Бейнелеу ?нері. Саба? та?ырыбы: Ою ?рнек


Атырау қаласы,Амангелді орта мектебі МАД мұғалімі
Абуова Айгуль Сарсеновна
Бейнелеу өнері
Сабақ тақырыбы: Ою өрнек
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, төл мәдениетін қастерлеуге баулу және олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.
Көрнекі құралдар: сайыс тақырыбы, өнер жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, тест, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: еңбек, ана тілі, ән-әуез.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылар назарын сабаққа аудару:
2.Жаңа сабақ:
Ою-өрнек туралы түсінік беру:
Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнері болып табылады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді», - деп айтқанындай, қазақ халқын айнала қоршаған зат, бұйымдардың қай-қайсысын алып қарасақ та, кез келгенінен ою-өрнек өнерінің элементтерін көреміз. Сол ою-өрнектер әсемдік пен сәндіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге ол халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда, ою-өрнектердің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан.
Топпен жұмыс
1 топ:
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де халық даналығы. Бабаларымыздан қалған өнердің бірі – ою-өрнек. Оюларды жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз.
Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,
Қошқармүйіз оюы болсын ермек.
Кел, балалар сайысты біз бастайық.
Әділқазы алқасын таныстырып,
Сайыстың бағасын берсін лайық.
2 топ:
Қазақ халқының қолөнерінің түрі көп. Атап айтсақ, зергерлік, ағаш ұқсату, мүйіз ұқсату, кілем тоқу, киіз басу, ши тоқу, алаша тоқу, кесте тігу, ою-өрнек. Осы ұлттық қолөнерімізді ғасырлардан ғасырларға жалғастырушы, дамытушы – халық шеберлері. Біз де ата мұрасын жалғастыратын шебер боламыз. Сондықтан да біздің топ – «Шеберлер» тобы.
Шебер біздің әжеміз,
Шебер біздің атамыз,
Шебер болған бабам да,
Біз де шебер боламыз.
-Ою-өрнек түрлерін бейнелеу Оқушылар үлгілермен жұмыс жасайды.
Шығармашылық тапсырмалар:
Бұйымдар мен заттарды
Сәндеу үшін көрнекті .
Қиын да болса қиналмай,
Мен де үйрендім өрнекті.
Оя алсаң ою әдемі,
Үйлессін оған көлемі.
Бояуымен үндескен,
Ою әсем түр-түспен.
Жұлдызша – қазақ халқының байырғы өрнек белгілерінің бірі. Өйткені ою-өрнектер тек көркемдік, сәндік үшін ғана қолданылмаған, олар шартты бейнелер арқылы халықтың өмірге деген талпыныстарын да танытқан. Біз бүгінгі сайыста аспан биігінен жарқырап көрініп, қарсыластарымызға, қонақтарға жұлдыз нұрын төгейік, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері де сансыз жұлдыздардай көбейіп, түрлене берсін, ешқашанда жарық сөнбесін деген ниетпен тобымызды «Жұлдызша» деп атадық.
III.Қорытындылау:
IV.Сабақты бекіту:
Ою-өрнек сәндігі
Көздің жауын алады.
Болмаса зат өрнексіз,
Ешбір мәнсіз қалады.
Бағалау: