайтын.(Шаштараз)
Үй тапсырмасы Жұмыстарын аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Баскиімдер жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Білімділік: оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру.Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: оқушылардың сабақ барысында халықтың өнерін, салт - дәстүрді бағалай білуге, шеберлікке тәрбиелеу.Сабақтың типі: ашық сабақСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсетуСабақ көрнекілігі: слайд, ұлттық киімдердің суреттері, түрлері
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын - сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу). Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.
Мағынаны тану
Бас киімҚазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр баса. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, мұрақ(айырқалпақ). Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аһ ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір белек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.Тымақ — қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай киізден құралып, шошақ болып келеді.Бөрік - қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және жас төлдің етірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді, етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке - жеке сайларды біріне - бірін өбістіріп ішінен де, сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа, т. б.) тыстайды. Бөріктің іші қанша сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарланып тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді.Тақия - ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.Айыр қалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады). Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі. Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді. Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді. Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр - қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүрСәукеле - әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлері киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін.Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әдетте кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс - жайын, тіпті жүріс - тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан - алуан. Олар көбіне рулық - тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, ағыл, ақық, шырымтал, меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, алеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою - орнексіз болмаған. Кимешектің егде және қартаң тартқан әйелдер киетін қарапайым түрлерін шылауыш, күндік деп атайды. Аса қарт бәйбішелер шалма да киетін.Әйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы — ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжүзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Бас киімді қағаздан жасап үйренейік
11383946561100
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Сәукеле тігу
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Баскиім түрлерімен танысу оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының салт- дәстүрін басқа ұлыттар арасында кеңінен таратып дәріптеу.
Білімділік: сәукеле тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру.
Дамытушылық:сәукеленің тігу әдісін үйрету, өнерге қызығушыығын арттырып, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: әсемдікке баулу, өнерге, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу, информатика
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық
Көрнекіліктері: ұлттық баскиім түрлері ерлер, әйелдер баскиім буклеті, слайд.
Қажетті құралдар: сәукеле үлгісі шаблон, комьпютер, сантиметрлік таспа, мата, ою, қағаз бор, қайшы.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау I.Ұйымдастыру кезеңі: а. оқушылардың сабаққа көңілін аудару.
б. жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын тексеру.
в. Қауіпсіздік ережесі және санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау.
II. Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.
Матаның адам ағзасына экологиялық әсері дегенді қалай түсінуге болады?
Табиғи маталардың пайдасы неде?
Өлшемдер қалай алынады?
Синтетикалық бұйымдар адам ағзасына қандай әсерін тигізеді?
Әр ұлттың киімдерінде өзгешелік бар ма?
Қызығушылықты ояту
970728620100020716297620000
Мағынаны тану
(Слайд көрсетіліп мұғалім баяндап береді) Балалар бүгін біз сабақта сәукеле пішіп, тігуді үйренеміз. Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген.Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің өзіне сай экологиялық , эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата – аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған.Баскиімді екі түрге бөлген ерлер және әйелдер. Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ, тақия малақай, сәлде киеді. Әйелдер баскиімі – сәукеле, кәмшәт бөрік, қасаба, киімешек, шылауыш.
Тымақ - екі бөліктен тұрады, төбесі төрт сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы әрі сәнді аязда киеді.
Айырқалпақ – ақ кигізден немесе драптан өрнектер салынып тігіледі.
Бөрікті бала жігіттер, орта жастағы адамдар киген екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындалады. Әйелдер баскиімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма бар. Қасаба – тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.
Кимешекті – егде жастағы әйелдер киген, бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа жылылыққа жақсы.
Сәукелені – қалыңдықтар, жас келіншектер киген оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Қазақ халқымыз сәукелені күні бүгінге дейін қолданып келеміз. Сонғы кездері үйленген жас жұбайлар үйлену тойында қазақтың ұлттық киімін киетін болған.
Келін болып түскенде үйленгенде киетін сәукеленің тігу әдісімен танысамыз.
Сәукелені бірнеше жолмен 4,6,8 сай болдырып тігуге болады. Үстіңгі матасы және астары жеке – жеке пішіліп тігіледі де біріктіреді. Астарлық мата саржа, атлас, шытты пайдаланады. Слайттан дайын сәукеле үлгісін көрсетеміз.
АОВ үшбұрышын сызамыз, биіктігін сәукеленің басқа киетін өлшеміне негіздей өлшеп аламыз.
