Жаратылыстану п?нінен саба? Адамны? дене м?шелері


Пән: жаратылыстану
Күні:  Метеп: М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені
Мұғалім: Кажалаева Актоты Ержановна
Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері
Сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттар: 1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;
Күтілетін нәтижелер Барлық оқушылар орындай алады:
Суреттердің көмегімен дене мүшелерін атайды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Дене мүшелерінің атқаратын қызметін білетін болады.
Тілдік мақсат Бас – голова - head Қол – рука – hand
Мойын – шея- neck Аяқ – нога – leg
Адамның дене мүшелері – parts of body
Алдыңғы оқу Оқушылар өткен тақырыпты қалай түсінгенін білу мақсатында «Ыстық орындық» әдісі ұйымдастырылады.
Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге!
Оқушылар шаттық шеңберіне
тұрып, доп лақтыру арқылы бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілектерін айтады.
Оқушыларға адамның жас
ерекшеліктеріне байланысты суреттелген карточкаларды беру арқылы топқа бөлу. Доп
Карточкалық
суреттер
Сабақтың ортасы
Сабақтың тақырыбына шығу
мақсатында ойын ойнатамын: іс-әрекетті оқушыларға айтамын, оқушылар осы іс-әрекеттерді қимылмен көрсетеді, (мысалы, қолдарыңды былғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, бір жақтан екінші жаққа иілу, үстел үстінен кез келген затты алу т.б.)
Қай дене бөліктері оны істей алады?
Адамдардың жалпы сыртқы
ерекшеліктерін (дене мүшелерін) атап шығады-бұл сөздерді топпен постерге салады. Орындаған жұмыстарын қарап талқылайды, дене мүшелерінің ортақ сипаттары туралы бір пікірге келіп (бас, қол, аяқ, табан, дене, т.б.) басқа топтардың алдыңда қорғайды.
Қалыптастырушы бағалау- дене мүшелерін таниды және атай алады
Адамдардың дене мүшелерін анықтайды;
Дене мүшелерінің ерекшеліктері жайында талқылайды;
Адамның дене мүшелерінің суреттерін салып, атауларын жазады.
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Беске бесті қосамыз.
Оқулықпен жұмыс
Сұлбалар.
Суретке назар аударыңыз
-Қай суретте Эвриканың бейнесі салынған?
-Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма?
(билейді, бокспен шұғылданады, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр)
-Бұған қандай дене мүшелері қатысады?
Ойын: оқушылар кезекпен шығып кез келген мамандыққа немесе спорт түріне сәйкес келетін дене қалпын көрсетеді, ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табу керек.
Қол. Оқушылар өз қолдарыңызға мұқият қарап оның бөліктерін атап көріңіз. Қол басына қарап, саусақ аттарын атап шығыңыз. Бас бармақ басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алады.
Аяқ. Оқушыларға өз аяқтарына қарай отырып оның бөліктері қалай аталатынын айтқызу.
Зерттеу.
Әр топқа оқушының бойы толығымен сыятын ұзын қағаздан таратып беру. Қағазды жайып қоятын орынды таңдап алады. Оқушылардың біреуі қағазға қозғалыссыз жатуы керек. Ал қалған оқушылар оның дене кескінін сызады. Дайын болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсырып қояды.
Біздің денеміздің қызметі.
Әр топқа дене бөлігін беру (жеребе көмегімен) Белгілі уақыттан кейін ол туралы қысқаша хабарлама дайындайды.
Ойлан!
Адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды?
Қосымша тапсырмалар.
Кімнің сұлбасы?
Тапсырмадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарындашпен қоршап қояды. Стикерлер немесе үлкен парақтар, маркерлер немесе жазуға арналған дербес тақталар
Сабақтың соңы Алдынғы ақпаратты пайдаланып,
тиісінше сандық белгілермен, дене мүшелерінің пиктограммасын құру. (мысалы, 1 бас, 2 қол/аяқ/табан/көз, т.б.)
Рефлексия.
- Нені білдім? Нені үйрендім?
- Нені толық түсінбедім ?
Сыныппен бүгінгі тақырып
бойынша не білгенін талқылайды. Кестелерге арналған ірі маштабты параққа сызылған осьтер