Уроки. Зертханалы? ж?мыстар. (8-сынып)


8-сынып
№1 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Әртүрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру
Жұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судық берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіруҚұрал-жабдықтар: калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка) термомтер, стақан, ыстық суы бар шәугім (бүкіл сыныпқа біреу
Жұмыстың барысы:
Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың температурасын t1 өлшеңдер.
Стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t2 температурасын өлшеңдер
Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар және алған қоспаны термометрмен араластырып, оның температурасын t өлшеңдер
Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін Q1=cm(t1-t2) формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін Q2=cm1(t1-t2) формуласымен есептеңдер
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:
Ыстық судың берген массасы, m, кг Ыстық судың бастапқы температурасы
t2, 0С , Қоспаның температурасы,
t, 0СЫстық судың берген жылу мөлшері,
Q2, Дж Суық судың берген массасы m1, кг Суық судың бастапқы температурасы
t1, 0С , Ыстық судың берген жылу мөлшері,
Q1, Дж 1 Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар
Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есптеңдер: ε=Q2-Q1Q2, мұндағы Q1 – ыстық судың алған жылу мөлшері
Қорытынды жасаңдар
8-сынып
№3 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу
Жұмыстың мақсаты: ток күші тізбектің әртүрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену
Құрал-жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, 2 сым резистор, кілт, өткізгіш сымдар
Жұмыстың барысы:
-70485161290001-жағдай.
-1212855270500Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар
2. Сурет бойынша электр тізбегін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетуін кестеге жазыңдар
2- жағдай
Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар. Тізбекті тұйықтап, әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U1, U2 және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.
Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
U1+U2 қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.
Екі жағдай үшін қорытынды жасаңдар.
№ Іжалпы І1 І2 U1 U2Uжалпы 1 2 8-сынып
№4 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру
Құрал-жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы,
кілт, өткізгіш сымдар
Жұмыстың барысы:
Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар
Сурет бойынша электр тізбегін жинаңдар.

Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар
Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.
Кестені толтырып, нәтижесі бойынша қорытынды жасаңдар.
ТАПСЫРМА
Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділігінің графигін тұрғызып, сол функцияға сипаттама беріңдер
Кесте
№ І, А U, ВR, Ом
1 2 8-сынып
№5 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Құрал-жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы,
кілт, өткізгіш сымдар
Жұмыстың барысы:
Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар
Сурет бойынша электр тізбегін жинаңдар.

Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар
Алынған мәліметтер бойынша жалпы кернеуді есептеңдер
Бөліктің жалпы кедергісін Rж=UжІ және Rж=R1+R2 формуласы бойынша есептеңдер
Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер
Кесте
№ І1, А І2, А U1, ВU2, ВR1, Ом R2, Ом Rж, Ом Rж, Ом
1 8-сынып
№6 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Өткізгіштерді паралель жалғау
Құрал-жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы,
кілт, өткізгіш сымдар
Жұмыстың барысы:
Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар
Сурет бойынша электр тізбегін жинаңдар.

Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар
Іж=І1+І2 есептеңдер
Бөліктің жалпы кедергісін Rж=UжІж және 1Rж=1R1+1R2 формуласы бойынша есептеңдер
Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер
Кесте
№ І1, А І2, А Іж, А U1, ВU2, ВR1, Ом R2, Ом Rж, Ом Rж, Ом
1