Ұшбұрыштың әр бір бұрышы АО=90, ОВ=90 болады. АВ бұрышын өз ара қосқанда О бұрышы өзі қабатталып қосылып тігіледі. Бұл бұрыштарын қосып тікпес бұрын сыртқы матасына өрнектер тігіп және астарлап дайындап аламыз.
Оқушылар дәптерлеріне белгілеп алады.
а. шаблон бойынша үлгіні үстінгі және астынғы бетін бастыру.
ә. сызық бойынша қию
б. ою - өрнектер тігу немесе жапсыру
в. жиегін біріктіру, төбесі бірге бірігеді
г. сәндік бұйым енгізу
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
IV. Сарамандық жұмыс.
1.Шаблон үлгіні пайдаланып сәкелені пішіу.
2. Пішілген сәукелеге дайын оюды жапсыру.
3. Астарын қосып тгу
4. Сәукелені біріктіріп тігу
5. Моншақтармен безендіріп, желегі мен үкісін қадау.
V. Оқушылардың жұмыстарына қарап сабақты бекіту мақсатында «сымбат» сөзжұмбағын шешу.
1. Қалыңдықтың баскиімі
2. Кигіз үй жабдығы
3. Кигіз үй жиһазы
4. Әйел киімі
5. Талшық түрі
6. Жан – жануарлар тектес ою - өрнек. .
С Ы М Б А Т Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Жасаған сәукеленің сапасын тексере отырып, өте жақсы жасаған жұмыстарды марапаттап, жетістіктері мен кемшіліктерін айтып, жалпы сабаққа қорытынды жасап оқушыларды бағалаймыз. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Киізден,матадан қуыршақ жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Ұлттық киім үлгісіндегі дайындау кезінде дайын қуыршақтың денесін алдым. Оған картон, қағаз, желім, арнайы түрлі-түсті мата, ленталар, әшекей оюлы тесмалар, өлшеуіш лентасы, қайшы, қалам, сызғыш, өшіргіш пайдаландым. Қуыршақтың шығу тарихы осыдан 7000 жыл бұрын дами бастаған екен. Оны ежелгі көшпенділер, ата-бабаларымыз киізден жасаған. Көшпенділер кезінде қолөнер мен сән өнері аса биік деңгейге көтерілген. Оны ғылымда мәдени тарихтың аталмыш кезеңін сақ, әуен, үйсін өнері деп атаған.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
19624378509000
Мағынаны тану
Бүгінгі сізге ұсынылып отырған жоба “Ұлттық киім үлгісіндегі қуыршақтарды дайындау” технологиясымен танысып, шаблондарын картон қағаздан даярлау үлгісі.1. Дайын қуыршақтың жоғарғы дене бөлігін басын, қолын аламыз2. Картон қағаздан сәукеленің үлгісін дайындау3. Картон қағаздан қуыршақтың етегін дайындау4. Картон қағаздан сандықшаның үлгісін дайындау5. Картон қағаздан сандықшаның түбінің үлгісін дайындау. Дайын шаблонды матамен үлгісін дайындау6. Қамзолдың үлгісі7. Қамзолдың жеңін лентамен желбіршектеп тігу8. Көйлектің етегі лентамен желбіршектеп тігу.9. Сандықшаның сыртқы беті лентамен желім арқылы қаптап желбіршектеп тігу.10. Сәукелені желім арқылы қаптау, үкі матамен бисер моншақ дайын ленталармен шашбау әшекейлеу11. Тоқыма жіппен өрім жасау. Дайын сәукеле үлгісі12. Дайындалған қуыршақтың үлгісі№ Керекті құрал-жабдықтары Бағасы Жалпы шығыны1. Мата қамзолына 100тг2. Мата денесіне 100тг3. Лента 500тг4. Үкі 250тг5. Тесма 90тг6. Тоқыма жіп 60тг7. Моншақ 30 1130
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
«Қолөнер» сөз жұмбағын шешу.1. Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі?2. Жеңсіз жеңіл киім?3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі бұйым?4. Жеті түрлі дәнді - дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас?5. Сурет салып тоқылған киім?6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек?7. Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс?
