Биология п?нінен зертханалы? ж?мыстар 9 сынып


Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
9- СЫНЫП

№1 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: «Тірі ұлпалардағы ферменттердің каталитикалық белсенділігі»
Мақсаты: Нәруыздардың ферменттік белсенділігіне көз жеткізу. Бұл жұмысты екі нұсқада өткізуге болады. 1-нұсқа «Сілекей ферменттерінің крахмалға әсері» - 8 сыныптағы жұмыстың басқа нұсқасы. 2- нұсқа. «Пероксидаза ферментінің сутек асқын оксидіне әсері».
1-нұсқаға арналған зертханалық жұмыстың құрал-жабдықтары.
Жұмысты дербес орындауға арналған құрал-жабдықтар: крахмалданған мата 0,5 %-дық йод ерітіндісі, мақта анжы немесе қылқалам, сілекей. Жұмысты көрнекі өткізуге арналған құрал-жабдықтар: сынауықтар, крахмал, термостат, күкірт қышқылы, сілекей, 0,5 %-дық йод ерітіндісі.
Жұмысытың барысы. Дербес өткізі- оқушылардың әрқайсысы тәжірибе қояды. Сілекейге шыланған мақта анжы немесе қылқаламмен крахмалданған матаға нүкте салады. Сілекей ферменті крахмалды ыдырату үшін шамамен 37оС температура қажет. Бұл үшін термостатты пайдаланады немесе матаны екі алақанның арасына салып, қысады. Мұндай жағдайда крахмалдың ыдырау реакциясы баяу жүреді немесе жалпы жүрмей қалады, өйткені тері бетіндегі температура 37оС-дентөмен болады. 3-5 минуттан соң қрахмалға йодтық сынақ жасайды. Егер сілекейге шыланған жерде көк түс болмаса, сілекей ферментінің әсерінен крахмал ыдырады деуге болады.
Көрнекі көрсетіп, күкірт қышқылы құйылған аздаған мөлшерде су қосылған крахмалды сынауықтың жартысына дейн салады, екінші жартысына бірнеше адамның сілекейімен бірге крахмал толдырылады. Барлық сынауықтарды температура 37 оС термостатқа орналастырады. 3 минуттан соң сынауықтардағы заттардан аздап алып, йодқа сынақ жасайды. Йодтық сынақта көк түске боялған сынауықтарда бұрынғыдай крахмал болады. Йодтық сынақта нәтижесіз болған сынауықтарда крахмалдың ыдырауы жүреді. Егер минут сайын йодтық сынақ өткізуді жалғастыра берсе, кімнің сілекейі көбірек белсенділікпен өршіте алатыны айқындалады. Ағзаның дербес ерекшеліктеріне төуелді нәруздардың ферменттердің әр түрлі белсенділігін ескере отырып, сілекей орташа 3-тен 7 минутқа дейінгі арақашықтықта әсер ететінін білеміз. Күкірт қышқылы бар сынауықтарда да реакция жүреді, алайда тек қана 12-16 минут уақыт қажет.
2-нұсқаға арналған зертханалық жұмыстың құрал-жабдықтары.
Шикі, жаңа ғана туралған және піскен картоп түйірі, сутек асқын оксиді ерітіндісі, екі сынауқ.
Жұмыс барысы. №1 сынауыққа шикі картоп түйірін, №2 сынауыққа піскен картоп түйірін салып, екі сынауыққа сутек асқын оксидін құындар. Не байқадындар? Екі сынауықтың біреуінде ғана неліктен өзгеріс болды?
№2 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: «Пияз қабығы жасушасының плазмолизі мен деплазмолизі».
Мақсаты: Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарына көз жеткізу, осы үдерістердің қоршаған ортадағы осмостық қысым мен заттар концентрациясына тәуелдігін айқындау.
Құрал-жабдықтар: пияз қабығы және басқа микропрепараттар, дистилденген су, физиологиялық ерітінді және ас тұзының концентрленген ерітіндісі және сахароза.
Жұмыс барысы: 1) Әр түрлі сынауықтарға: №1-дистилденген су, №2-физиологиялық ерітінді және №3-концентрленген ас тұзының немесе сахароза ерітіндісің құындар; 2) төсеніш шыныға пияз тірі қабықшасының препаратын немесе элодея жасушаларын орналастырындар, дистилденген су құйып, жабын шынымен жабындар. Препаратты анықтап қарап, №1 суретін салыңдар; 3) бақылауды тоқтатпай, жабын шыныны алмастан, сулықтың ұшымен немесе сүзгілі қағазбен дистилденген суды сорғызындар да тамшуырмен концентрлі ерітінді (сахароза немесе NaCI) енгізіңдер. Препаратты анықтап қарап, №2 сурет салындар; 4) концентрлі ерітіндіні сорғызып алып, орына дистилденген су енгізіңдер. Препаратты анықтап қарап, №4 сурет салындар. Қорытынды жазындар.
№3 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: «Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларын салыстыру».
