Саба?ты? та?ырыбы ??стар айтысы (?нді ертегісі)


ІІІ тоқсан 10.02.2016 3-күн 1-сабақ
Сабақтың тақырыбы Құстар айтысы (Үнді ертегісі)
Ресурстар Оқулық, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың міндеті Сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту.
Сабақтың мақсаты Оқушылар достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп оқу дағдысы қалыптасады, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйренеді; сөздік қорлары дамып, оқу дағдылары жетіледі.
Күтілетін нәтиже Оқушы сабақтың соңында:
Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді;
Өз ойын еркін жеткізе біледі;
Шығармашылық қабілеті дамиды;
Логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Негізгі идеялар Сын тұрғысынан ойлауы артады. Өз бетімен білімді меңгереді.
Пән аралық байланыс Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақта қолданыла-тын материалдар: 1.А-3, А-4 парақтары 2.Стикерлер 3.Желім 4.Оқулық 5. Маркерлер, қарындаштар.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер, СТО, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды анықтау.
Дерек көздері: 3 - сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы
Тапсырмалар 1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқу
тапсырмалар
Кейінгі тапсырма Мәтінді әңгімелеу.
Рефлексия Стикер арқылы кері байланыс жүргізу
Бағалау Жинақтаушы бағалау
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты(мин)
Ұйымдастыру Психологиялық дайындық
Тату-тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз,
Жақсы оқимыз сабақты.
Оқушыларды құстардың аттарымен топтарға бөлу
I топ «Қарға»
II топ «Торғай»
III топ «Көгершін»
IV топ “Бізтұмсық” Оқушыларды құстардың
аттарымен топтарға бөлу
2
Тұсаукесер
Өткенді қорыту:
Мақсат қою
кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Әке тәлімі»
1.Бекмұхамедтің өнері қандай?
Әнді не екен деді. (сурет)
2. Әкесі мен Ермек қайда барды?
Ермек іштей не ойлады? «Көрінбейтін нәрсені қалай елестетуге болады?
3.Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген  кім? Ұға білсең ән де кәдімгі не екен деді? Халқымыз ер жүрек батырларын қыранға, сұлуларын аққуға
Әншілерін бұлбұлға теңеген.
ІІІ. «Ой қозғау» әдісі
Ойын: «Кім жылдам?»
Жыртқыш құс (қыран)
Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)
Қонақ шақыратын құс(сауысқан)
Құстардың үйі (Ұя)
Орман дәрігері(тоқылдақ)
Қыстап қалатын құс (қарға)
-Жарайсыңдар, балалар.
2.Тақтаға —   қарға,торғай,кептер суреттері ілінеді. Құстар суреті
-Өзіміз болжап көрейікші,бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
-Құстар туралы.
-Неліктен?Тағы не болуы мүмкін?/Құстар туралы ертегі болуы мүмкін/
Біздің елде құстардың 489 түрі мекендейді, олар далалы , шөлді, орманды,таулы,сулы жерлерде болады. 80%-ті  ағашты зиянкестерден қорғайды . Тапсырманы топпен бірге орындайды.
Сұрақ-жауап
Әр топ берілген тапсырманы топпен бірге орындайды.
Берілген сұрақтарға толық жауап бере біледі.
Дәптерімізді ашамыз,Салақтықтан қашамызКөркем етіп жазамыз.(күннің жадын, тақырыпты жаздыру)
Оқушылар түсінік алады.
Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.
Құстар суреті
Өз ойларын айтады.
Құстар туралы ертегі 5
Негізгі бөлім ІV.Мағынаны тану.
-Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады.
Олай болса, бүгін құстар айтысы атты үнді ертегісімен танысамыз.
1.Картамен жұмыс . Үнді мемлекетін көрсету.
 Үндістанның астанасы - Дели қаласы. (картадан көрсету)
2.Үнді сөзімен байланысты өмірде не бар ?Ертегі деген не?
5.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді бөліктерге бөліп беру.Ойын: «Біреуі үйде қалғаны қонақта»Танысқан бөлімдерге ат қойыу.
1.Құстар мен құсбегі
3.Тордағы құстар
3.Таласқан құстар
4.Ала ауыздық
6.Сөздік жұмыс.
Жанжал - ұрыс, керіс.Құсбегі – құс өсіруші, баптаушы.
