Бейнелеу ?нері п?ні бойынша шебер сынып та?ырыбы: «К?згі натюрморт»


42545005568955-6 сынып оқушыларына арналған бейнелеу өнері сабағы бойынша шеберлік сынып, аталуы аралас техникамен графикалық күзгі натюрмортты бейнелеу.
Автор: ОҚО, Кентау қаласы,
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің
сызу және бейнелеу өнері пәндерінің
мұғалімі Байтерекова Шолпан Ысқаққызы
Шеберлік сынып тақырыбы: «Күзгі натюрморт»

Сіздерге ұсынып отырған бейнелеу пәні бойынша шебер сынып сабағын аралас техникада «Күзгі натюрморт» тақырыбында графикалық суретті орындау. Жалпы орта білім беретін мектептердің, лицей-мектептерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған. Арнайы сурет мектептерінде, үйірме жұмыстарында және қосымша шығармашылық жұмыс ретінде де қолдануға болады.
Бейнелеу өнері сабағы 5-6 сыныптар үшін.
Сабақтың тақырыбы: «Күзгі натюрморт» (2-сабақтан тұрады).
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: натюрморттың композициясы және оның композициялық түстік шешімі туралы білімдерін қалыптастыру. Аралас техникада кескіндемелік және графикалық суретті орындау.
Дамытушылығы: графикалық тәсілімен сурет салу дағдыларын арттыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. (Қазіргі таңда еліміздің бейнелеу өнерінде графика өнері баяу дамуда. Графика өнерін дамыту, балаларды қызықтыра графиканы дамыту мақсаты негізге қойылған).
Тәрбиелігі: көркемдік талғамын арттыру, эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқушыларды әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, сауатты сурет салуға тәрбиелеу. Ою-өрнектер арқылы ұлттық бағытта тәрбие беру.
Сабақтың типі: Білімді іскерлікті қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас техникада графикалық суретті орындау.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру. Сұрақ - жауап, графикалық жаңа әдісті үйрету, аралас техниканы еркін орындау және меңгеру.
Сабақтың міндеті: Бейнелеу өнеріне қызықтыру, Қазақстанның графикалық өнерін дамыту, аралыс техниканы игеру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: альбом-жұмыс дәптері немесе А4 пішінді ақ қағаз, қара жәй қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқаламдар, шағын ыдыста су, қара гелді қалам (гельевая ручка), қара жіңішке маркер, түрлі түсті қарындаштар, мұғалімнің орындаған шығармашылық үлгі суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.4. Сергіту кезеңі5. Тапсырмаларды орындау, сынып жұмысы-практикалық жұмыс (2-сабақ).6. Сабақты бекіту.7. Бағалау, талдау жасау.
8. Үйге тапсырма.
«Күзгі натюрморт»
Сұрақ-жауап арқылы қайталау:
1.Натюрморт дегеніміз не?
«Натюрморт» сөзінің француз тілінен тура аудармасы «өлі табиғат» деген мағынаны білдіреді. Ондағы гүлдер, жеміс-жидектер мен жәндіктерді қалай жансыз деп айтуға болады? Натюрморт – бұл «қимылсыз, үнсіз қалған табиғат».
2. Графика дегеніміз не?
Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады.
Жаңа сабақ барысы:
Бүгінгі жаңа сабағымыздың ерекшелігі аралас техниканы қолдана отырып күзгі натюрмортты кескіндемелік және графикалық әдіспен суретті орындау.
Натюрморттарды тамашалау – аса бір әсерлі сәт. Олардың бірінде суретші заттың пішінін, түсін, материялдың сұлулығын тамашалауға шақырса, бірінде суреттің көркем орындалуына көңіл береді.
ОҚЫ, БҰЛ ӨТЕ ҚЫЗЫҚ!
Ертедегі екі суретшінің сайысы туралы аңызда Зевксис атты суретші жүзім сабағын шынайы бейнелегені сондай, құстар ұшып келіп суреттегі жүзімді шоқуға тырысқан. Бұдан асқан шеберлік болмайтындай көрінген. Бірақ оның қарсыласы шымылдықты әсерлі бейнелегені сонша, Зевксис суреттегі шымылдықты түріп қоюға ұмтылған. Сөйтіп ол өзінің ұтылғанын мойындаған (Бейнелеу өнері оқулығынан алынды).
Ал енді аралас техникада суретті орындауға кірісейік. Бұл – өте қызықты жұмыс. Күзгі натюрмортты акварель, түрлі түсті қарындаштар, қара гелді қалам және жіңішке ұшты маркердің көмегімен осындай қажетті құралдарды үйлесіміне байланысты араластырып көркемсуретті орындаймыз.
Суретті орындауға қажетті құрал-жабдықтар:
А4 пішімді ақ қағаз
қара қарындаш
өшіргіш
акварель бояуы
қылқаламдар
су құятын шағын ыдыс
түрлі түсті қарындаштар
қара гелді қалам
жіңішке ұшты қара маркер