Мақсаты: Өсімдік, жануар жәнебактерия жасушалары құрамының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: өсімдік және жануар жасушасының суреттері.
Жұмыс барысы: 1. Өсімдік және жануар микропрепараттарын зерделеп қарау.
2. Толық деректер негізінде кестенің бірінші бөлімін («+» немесе «-» белгілерімен) толтырыңдар.
3. Оқулықтағы суреттерді пайдаланып, кестенің екінші бөлімін («+» немесе «-» белгілерімен) толтырыңдар.
4. Осы жасушалардың ұқсастық және айырмашылық себептері туралы жалпы қорытынды жасаңдар:
Микропрепараттар бойынша мына кестені толдырындар
№ Жасушаның бөліктері және органоидтары Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы Бактерия жасушасы
Микропрепараттар бойынша толтырады
1 Қабық 2 Цитоплазма 3 Ядро 4 Үлкен вакуоль 5 Пластидтер Оқулық бойынша толтырады
6 Лизосомалар 7 ЭПТ (эндоплазмалық тор) 8 Митохондриялар 9 Гольджи жиынтығы 10 Рибосомалар 11 Микроденешіктер 12 Талшықтар/ кірпікшелер 13 Хромосомалар 14 Ядрошықтар №4 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: «Өзгермелі нұсқа қатарын құру және өзгергіштікті зерттеу».
Мақсаты: Тұқым қуалау, сондай-ақ тұқым қуаламайтын өзгергіштік құбылысын анықтау. Өзгермелі нұсқа қатарын құруды үйрену.
Құрал-жабдықтар: 1) бойының биіктігі көрсетілген сынып оқушыларының тізімі; 2) бір ағаштан алынған жапрақтар (сыныптағы оқушылар саны бойынша).
Жұмыс барысы: 1. Қолдар бар жапырақтарды өлшеңдер; өсу қатарындағы №1-ге ең ұсағын, №25-ке ең ірісін деректері бойынша жазындар.
2.Деректерді пайдалана отырып, жапырақтардың
әрқайсысын графаға нүктемен бөліп орналастырыңдар;
мұнда у өсі-мөлшер; х өсі-жапырақ биіктігінің өсуі бойынша реттік сан.
3.Адам денесінің өсуін (сыныптастарыңның аяқ басы немесе басқа мүшелерінің өсу деректерін пайдаланындар) өлшеуге арналған кесте және график құрастырыңдар.

Жапырақ № 1 2 3 4 25
Сантиметрмен алынған мөлшері №5 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Ағзалардың өзгергіштігі».
Мақсаты: Ағзалардың өзгергіштігі ұғымын қалыптастыру, тірі зерзаттарды бақылау білігін жалғастыру және ондағы өзгергіштік белгілерін табу.
Құрал-жабықтар: ағзадағы өзгергіштікі көрсететін үлестірме материалдар (өсімдіктің 5-6 түрі, әрқайсысы 2-3 данадан, тұқым, жеміс, жапырақтардың жинақтамасы)
Жұмыс барысы: 1. Бір түрдің 2-3 өсімдігін салыстырыңдар (немесе олардың жеке мүшелерін: жапырақ, тұқым, жемісі, т.б.), олардың құрылысындағы ұқсастық белгілерін табыңдар. Бір түр дарағының ұқсас болу себебін түсіндіріндер.
2. Зерттелген өсімдіктердің айырмашылық белгілерін табындар. Мына сұраққа жауап беріндер: бір түр дарақтарының арасындағы айырмашылық ағзалардың қандай қасиеттеріне негізделген?
3. Ағзалардың бұл қасиеттерінің эволюция үшін маңызын ашып көрсетіндер. Сендердің пікірлерің бойынша айырмашылықтардың қайсысы тұқым қуалайтын өзгергіштікке, қайсысы тұқым қуаламайтын өзгергіштікке жататынын айтындар. Бір түр дарағының ішінде айырмашылықтар қалай пайда болатын түсіндіріндер.
№6 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Өсімдіктердің жергілікті сұрыптарының фенотиптері».
Мақсаты: модификациалық өзгергіштік туралы білімді қалыптастыру, фенотипті бойынша өсімдіктерді сипаттай білу және өзара салыстыру.
Құрал-жабдықтар: өсімдіктің әр түрлі сұрыптарының кеппешөптері (бидай, қарабидай, арпа,т.б)
Жұмыс барысы: 1. Өсімдіктің (бидай, қарабидай, арпа, т.б.) бірдей сұрыбының екіданасын салыстырыңдар
2. Әрбір өсімдіктің фенотипін сипаттаңдар (жапырақ, сабақ, гүлдерінің құрылыс ерекшеліктері). Генотипіне байланысты пайда болған модификациялық өзгергіштіктің нәтижесіне байланысты белгілерін анықтандар.
3. Модификациялық өзгергіштіктің себептерін тауып, оның маңызын айтындар.
№7 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері».
Мақсаты: түрдің морфологиялық өлшемі ұғымын қалыптастыру, өсімдікті сипаттау білігін бекіту.