Сергіту сәті
7. Салыстыру.- Сонымен бұл ертегідегі негізгі ой ынтымақ пен ала ауыздық екен.- Олай болса, салыстырайық.                           Ынтымақ -Алауыздық                           Бірлік -Келіспеушілік                           Сенімділік -Сенімсіздік
Сергіту сәті Үнді  шайы, үнді биі,  үнді  киносы.
Ертегі – адамның қиялынан  туған  ой  жүйріктігінен  пайда болған  шығарма.  Ертегілер қиял- ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
1.Құстар мен құсбегі
3.Тордағы құстар
3.Таласқан құстар
4.Ала ауыздық
Дәптер мен жұмыс
Жанжал - ұрыс, керіс.Құсбегі – құс өсіруші, баптаушы.
Ынтымақ -Алауыздық                           Бірлік -Келіспеушілік                           Сенімділік -Сенімсіздік 5
Тапсырма
Қорытынды
9.Топтық жұмыс. «РАФТ»Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақ-жауап
  І топ: Құстар тордан қалай құтылмақ болды?
ІІ топ: Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді?
ІІІ топ: Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады?
4 топ: Құс аулаушы торды не істеді?
- Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?- Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін.- Базарға сатып, ақша алуы мүмкін.- Асырауы мүмкін.- Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады? (жан - жануарлар)
Топтық жұмыс.
І топ Ертегіні “Ынтымақ”, “Ала ауыздық” деген бөліктерге бөліп оқу.
ІІ топ Мәтінді сахналау (Қарға мен көгершінің айтысы)
ІІІ топ «Көгершінге» сипаттама бер.
IV топ «Ыстық орындық» ойыны.«Құстар» туралы эссе жазу.
ІV. Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлау. «Т» кестесімен жұмыс.Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру. Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім.
Оқушылар жазған тапсырмаларын әр топтан екі оқушы оқиды.
ҚұстарТорға түстіӘр түрлі болдыАқылдастыҚанаттарын бірге қақтыТормен бірге ұштыАйтыстыЖанжалдастыОсы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?
Осы ертегіні оқу барысында қандай көркем сөздер қолданылған? Ынтымақ, алауыздық, енжарлық – осы сөздердің мәндес сөздерін төрт топқа тапқызу.10. Құстарға көмек ( Ойын ) Тапсырмаларды орындау.
1.Келеді көп құс ұшып
Кептер , аққу , қосшымшық
Сауысқан , қарға , торғайда
Ұшып жүр осы тоғайда
Қанша құс бар қосып шық. ( 7 )  
2.Төменде үш қаз ұшады
Үшеуі бұлтты құшады
Өзеннен көрдік екеуін
Айтшы қаз нешеу екенін. ( 8 )
3. «Құстар» қай сөз табы, сұрақ қой , дыбыстық талдау жаса.
1 1.Қызықты мағлұматтар.
Ең кішкентай  құс- колибри
Ең үлкен  құс- түйеқұс
Ең алып  құс-самұрық
Ең жүзгіш  құс- пингвин
Ең қырағы  құс- сұңқар
Топтық тапсырманы орындайды. Топтағы оқушылар толық қатысады.
Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін.- Базарға сатып, ақша алуы мүмкін.- Асырауы мүмкін.Ертегі жан – жануарлар ертегісіне жатады.
Бұл сөздер ертегінің басында
«Ынтымақ»,
ортасында
«Алауыздық»
Кездеседі.
Көрініс көрсету.1оқушы қарға, 1 оқушы көгершін болады.
«Ыстық орындық» ойыны.«Құстар» туралы жазған шағын шығармаларын оқиды.
«Т» кестесімен жұмыс.Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жазады.
Тақырып бойынша өз ойын айта алады.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».«Бірлік болмай, тірлік болмас».Ынтымақты ел озар.
Құстарға көмек ( Ойын ) Тапсырмаларды орындайды.
1.Жеті құс,2.сегіз құс. Рефлексия Бағалау бетшесі арқылы бағалау. Стикерге өтілген сабақ туралы пікірлерін жаздыртып кері байланыс жасау. Стикерге өтілген сабақ туралы пікірлерін жазады. Бағаларынкүнделіктеріне қойдыру. 5
Үй тапсырмасы 1.Ертегінің    мазмұнын әңгімелеу.Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алу. 2