1. Ең басты қадам натюрморттың құрылымын А4 пішіміндегі қағазға немесе сурет альбомына дұрыстап орындау. Суретте ұлттық нақышты сезіну үшін ұлттық ою-өрнекті байланыстыра орындау. Шығармашылық суретке әдемі өрнекті ыдыс салып, ішіне жақсы піскен жемістерді орналастыр. Сонда ғажайып күзгі натюрморт пайда болады.




2. Суреттің құрылымын толық салып болған соң, қара маркермен сызықтарды анықтап басып сызып шығамыз.


3. Суретті акварель бояумен салған жақсы. Бояуларды мөлдір қабат етіп, біртіңдеп жағу керек. Бұл тәсіл заттың түсін ғана емес, оларға жарықтың түсуін де бейнелеуге мүмкіндік береді.

4. Жеміс жапырақтарын сары түспен бояу арқылы күз мезгілін бейнелейміз. Суретті акварель бояуымен қажетінше толық бояймыз.

5. Бүгінгі сабағымыздың ерекше сәтін бастаймыз. Салынған кескіндемелік суретті графикалық ою-өрнектерді бейнелеумен жалғастырамыз. Натюрморт орналасқан үстелдің бетіне көлденең ою-өрнек тізбектерін қара гелді қаламмен орындаймыз. Ал арғы жағындағы қабырға тұсына тігінен (вертикальді) ою-өрнек тізбегін орындаймыз. (Ою-өрнектерді еркін өз қалауымен таңдауға болады, мысалы: өсімдік оюлары шырмауық, жапырақ, толқын, балта, ирек, ботакөз, тұмарша, т.б.).

6. Графикалық суретті ою-өрнектерді әсемдеу арқылы орындаймыз.

7. Натюрмортта терезе немесе шамға жақын орналасқан заттың бір жағы ашығырақ, ал жарықтан алыстау орналасқан бөлігін күңгірттеу болатынындай етіп қара гелді қаламмен штрихтау арқылы бейнелейміз. Сонымен қатар әрбір заттың көлеңкесі болады. Осындай белгілер заттардың көлемі мен жазықтықтағы орналасуын көрсетуіңе көмектеседі.

8. Жарық пен көлеңкені дұрыс көрсете білсең заттың көлемін, оның жазық бетте орналасуын дұрыс көрсетуге көмектеседі. Сонда ғана сен салған натюрморт шынайы бейнеге өте ұқсас болып шығады. Суретті сауатты, көркем, қызықты және көзтартарлықтай болу үшін түрлі түсті қарындаштардың көмегімен толықтырып орындаймыз.

9. «Күзгі натюрморт» тақырыбында аралас техниканы қолдана отырып кескіндемелік және графикалық ерекше көркемсуретті аяқтадық. Мұндай суретті шығармашылық жұмыс ретінде өз қалауларыңмен түрлендіріп орындауға болады.

Шығармашылық суретті орындау сәті.

Суретті скайнерден өткізу.

Сабақ барысында. Бейнелеу пәні бойынша шебер сынып сабағын аралас техникада «Күзгі натюрморт» тақырыбында графикалық суретті орындауды түсіндіру.

Жаңа сабақтың ерекшелігін оқушыларға түсіндірген кезде балалар қызығып бірден сурет салуға кірісіп кетті.









Сабақ барысында суреттерге талдау жасау.

Бейнелеу пәні бойынша шебер сынып сабағын аралас техникада «Күзгі натюрморт» тақырыбында графикалық суретті орындау нәтижесі.

Балалардың салған суреттері