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қуыршақтың қамзолын үлгілеу және тігу
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушыларға киізден қуыршақ жасауды үйрету. Ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: қуыршақтар. Қажетті материалдар мен құралдар: киіз, таспа, мулине жібі, зер жіп, ПВА желімі, ине, жіп, қайшы, қатты қағаз.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Киіз – малдың жүнінен тығыз етіп басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Киізден сырт киім, байпақ, қоржын мен дорба тігеді. Сондай-ақ киізден өзге де тұрмыс тіршілікке қажетті бұйымдарды дайындауға болады. Ал біз киізден қуыршақ жасап үйренейік.
Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
1.Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша қатырма қағаздан қуыршақтың кеудесі, бас киімі, жеңі және бетінің қалып үлгісін дайындап аламыз. Киіз бетіне қалып үлгілерді қойып, белгі саламыз. Жиегінен тігіске 0,7см қалдырып, қуыршақ бөліктерін қиып аламыз.
2. Қуыршақтың кеудесін жасайтын бөлікті конус тәрізді пішінге келтіріп бүктеп, теріс бетінен тігеміз.
3.Екі жеңін де конус тәрізді пішінге келтіріп тігіп, кеудесінің екі жақ шетіне жалғап, біріктіреміз.
4.Қуыршақ бетін жасауға арналған бөлікке қарындашпен көз, қас, мұрыны мен ернінің орындарын белгілеп алып, қасы мен көзін, мұрнын қара жіппен, ал ернін қызыл жіппен тігеміз.
5.Бас киіміне маңдай бөлігін жалғап тігіп, оны түрлі ұсақ моншақтармен әшекейлеп, дайындап қоямыз.
6.Қуыршақтың кеуде бөлігіне, жеңіне сәнді таспаны айналдыра жапсырамыз.
7.Ал бұрымын жасау үшін мулине жібін өреміз. Оны қуыршақтың басына бекітіп, бас киімін кигіземіз.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Киізден тағы қандай бұйым жасауға болады?
Қуыршақ жасауда қандай қол тігістерін қолдандың?
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Тұрмыстық ыдыс-аяқтар туралы мәлімет
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушыларға ыдыс-аяқ туралы түсінік бере отырып, қағаздан ыдыс-аяқ жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: суреттер, қағаздан жасалған ыдыс. Қажетті материалдар мен құралдар: 50 мл су, 2 ас қасық ұн, қағаз немесе газет, өзіңе ұнаған кез келген ыдыс, қайшы.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Ыдыстардың металдан, қыштан, шыны, пластмассадан жасалған түрлері бар. Металл ыдыстар шойыннан, алюминийден, жезден, т.б. жасалынады. Алюминий ыдыстар ыстыққа өте төзімді әрі онда пісірілген тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмайды. Темір ыдыстар, жезден жасалған ыдыстар, шойын ыдыстар, фарфор ыдыстар, шыны ыдыстар, пластмасса ыдыстар болады. Папье-маше – қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалған қатты нығыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағынаны білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Папье-машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады. Ал біз ыдыс жасаймыз.
Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
1.Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз.
2.50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз.
3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып, ыдысқа қажет газет қиындылары жабысып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.
4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз.
5.Осылайша 4-5 рет қабаттап, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.
6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз.
7.Дайын кесеге ою-өрнекті түсті қағаздан қиып алып желімдейміз, немесе акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып безендіреміз.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Металл ыдыстың қандай түрлерін білесің?
Тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмас үшін қандай ыдыстарды пайдаланған дұрыс?
Папье-машеден тағы қандай бұйымдар жасалынады?
Ыдыстарды қалай безендіруге болады?
