С?йектерді? ??рамы, ??рылысы , оларды? пішіндері ж?не ?ызметі. Саба? жоспары


Талдықорған қаласы .
№5 М.В Ломоносов атындағы
мектеп- лицейі
биология пәнінің
мұғалімі : Сарсенова Р.М
Биология - 8 сынып
Тақырыбы : Сүйектердің құрамы, құрылысы , олардың пішіндері және қызметі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік – оқушыларға сүйектің қүрылысы мен химиялық құрамына , олардың жуандауына және өсуіне түсінік беру.
2. Дамытушылық – теориялық білімді практикамен ұштастыру, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына, қосымша мәлеметтерді пайдалана отырып , икемін, білім, білік дағдыларың дамыту,
3.Тәрбиелік – салауатты өмір сүруге, денсаулықтарың шынықтыруға, салт- дәстүрлерімізді қадырлеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жана білім беру
Сабақ әдісі : жалпы сүхбат жүргізу, өзіндік жұмыс, зертханалық жұмыс, сөзжұмбақ шешу .СТО
Сабақ корнекілігі : интерактивті тақта, суреттер , электронды корсетілімдер ,тұз қышқылына салынган кальцийсіздерілген , күйдірілген сүйектер, қабырға сүйектері .
Сабақ барысы
Уйымдастыру кезені
-Оқушылармен амандасу
-Жоқ оқушыларды тугендеу
-Зейіндерің сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
Сөзжүмбақ шешу
1) Анализаторлар деп қандай мүшені атайды?
2)Организм іс-әрекетің үйлесуін реттейтің жүйе?
3)Жұйке жасушалары калай аталады?
4)Евстахии тұтігі қай мүшеге жатады?
5)Қарашықтың артқы бөлігіңде не орналасады?
Жана сабак
Сүйектің құрылысы, құрамыөзекшелер;
борпылдақ қабат;
қыртысты қабат;
жілік майы;
остеоциттер (сүйек жасушалары);
қантамырлар.
Сүйектің құрамы
Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында - 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалық зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек.
Сүйектері иілгіш болатындыктан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.
Зертханалық жұмыс «Кальцийсіздерілген және күйдірілген сүйек қасиеттерің зерттеу » тақырыбына
Ой толғау
-«Сөз сүйектен өтеді»
«Бес саусақ бірдей емес»
-Тақырыпқа байланысты қазақ халқының қандай мақал-мателдерің білесіндер
-Сандар нені білдіреді?20-25, 50%, 12,5%, 21,8%,15,7%, 230

Білгенің артық болмас
Сүйектің мықтылығына жілік басындағы сұйек талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиет көпір мұнара салуда қолданылады екен.

Білгенің артық болмас
Сүйек майынын қабынуы( остеомиелит) негізде балалар арасында, әсіресе мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі.. Бұл аурумен ұлдар да және қыздар да жиі ауырады. Бірақ кыздарға қарағанда ұлдар жиі ауырады, себебі ұл балаларда сүйекті жарақаттануы көбірек болады. Сүйек майының қабынуы кө бінесе жілікті сүйектерде кемікті жалпақ сүйектерге жиірек кездеседі. Мысалы, жілікті сүйектерге мыналар жатады: ортан жілік, үлкен жіліншік сүйегі, шынтақ сүйегі, кәрі жілік .Ауру тудыратын себептер әртүрлі болуы мүмкін. Түмау, салқын тию, сүйекті жарақаттануы, бактериялар (стафилококк) Ауруды клиникалы белгілері организімні ауруға карсы күресуіне, яғни, иммунитетке, жасына, байланысты. Бактериялар сүйекке қ ан аркылы таралады
Сабақ туралы не ойлайсың
Көңілім жақсыКөңілім өте жақсыкөңілсізбінқызықсыз
Үйге тапсырма:§26

Шығармашылық жұмыс«Суреттер бойынша әңгіме құрап беру»
§24. Оқу, 86 бетте сұрақтарға жауап беру