Физика саба?ында терминдер мен шамаларды а?ылшын тілінде о?ыту


Физика сабағында ғылыми терминдер мен физикалық шамаларды ағылшын тілінде қолдану
The president N.Nazarbayev has declared the idea of «The trinity of language» on the 22nd Assembly of people of Kazakhtan in October, 2006 and has suggested its gradual implementation in his message 2007.
Kazakhtan should be known as one of trilingual country in the world. If everyone tries to implement this project, our country can reach as one of most developed countries. We hope our students would learn three languages to communicate with other countries and be able to use modern technology in science.
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Колледждер мен жоғары оқу орындарында ағылшынша білімі бар мамандықтар даярлануда.Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі.
“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында ағылшынша білімі бар мамандықтарды оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптар күшейтілуде. Сондықтан өз тәжірибемізде ағылшын тілін өз бетімізбен оқып, жеке өз білімімізді толықтырып отыруды алға мақат қылып, оны өз сабақтарында қолдана білуіміз қажет. Ол үшін кез келген сабақты үш тілде сәлемдесуден бастаған жөн.Сәлемдесудің формасы ретіндегі сөз:
“Good-morning!” (“Good-afternoon!”, ”Good-evening”). Бұлай мұғалім ме ноқушының арасында сәлемдесуге болады:Күннің уақытын осылайша ажыратуға болады.Good-morning!-таңертеңнен түске дейін!Good-afternoon!-12-ден кешкі 6-ға дейінGood-evening!-кешкі 6-дан түнге дейін.
Физика сабағында ғылыми терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде қолдану өте қолайлы, әрі сабақ қызықты өтеді, үш тілде білімдерін кеңейтеді. Мысалы, сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды «түстер терапиясы» әдісі арқылы топқа бөлу. Мұнда интер белсенді тақтада берілген түстердің біреуін әр топ өз кезегінде таңдап, сол бойынша сұрақтарға жауап беріп,топтар өз аттарын анықтайды және үш тілде айтады:
1534795663440Қызыл – красный - red Заряд – электрическое явление – repulsion
1436180717550Көк – синый - blue ток - ток – electricity
1697800800100Сары – желтый – yellow күш – сила – power.
Оқушылар өздері ағылшын тілінен білімдерін пайдаланып немесе сөздіктерден жауабын тауып айтады.Сабақтың әр кезеңінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану ыңғайлы.Мысалы, «Тұрақты электр тогы» тарауын өткен кезде сабақты бекіту кезеңінде тақырыптың тірек ұғымдарын және орыс ағылшын тіліндегі аудармасын анықтайды. Мұнда қазақша нұсқасы ғана беріліп, тапсырманы оқушылар өз беттерінше топпен орындайды:
№ Физикалық шама Белгісі Өлшем бірлігі Формуласы Орыс тілінде Ағылшын тілінде
11 Ток күші І Ампер (А) І=q/t Сила тока Current
22 Электр қозғаушы күш ΕВольт ε=А6qЭлектро-движущая сила Electro-driving force
33 Меншікті кедергі Ρ Ом м R=ρl ℓ/ S Собственного сопротивления Their resistance
44 Кернеу U Вольт (B) U=A/q Напряжения Voltage
55 Толық тізбек үшін Ом заңы I Ампер (А) I=ε/R+rЗакон Ома для полной цепи. Ohm's law for the complete chain
66 Тізбек бөлігіндегі токтың жұмысы А Джоуль (Дж) А=IUtРабота тока части цепи Work current of the circuit
77 Потенциалдар айырымы Δφ - Δφ=A/q Разность потенциалов The potential difference

Бұл тапсырманы орындау арқылы физикалық шамалардың үш тілде атауын, белгіленуін, өлшем бірлігі мен формуласын есте сақтайды.
«Магнит өрісі» тақырыбы бойынша жаңа сабақты меңгерту барысында мына тапсырма орындауғка беріледі.Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Кестеге магнит өрістерінің полюстерін ажыратып, олардың арасындағы байланысты анықтайды.
1.Магнит өрісінің арасында қандай күштер болады?Кестені толтыр
Pole of first magnet Pole of second magnet Do they attract or repel?
S N Attraction
S S Repulsion
N N Repulsion
Оқушылар оқулықтағы мәтіннен қазақша мағынасын табады, өз беттерімен ізденеді, ағылшын тіліндегі нұсқасымен салыстырып, ойларын жинақтап өз ойларын ортаға салады. Сонда S-south pole-оңтүстік поюс, N-north pole-солтүстік полюс екенін ағылшын тілде біледі.Осыдан кейін ассосация құру арқылы магниттің қасиеттерін және үш тілде аудармасын есте сақтайды:
1532436135915Магнит
00Магнит
тебіледі тартылады
қозғалыстағы оңтүстік
зарядтар
тудырады
солтүстік
күш сызықтары өрісі
3. Кесте бойынша сәйкесін тауып топтастыр :
Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
тартылу Притяжение positive charge
Тебілу положительный заряд Charge
Заряд Отрицательный заряд Repulsion
Оң заряд Отталкивание north pole-солтүстікТеріс заряд- Север Attraction
Оңтүстік Заряд negative charge
Солтүстік Юг south pole
Осы тақырып бойынша оқушыларда негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады, физикалық шамаларды тек қазақ тілінде емес ,сонымен қатар ағылшын тілінде де меңгереді.
Сабақта қолданған мұндай әдіс-тәсілдердің артықшылығы: оқушы білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді.
Ұстаздар осы жаңа әдіспен сабақ жүргізуді бәріміз бірдей қолға алып кіріссек, елімізді ең алдыңғы қатарлы елдер деңгейінен көрсете алар едік. Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сеніміміз мол.
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің физика пәні оқытушысы Сактаганова Нуршат Багдуллаевна
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.
Shulman, L.S. (2007). Good teaching [Жақсы оқыту]. Box content in S.Loeb, C.Rouse&F.Shorri (Eds.), Introducing the Issue, in The Future of Children, 17 (1), 6-7.
Үлестірмелі материалдар, екінші апта, үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.
Құдайбергенева К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері. Монография-Алматы, 2012.
«Core Physics» Bryan Milner, Canbridge оқулығы