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Фольгадан әшекей бұйымдар жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Білімділік Фольга материалы туралы түсінік беру қапсырма жасаудың мақсаты: үлгісімен таныстыру, оның жасалу жолын үйрету.Дамытушылық Оқушылардың еңбекке деген қабілеттерін ұштай отырып, мақсаты: фольга материалынан әшекей бұйымдар жасауға қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік Қолдан жасау еңбегіне ынталандыру, өз қолымен жасай білуге мақсаты: үйрету, еңбекке баулу арқылы эстетикалық тәлім - тәрбие беру.Сабақ түрі: Аралас сабақ.Әдіс: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.Көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, қолдан жасалған қапсырма түрлері.Құрал - жабдықтар: Қатты қағаз, қайшы, фольга, қарындаш.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
1. Фольга дегеніміз не?2. Фольганың қандай түрлері болады?3. Фольга материалын қайдан аламыз?“Зергер адам - зерделі адам”Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән - мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны - зергерлік өнер. Әр түрлі туындыларын зерттей келе, оның өте күрделі, қиын да қызығы мол екеніне көз жеткізуге болады. Қас шебердің қолынан шыққан қару - жапақ, ер - тұрман, ат әбзелдері, тұрмыста тұтынатын әртүрлі мүліктер мен сәндік әшекей бұйымдар шынайы өнер туындысы. Қазақ зергерлері әсіресе, әйелдердің әшекей сәнді бұйымдарын асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген.Ассоциация әдісі.сақина білезік ілгек жүзікӘшекейлі бұйымдар түрлерісырға қапсырма алқа шолпы
Мағынаны тану
Темір ұсталарына қарағанда зергерлердің тұтынатын құрал - сайманы да атқаратын қызметі де әдіс - тәсілдері де көбірек болған. Темір ұстасы сияқты зергерлер де дүкенде жұмыс істейді. Олардың саймандарының көлемі темір ұстаныкіне қарағанда әлдеқайда шағын әрі жеңіл, ықшамды болған.Зергерлер құрал - саймандары түрлері.Зергерлік бұйымдардың ішінде, қыз - келіншектерге арналған білезік, сырға, сақина, шашбау, шолпы, қапсырмалардың орны бөлек. Кез - келген зергерлік бұйымның бетіне әр түрлі тастар орнатылып, ою - өрнектер салса, оның әсемдігі арта түседі. Зергерлік бұйымдарды әсемдеу үшін қолданылатын тастардың түрлері де көп. Олар: гауһар, маржан, інжу, меруерт.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Өзіндік жұмыс:Бүгінгі сабақта қатырма қағаз бен фольгадан қапсырма жасаймыз. Қапсырма қыз - келіншектер киімінің екі өңірін қаусырып, іліп тұратын ілгек. Оған әр алуан әшекей тастар салынады.Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.Жұмыстың орындалу реті:2 - суретте көрсетілген қапсырманың қалып үлгісін жасап, қатырма қағазға түсіреміз де қиып аламыз.Қалып үлгіні фольганың бетіне қойып, жан - жағын сызамыз. Бүктеу үшін 1см - дей артықтау алып, оны қиып аламыз.Қатырма қағаздан жасалған қапсырманы фольгамен қаптап, жиектерін тегістеп бүктейміз.Қапсырманың бетіне қарындашпен әр түрлі өрнектерді ойып саламыз.
Жаңа сабақты бекіту:1. Әшекей бұйымдарды ата?2. Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?3. Қапсырманы кімдер тағады, не үшін тағады?
Үй тапсырмасы Мағынаны тану Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қағаздан кілем-сырмақ жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, қазақтың қолөнер бұйымдары туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.Бұйымды жаңа дизайнүлгіде көрсету. Қоржынды пішу, тігу әдісін үйрету, өнерге қызығушылығын дамыту. Оқушылардың ой-өрісін елестету қабілеттерін дамыту. 
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
704582575800 Алғашқы сырмақ пішінінің қалыптасуына қазақ елінің ежелгі тұрмысында кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған. Мысалы, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады.
Мағынаны тану
Сырмақ – халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы. Сырмақты мал шаруашылығымен шұғылданатын аудандардағы күллі қазақ шаңырағы дәстүрлі жиһаз ретінде күні бүгінге дейін жасап, пайдаланып отыр.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма
1-топ
«Сырмақ» қағаздан жасау
2-топ
Сырмақ туралы мәліметтерді жинақтау
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қазақтың музыкалық аспаптары туралы түсінік
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет, видео, слайд.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі тәрбие сағатында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың түрлерімен, ойнау әдісі мен жасалу жолымен танысамыз.- Оқушылар қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?- Домбыра аспабының құрылысын кім айтып бере алады?- Күй дегеніміз не?- Күйші дегеніміз кім?- Күйшілерді айтып беріңдерші?
Мағынаны тану
Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен.
Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады.Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған.
Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны»)
Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.
Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады. 