Құрал-жабдықтар: тірі өсімдіктер немесе әр түрлі өсімдіктердің кептірілген жинақтамалары.
Жұмыс барысы: 1. Өсімдіктің екі түрін қарастырып, олардың аттарын жазындар, әрбір түрдің морфологиялық сипаттамасын құрастырындар, яғни олардың сыртқы құрылысының ерекшелігін жазындар (әсіресе жапырағына, сабағына, тамырына, гүліне, жемісіне көңіл аударындар).
2. Екі өсімдікті салыстырыңдар, ұқсастығы және айырмашылығын табыңдар. Өсімдіктің ұқсастығы (айырмашылығы) немен түсіндіріледі?
№8 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Ағзалардың бейімделуі».
Мақсаты: материалды анықтап қарап, бейімделгіштің ерекшелігін айқындау, тап осы бейімделулердің пайда болу үдерісін түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: өсіп тұрған кактус (опунция, жүзжылдық немесе т.б), жантақтың кеппешөптік материалы, тұңғиықтар, қоға немесе басқа батпақ өсімдіктерінің біреуі; тұқым жинақтамасы; немесе қорғаныш реңінің әр алуан түрлерін көрнекі көрсететін бунақденелілердің жинақтамасы немесе фотосуреттері.
Жұмыс барысы: 1. Материалды анықттап тексеріп, бейімделгіштіктердің ерекшеліктерін айқындау.
2. Кестені толтырындар:
Өсімдік түрлері үшін
Өсімдік түрі Өмір сүру ортасының ерекшеліктері Өсімдік мүшелерінің бейімделуі
Тамырдың ерекшеліктері Сабақтың ерекшеліктері Жапырақтың ерекшеліктері
Жантақ Кактус (қай түр екенін көрсету) Тұңғиық Қоға №9 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Өсімдіктер мен жануарлардың ароморфоздарына және өзгеше көндігуіне салыстырмалы талдау жасау».
Мақсаты: ароморфоздың және өзгеше көндігудің (идиоадаптация) құбылысын айқындау, олардың ерекшеліктері мен нәтижелерін түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: құстардың әр алуан отрядтары өкілдерінің тұмсығы мен аяқтарының фотосуреттері, жемістер мен тұқымдар жинақтамасы, мүктер, қырықжапырақтар, ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар өкілдерінің кеппеөсімдік материалдары.
Жұмыс барысы: Жерүсті өсімдіктерің бөлімдерін жете қарап, олардың пайда болуына қандай ароморфоздардың себепші болғанын айқындау. Оларды кесте түрінде дайындау.
Белгі/ аромофоз Мүктер Қырықжапырақтар Ашық-тұқымдылар Жабық-тұқымдылар
Тамырдың болуы Сабақтын болуы Жапрақтың болуы Споралардың болуы Тұқымдардың болуы Гүлдің болуы Жемістің болуы 2. Осы өсімдік бөлімдерінің құрылысында күрделену белгілерін анықтап, оның маңызын түсіндіріндер. Балдырлардан жабықтұқымдыларға дейін өсімдіктерде эволюция қандай бағытта жүргенін аңықтандар.
3. Әр түрлі отрядтар бунақденелілерін (қабыршаққанатты, турақанатты,
Қосқанатты, т.б.) қарап, олардың құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтандар.
4. Бунақденелілердегі аталған отрядтар бойынша идиадаптацияны сипаттап, олардың эволюциялық маңызын көрсетіндер.
№10 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Ағзалардың экологиялық факторларға бейімделгіштігін анықтау».
Мақсаты: Ағзалардың тірішілік ортасына бейімделгіштік жолын анықтау.
Құрал-жабдықтар: 1) әр түрлі экологиялық топтар өсімдіктерінің кеппешөптері (мысалы, жантақ; шытырлақ катус және тұңғиық); 2) бір өсімдіктен қиып алынған жапрырақ тақшасының микропрепарттары; тақшасына жарық жақсы түскен және аса қараңғыланған жапырақтар болуы қажет.
Жұмыс барысы: 1. Ұсынылған өсімдіктер данасын анықтап тексеріндер. Өсімдік құрылысы туралы деректерді кестеге толтырындар.
№ Құрылыс ерекшеліктері Жантақ Шытыр
лақ Тұң
ғиық Как
тус Мұның қандай артықшылығы бар?
1 Жапырақ құрылысы: тақта мөлшері сірқабық түрөзгерістері 2 Сабақ құрылысы: ерекшелігі мөлшері 3 Тамыр құрылысы Бейімделгіштікке қалыптасу себептері туралы қорытынды жасандар.
2.Микропрепараттарды анықтап тексеріндер. Мына кестеге деректерді толтырыңдар.
№ Белгісі Көлеңкелік жапырақ Жарық түскен жапырақ Қорытынды
1 Мезофилдің қалыңдығы 2 Кеуекті ұлпа (дамуы және дәрежесі) 3 Бағаналы ұлпа (дамуы және дәресі)