Ашы? саба? : ?аза?станда?ы с?улет ?нері.


ШКО.Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы
Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі
Зияданова Сара Нурахмановна
Сабақтың тақырыбы Қазақстандағы сәулет өнері.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан сәулет өнерімен таныстыру
а) Білімділік:

ә) Дамытушылық: Өнер түрлерінің алуан қырларымен таныстыра отырып оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салу арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Сәулет өнері суреттерінен фотосуреттер
АКТ-Астана туралы слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Технология,Ана тілі
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту
6 .Үй тапсырмасы.
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеп сабаққа даярлықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.Үйден жасап әкелінген жұмыстардан шағын көрме ұйымдастырып ,бағалау.
3.Жаңа сабақ.
Адамдардың ең алғашқы баспаналары үңгірлер. Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды.
Баспаналар бір-біріне өте ұқсас әрі ұсқынсыз болды. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен, кейінірек саз балшық кірпіштерден тұрғызылды.Қазақстанда көшпенді халықтар өмір сүрген олар киіз үйді ойлап тапқан .Киіз үй дегеніміз ол сол замандағы үлкен жетістіктің бірі болып табылады.

Бұл үйлер көшпенділер үшін өте ыңғайлы еді өйткені олар малдың ыңғайына қарай қоныстарын үнемі ауыстырып отырған.Киіз үй жинап буып түйілген соң бір түйеге артатындай ғана жүк болып шыға келеді.Біздің заманымызда да олар өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзіне ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті ірі сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін жоғары шеберлік пен терең білім қажет болды. Сонымен қатар тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар - адамдар құдайларына сиынатын ғибадатханалар, стадиондар, театрлар, кітапханалар салына бастады.
Сондай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (орысша архитектура - гректің «архитектон» - құрылысшы деген сөзінен шыққан). Сәулет өнері - адамдардың әдемі және ыңғайлы тұрмыс құруына арналған өнер. Сәулет ғимараттары әр түрлі құрылыс материалдарынан: кірпіш, тас, бетон, пластик, әйнек, т.б. салынады. Қалалар өскен сайын сәулет өнері де өркендей түсті. Бірте-бірте қалалардың келбеті де өзгерді. Қарапайым үйлер мен зәулім сарайлардың орнына көп қабатты ғимараттар пайда болды. Мына суретте АҚШ елінің Даллас қаласындағы аспанмен таласқан үйлер бейнеленген. Алғашқы көп қабатты үйлер Римде, Аравияда салынған. Олар 4-5 қабаттан биік болған жоқ. Аспанмен таласқан алғашқы биік үйлер 19 ғасырдың аяғында АҚШ-та салынған. Қазіргі кездегі ең биік құрылыс Гонконгтегі Нина мұнарасы. Оның биіктігі 520 метр. Ал Дубайда биіктігі 800 метрден асатын мұнараның құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Сәулетші де суретші сияқты шығармашылық ой иесі болуы тиіс. Суретшінің қиялынсыз ол әдемі ғимараттар мен құрылыстар туғыза алмайды. Мына Сидней қаласындағы опера театрының ғимараты ақ желкендерден аумайды емес пе? Ал Торонтодағы телемұнара аспанға атылған ракета тәрізді. Әсем қала Алматы да өзінің қазіргі заманға сай ғимараттарымен мақтана алады. Алматыдағы піскен бидай масағына ұқсайтын «Қазақстан» қонақ үйі - қалаға көрік беруші құрылыстардың бірі.
53340204470

168656052705 Қожа Ахмет ескерткіші - ерте заманнан қалған көне архитектуралық кешен. Ескерткіш 14 ғасырдың аяғында (1396- 1398) Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ұзындығы 62,5 м, ені 46,5 м, биіктігі 38 м. Күмбезі Орта Азиядағы ең үлкен күмбез. Бұл ескерткішке сәулет өнерінің бар мүмкіншілігі пайдаланылған. Мұнда мешіт, медресе, кітапхана, хансарай, т.б. бірнеше бөлмелер бар. Қожа Ахмет кешені Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс.

Қазақстандағы сәулет өнері қазыргі кезде өте қарқынды дамып кележатыр оның куәсі астанадағы теңдесі жоқ құрылыс нысандары. Астана туралы шағын видео көрініс көрсетіледі.

Оқушылармен бірге жаңағы көрген көріністердің әдемілігін кейбіреулерінің тарихын айтып ,оқушылардың өздерінеде сұрап талқылап пікірталас өткіземін .
Бекіту:Сәулетші деген кім?Түркістанда қандай әлемге әйгілі ғимарат бар?
Үйге тапсырма беру: Әлемге әйгілі сәулет ғимараттарын бейнеле.