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Тартылған екі арқаны ұзын бойға,Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.Әр жерде аршындалған балдағы бар,Ойнайды он бармағың білсе қайла. (домбыра)Созылған үні,Сүйкімді тілі.Үрлесең ойнайтын,Аспаптың бірі. (сыбызғы)Тиіп кетсе жылаған,Даусы көпке ұнаған. (домбыра)Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,Азынаса көмейінде мал жылайды.Құйрығын қара жерге тіреп алып,Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,Мойыны жануардың бунақ - бунақ.Айылын екі жерден мықтап тартып,Кетеді қамшы бассаң зулап - зулап. (домбыра)Ел қорғайтын ерлікке,Батылдыққа ерлікке.Әуенімен шақырған,Қандай аспап балалар. (дабыл)Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,Сылдырап әр буыны үнін қосқан.Он адам жолдас болып еңбек етсе,Аралап он екі үйге қонақ болған. (домбыра)Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,Әуезінен жеті тарау мұң шығар.Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,Бұл қандай аспап? (жетіген)Қос желі, үш жерінен қазығы бар,Құбылған қоңыр желден азығы бар.Желіні сабалайды дыңылдатып,Байғұстың соншама не жазығы бар. (домбыра)
Үй тапсырмасы Музыкалық аспаптар жасау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Киіз үйдің үлгісін жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Қазақ халқының баспанасы - киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беру, жүйелі түрде өз пікірін айта білу.
Киіз үйдің құрылысын оқушыларға әр түрлі материалдардан жасауға бағыт бағдар беру арқылы шығармашылығын қалыптастыру.
Эстетикалық талғамын қалыптастыру, Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, кеспе қағаздар.
Көрнекіліктер: Слайд, компьютерлер, проектор,түрлі суреттер, кеспе қағаз.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
            Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. Өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аламыз.
Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамыз
Осы сәтте киіз үйге байланысты 4-5 минуттық видео көріп тамашалаңыздар. Осы видеоны қарап болған соң өткен сабағымызды еске түсіріп, екі топқа бөлініп, тапсырмаларды деңгейлеп, оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлерін анықтаймыз.
Мағынаны тану
            Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.
            Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін қабаттап киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.
         Киіз үйді қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген. Киіз үй бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.
АҚ БОСАҒА.
            Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шекара – ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз.
ОТБАСЫ – ОШАҚ ҚАСЫ.
            Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.
ТӨР.        Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.
 ӘЙЕЛДЕР ЖАҚ:
            Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді. Сондай-ақ, сол қанатта өзіндік шешімі бар ағаш төсек тұрады.
ЕРЛЕР ЖАҚ
            Ер адам жағында (оң жақ) босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, өмір жолының маңызды кезеңдерін белгілейтін әдет-ғұрыптар кезінде, атап айтқанда, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты шараларды сакральды мәнге ие бола түсті.
Мәтінді қалай меңгергендерін тексеру.
1. Төрге кімдер отырады?
2. Киіз үйдің сол жағы кімге арналады?
3. Ерлер жағында нелер тұрады?
4. Үйдің ортасында не тұрады?
Пракикалық жұмыс Киіз үйдің шаңырағын жасау үшін жуандығы 2-3 мм,ұзындығы 50 мм сымтемірді шеңбер пішініне келтіріп, майыстырамыз. Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша шаңырақтың күлдіреуіштерін жасаймыз. Ол үшін қалыңдығы 2 мм болатын алты сымтемірді шеңберге дөңестеу етіп бекітеміз. Күлдіреуіштердің бір-бірінен арақашықтығы 5 мм болуы тиіс. Киіз үйдің керегесін жасау үшін сымтемірден диаметрі 100 мм болатын екі шеңбер құрастырамыз. Дайын болған кереге бөліктерін бір-біріне биіктігі 40 мм сымтемірмен бекітіп, құрастырамыз. Одан кейін киіз үй есігінің орнын белгілейміз. Ол үшін екі сымтемірді бір-бірінен 20 мм арақашықтықта бекітеміз. Одан кейін керегелерді байлаймыз. Олардың бір-бірінен арақашықтығы 5-7 мм шамасында болуы керек. Керегелердің табанымен арасындағы бұрыш 45 градусқа тең. Енді киіз үйдің уықтарын бекітеміз. Шаңырақ пен керегенің аралығы 40 мм болуы керек.
Ой толғаныс
 ІV.  «Сандықша ойыны»
Тақтаға қағаздан жасалған сандықтар ілінеді. Сол сандықтағы сұрақтарға жауап беру.
V. Тапсырма.
Мына сөздерге ұйқастырып сөйлем құрастыр:
Киіз үйге, баспанаға, шаңырақты, алтын орданы, керегенің, ақ отауға, ою-өрнекпен, киізді.
VІ. Шығармашылық тапсырма: Егер мен киіз үйде тұрсам!
