Саба? жоспары Мен ж?не мені? отбасым


4 «А» сыныбында өткізген «Сабақ кестесі» атты ашық сабаққа рефлективті есеп
Мен 4 «А» сыныбына алғаш рет орыс мектебінде ашық сабақ өткіздім. Сабақ бастамас бұрын сынып оқушылырының психологиялық ахуалын туғызып, шаттық шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде арақадан-арқаға әдісін қолданып , құрап келген диалогтарын оқыды.
Тұсаукесер де әр топ өздеріне берілген пән бойынша қандай құрал-жабдықтар керек екенін жазып топтастырып, таныстырылым қорғады. Адасқан сөздер әдіс –тәсілі арқылы дұрыс сөйлем құрады. Яғни, берілген сөздерден сөйлем құрады.
Сонан соң сергіту сәтінде «Көңілді күн» әніне жаттығу жасап, бойларын жазды.
Сабақта интарактивті тақтаны қолдау арқылы берілген тапсырмаларды дәптерлеріне орындады. Сабақта әткеншек ойыны арқылы ауызша сұрақ –жауап жүргізілді.
Кері байланыс орнату үшін ет тартқыш, қоқыс жәшігі, қоржынды пайдаланып , қоржында стикерге жазылған сөздерді оқу құралға байланысбы сөздерді ет тартқышқа жапсырып ой елегінен өткізді, ал қажетсіз сөздерді қоқыс жәшігіне салды.
Сабаққа рефлексия жасауға жел қайықтың желкенін бояу арқылы сабақтың өздеріне ұнаған, не қиындық туғызған жағдайн сараптады.