Үй тапсырмасы Киіз үй жасау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Былғарыдан әшекей бұйым жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушыларға былғары, одан жасалатын бұйымдар туралы түсінік беру, былғарыдан шашақ жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақӘдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі: былғарыдан жасалған шашақ. Қажетті материалдар мен құралдар: былғары, қайшы, сызғыш, қарындаш, жіп.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Былғары теріні өңдеу арқылы алынады. Былғары жұмсақ, төзімді, қандай да бір бұйым жасауға ыңғайлы әрі таптырмайтын материал. Былғарыдан аяқ киім, сырт киім, сөмке және әр түрлі сәнді, әшекейлі бұйымдар жасайды. Сондай бұйымдардың бірі – шашақты былғарыдан жасау жеңіл де қарапайым болып келеді.
Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
1.Шашақ жасайтын былғарының қатпарларын тегістеп жазып, суретте көрсетілгендей көлденең сызық жүргіземіз.
2.Қарындашпен көлденең сызыққа дейін тігінен белгі саламыз.Сонан кейін белгі ізімен қиямыз.
3.Тарамдалған былғары шашақты ширатып ораймыз.
4.Оралған шашақ дайындамасының жоғарғы жағына қосымша жіпті мықтап байлап, ілмек жасаймыз.
5.Ілмекке жіп өткіземіз де, дайын шашақты кез келген бұйымды әшекейлеу үшін пайдаланамыз.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Былғары қандай материал?
Одан қандай бұйымдар жасауға болады?
Былғарыдан жасалған шашақпен қандай бұйымды әшекейлеуге болады?
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Моншақтан әшекей мен бұйымдар жасау (қалта телефонының қабы,сөмке)
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып,білімін жүйелеу.Білімділік: Оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білуге үйрету.Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, ой - өрісін кеңейту.Сабақтың түрі: Аралас сабақ, Сарамандық жұмыс,Көрнекіліктер: Моншақ түрлері, Моншақ кітабы.Керекті құрал - жабдықтар: Домалақ моншақ, бисер, ине
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Моншақ деген сөздің өзі ірі моншақтарға берілген жалпы түсінік.Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін түсінік.Стеклярус – ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес су моншақ түрі.Моншақ сөзінің шығуы “Мойын - шақ” немесе“Мойын - тақ” деген сөздерден құралған.Қазақ зергерлері көбінесе қыз келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды - былқылдақ сәукеленің екі жағына кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды - жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасалған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосып әшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.Моншақтың түрлері: домалақ, сопақша, таяқша,Моншақты неден жасайды?Шыны, керамика, хрусталь, металлМоншақты қандай бұйымдарға қолданады. Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау«Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажетті заттар: себетке – қоңыр түс, гүлдерге – көк немесе сары түсті моншақтар қажет. Суретте берілгендей себет тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, сұлба бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллель тоқу техникасы – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.758878025100
Мағынаны тану
Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.1. Бисер дегеніміз не?2. моншақ дегеніміз не?3. Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар?4. Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Сымнан тұмар жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, алған білімін өз бетінше қолдана білуін, көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық белсенділігін дамыту.Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу, эстетикалық талғамын арттыру, бұйымды әсем безендіре білуге, ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: аралас, сарамандықПәнаралық байланыс; бейнелеу өнері, математика, сызу, тарих, қазақ тілі.Құрал - жабдықтар: қайшы, ине, картон, циркуль, қарындаш, жіп мулине, өшіргіш..Көрнекіліктер: үлгілер, схемалар, буклет, нұсқаукартасы, жіппен бейнеленген картиналар
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.Әр топқа үлестірмелі нұсқау карталарын тарату.Жұмыс бастамас бұрын оқушылармен еңбек қауіпсіздігі ережелерін.(инемен, қайшымен жұмыс) қайталау.Жіппен бейнелеу.Кесте тігу - халық өнерінің бір түрі. Ол ерте кезден белгілі. Оны киімді, үй жиһаздарын әсемдеу үшін пайдаланған. Әр халықтың өзіне тән ою - өрнек түрлері, кестелеу тәсілдері, өзіндік мәнерлеу ерекшеліктері қалыптасқан. Әдетте қарапайым маталар мен жіптерден иненің көмегімен әсем бұйымдар жасалады.Кестені қатырма қағаз бетінде орындауға болады. Ол үшін қағаз бетіне инемен тесіктер тесіп, ине жіпті сол тесіктерден өткізу арқылы өрнек шығаруға болады. Мұндай қарапайым, әсем бұйымды - жіппен бейнелеу «изонить» деп атайды. Ол қымбат материалдарды қажет етпейді. Оған тек қатырма қағаз бен жіпті ғана қолданады.Жіппен бейнелеуді орындаудың принципі өте қарапайым.Оны шеңбер және бұрыш толтыру арқылы орындайды. Әр түрлі әсемдік бұйымдарын жасап шығаруға болады.Жіппен бейнелеу техникасымен құттықтау ашық хат, кітаптың мұқабасын безендіруге және әр түрлі панно жасауға болады. Панно - қоғамдық мәдени орындарды, үй ішін көркемдеу үшін жасалатын өнер туындысы.
Мағынаны тану
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
624004555000Тұмар – халқымыздың ұғымында киелі мағынаға ие болған құнды дүние.
Сан ықылым заман бұрын, қағаз жоқ, тауар хат кезеңде сауда-саттық жасап алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып үшбұрышты етіп тігілген қалташыққа туған жердің топырағын толтырып алып шығатын болған. Соны тұмар деп атаған. Туған жерге деген шексіз құрметтің, перзенттік парыздың белгісі болса керек бұл.
Аты аңызға айналған, бүкіл әлемге мәшһүр ғалым, ғұлама әл-Фараби туралы халық аузында сақталған мынадай бір әңгіме бар. Ұлы ұстаз қартайған шағында бір топ шәкірттерінің басын қосып: «Сендерге аманатым бар, егер құпиясын сақтап, шартын орындасаңдар айтамын»,– дейді. «Аманатқа қиянат жасауға болмайды, айтқаныңызды орындаймыз»,– деп шәкірттері уәде береді. Сонда ұстаз оларға көннен тігілген тұмарды ұсынып, қабірінің басында ғана ашуды өтінеді.
Арада көп уақыт өтпей-ақ ұлы ұстаз дүниеден өтеді. Марқұмды арулап, жерлеу рәсімі кезінде уәде бойынша әлгі тұмарды ашып қараса, ішінен тілдей қағаз шығады. Қағазда: «Бұл туған жерім – Отырардың топырағы еді. қабіріме осыны салыңдар»,– деп жазған екен. Өтініші үлкен тебіреніспен орындалады. Данышпанның аты данышпан, өмірден өтіп жатып та туған жердің қасиетін кейінгілерге ұқтырып кетіпті.

Үй тапсырмасы Тұмар жасау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Қатырма қағаздан тұрмыстық бұйымдар құру (сандық,кебеже)
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы 1. Қазақ халқының ұлттық бұйымдары жайлы түсінік беру. Киіз үй жиһаздары асадал мен кебеженің пайдасы жайлы білімді қалыптастыру.2. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ой өрісін ойын элементтері арқылы дамыту.3. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру, патриоттық тәрбие беру.Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгертуСабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қорытындылауСабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
1. Жүкаяқ қанша бөліктен тұрады?Жауабы: Алдыңғы және жақтау ағаш, төрт аяғы, екі жақтау ағашты біріктіріп тұратын 4 - 5 шабақ ағаш және тіреуіштер.2. Сандықтың неше түрі бар?Жауабы: Абажа, әбдіре, қобдиша3. Жүкаяқ қанша түрлерге бөлінеді?Жауабы: Жасалу тәсіліне қарай жүкаяқ қайқы бас және үсті тегіс болып екі түрге бөлінеді.4. Жүкаяқты қандай мақсатта қолданады?Жауабы: Қайқы бас жүкаяққа төсек - орын жинайды. Үсті тегіс жүкаяқты сандық қоюға пайдаланады.5. Шеберлер жүкаяқ бетін қалай әшекейлейді?Жауабы: Жүкаяқтың алдыңғы бетін майлы бояумен сырлап, оюмен өрнектелген сүйекпен әшекейлейді.6. Адалбақан дегеніміз не?Жауабы: Киімдерді, жеңіл бұйымдарды іліп қоятын жабдық. Ол киіз үйде құру кезінде шаңырақты көтеріп тұру қызметін де атқарады.
Мағынаны тану
143446598425001402817970600 Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.Мал шаруашылығымен айналысып көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең кереметі киіз үй көшіп жүруге ыңғайлы әрі жеңіл. Оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгереді.- Бүгінгі сабағымызда дұрыс жауап берген оқушыларды осы киіз үймен бағалайтын боламыз. - Ал енді балалар «Ойлан тап!» ойыны бойынша ребусты шешіп көрейікЖаңа сабақ: (теориялық мәлімет, ауызекі түсіндіру)Кебеже – бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді дақылдарды, тағы басқа да азық - түлік түрлерін салып қою үшін арнайы жасалған сандық. Кебежеде салмақты заттар сақталатын болғандықтан, оны қалың тақтайдан мықты етіп жасайды. Кебеженің сырт пішіні сандық сияқты болғанымен, жасалу тәсілі өзгеше. Кебеже аяқтары оның қабырғаларын, қақпағын, түбін біріктіріп тұратын негізгі арқау сияқты жасалады.Кебеже қақпағы жартылай ашылады. Қақпақтың ашылмайтын бөлігі кебеже жақтауларына шегемен бекітіледі. Ал ашылатын бөлігі былғары таспамен немесе топсалармен екінші бөлігіне жалғасады. Шеберлер кебеженің бетін бедерлеп ойып, өрнектер салады, майлы бояумен әшекейлейді, өрнектелген сүйекпен жапсырмалайды. Ол өрнектер жан - жануарлар, өсімдік, геометриялық денелер бейнесіне ұқсас келеді.Кебеже бетін өрнектелген сүйекпен жапсырмалағанда көбіне «жыланкөз», «сынық сызық», «қос белбеу» сияқты өрнектерді пайдаланады.«Асадал» - асың адал болсын деген сөз. Оған ыдыс – аяқтар сақтайды. Асадал мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады. Ол сәнді болу үшін шебер оның бетін әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды.Қазіргі заманда ыдыс – аяқ қоюға арналған жиһаздардың сан алуан түрі бар. Олар шыны, темір таспа, пластмасса таспа сияқты тегіс, жылтыр заттармен безендіріледі.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1. Асадалмен кебеженің тұрмыста атқаратын қызметі қандай?АсадалКебеже2. Кебеженің сандықтан қандай айырмашылығы бар?
Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Өздік жұмыс. Моншақ пен матадан аппликация
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Оқушыларға ұсақ моншақтардан панно жасатып үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: моншақтардан жасалған әр түрлі бұйымдар.
Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті ұсақ моншақтар, көбелек, жапырақ, жұлдызша бейнелі пайеткалар, қатты қағаз, қарындаш, ПВА желімі, ағылшын түйреуіші.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту Ұсақ моншақтарды алқа, сырғалар жасап, әр түрлі киімдерді безендіруге қолданады. Сондай-ақ өзімізге ұнайтын кез келген суретті алып, панно жасауға болады.
Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
1.Ең алдымен қатты қағаз бетіне қарындашпен себеттегі гүлдің суретін саламыз.
2.Суреттің бетіне қылқаламмен жіңішкелеп желім жағып, кеппей тұрып үстіне ұсақ моншақтарды жапсырамыз. Себетті аяқтаған соң, гүлдерді безендіреміз.
3. Гүл мен себетті безендіріп болғаннан кейін панноға көбелек, жұлдызша, жапырақ бейнелі пайеткаларды жапсырамыз.
4.Дайын панноға жақтау жасап, оны әшекейлейміз.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Өздерің қандай гүлді ұнатасыңдар?
Желімді не үшін жіңішкелеп жағамыз?
Үй тапсырмасы Моншақ жасау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Еңбек Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Шығармашылық жұмыс Көрме Мата мен моншақтардан аппликация жасау.
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: Мата мен моншақтардан аппликация жасауды үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: мата мен моншақтардан жасалған әр түрлі аппликациялар.
Қажетті материалдар мен құралдар: әр түрлі мата қиындылары, жіп, моншақ, таспа, ПВА желімі.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Аппликация – негізтүске әр алуан бөлшектерді желімдеу немесе тігу арқылы орындалатын өрнек не сурет. Негізтүс үшін көбінесе қатты материал таңдап алынады. Сонымен қатар негізтүс пен оған желімделетін бөлшектердің түсі бір-бірімен үйлесімді болу керектігін ұмытпау керек.
Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесін және тазалық ережесін сақтау.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Аппликация дегеніміз не?
Аппликация жасау үшін тағы қандай материалдарды қолдануға болады?
Жасаған аппликацияларыңа қандай атау берер едіңдер?
Үй тапсырмасы Көрме ұйымдастыруКүнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс