7 сынып зертханалы? ж?мыстар


№1 Зертханалық жұмыс
Кірпікшелі кебісшенің құрылысын,
қозғалысын және тітіргенгіштігін бақылау
Мақсаты:кірпікшелі кебісшенің құрылысын,қозғалысын және тітіргенгіштерге жауап реакциясын бақылау;өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
Құрал – жабдықтар:микроскоп,заттық және жабын шынылар,шыны банка немесе мойны кең басқа ыдыс,дәке,пияздың басы,тұз,су,сия немесе тушь,тамшуыр.
Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Зертханалық жұмысқа дайындық.Кірпікшелі кебісшені өсіру тәсілі.
Су құйылған ыдысқа пиязды сал,су оны толық жауып тұратындай болсын.
Банканың аузын дәкемен байлап,жылы,жарық жерге қой.
Екі аптадан соң ыдыстағы су лайланып,бетінде ақ жарғақ перде (пленка)түзіледі,жағымсыз иіс шығады,бұл – кебісшенің пайда болуының белгісі.
2.Тәжірибе жүргізу.
Заттық шыныға кебісшесі бар судан бір тамшы алып,заттық шыныға тамыз,жабын шынымен жап.
Микропрепаратты микроскоппен қара,кірпікшелі кебісшені тап.Кебісше денесінің алдыңғы және артқы бөліктерін анықта.
Алдыңғы бөлігі.........................................................................................................................
Артқы бөлігі...............................................................................................................................
Қаламға арналған сияны 5-8 есе сұйылт,оны препаратқа тамыз.Сияның түйірлері жиырылғыш вакульге толады да, көгілдір түске бояйды.Кебісше тіршілігін жойған кезде үлкен ядро да сияға толады.Кебісше денесінің үстіңгі бетіндегі кірпікшелерге назар аудар.
Олардың атқаратын қызметтері қандай ?.....................................................................................
Заттық шыныға 1 тамшы кебісшелі және бір тамшы таза су тамыз.Кебісше бар суға бір түйір тұз сал.Судың екі тамшысын бір-бірімен жіңішке етіп қос.Кебісшенің қалай жауап беретінің микроскоппен қара, оны сипатта.
.........................................................................................................................................................
.........................................................................................................................................................
Кірпікшелі кебісшенің суретің сал, оның дене бөлімдерінің атауларын жазып қой.

3.Кірпікшелі кебісше құрылысының ерекшеліктері туралы қорытынды жаса........................
№2 Зертханалық жұмыс
Шұбалшаңның тіршілік әрекетіне бақылау :
Оның сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жаубын бақылау.
Шұбалшаңның дайын ылғалды препараттары негізінде оның ішкі және сыртқы құрылысын зерттеу
Мақсаты: шұбалшанның сыртқы құрылысының өзіне тән ерекшеліктерін және олардың топырақтағы тіршілік жағдайларына сәйкестігін анықтау: ішекқуысты жануарлармен салыстырғанда анағұрлым жоғары организмдердің қасиеттерін ажырату
Құрал-жаблық пен материалдар:жайпақ тәрелке, ұлғайтқыш әйнек,шыны таяқшалар,пиязшық,қалта электр шамы, шұбалшаң,шұбалшанның ылғалды препараттары.
Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Шұбалшанды ұлғайтқыш әйнекпен зер салып қара, денесінің пішінін анықта, сипатта.
...............................................................................................................................................
2.Шұбалшаң денесін саусақпен сипап қара.Терісінің саусаққа қалай сезілгенің айт..
................................................................................................................................................
3.Шұбалшанның денесінің алдыңғы және соңғы бөлігін анықтап, ажыратып,аузы қалай орналасқаның қара................................................................................................................
4.Шұбалшанның арқасы мен құрсақ жағында қандай айырмашылық болатының байқа.
...................................................................................................................................................
5.Шұбалшанның әртүрлі тақтайшаларының (қағаздың, ылғал әйнектің, ағаштың) бетімен қалай қозғалатың бақыла.Бұл кезде сен нені естисің ?........................................................
....................................................................................................................................................
6.Шұбалшанның әртүрлі тітіркендіргішке қалай жауап беретінің анықта, ол үшін денесін шыны таяқшамен түрт, алдыңғы жағына пиязшықтың бір түйірін таста,қалта электр шамымен жарық түсір.Бақылағандарыңды жазып қой.Шұбалшан құртының сыртқы құрылысы және жауап әрекеттері туралы жалпы қорытынды жаса.
7.Қорытынды:Ылғалды препараттан жәндіктін ішкі құрылысын зертте.Шұбалшанның ішкі құрылысындағы қандай ерекшеліктері ішекқуыстылармен салыстырғанда жоғары дамыған топ екендігін көрсетеді ?............................................................................................

№3 Зертханалық жұмыс
Ұлулардың сыртқы құрылысын салыстыру және зерттеу.Тоспа ұлуының тіршілігін бақылау.Бақалшақ құрылысымен танысу
Мақсаты:ұлулардың сыртқы құрылысын салыстырып зерттеу,олардың өздеріне тән негізгі белгілерін анықтау.Ұлулар бақалшағының құрылысын зерттеу
Құрал – жабдық пен материалдар:тірі ұлу немесе тоспа ұлуы,ұлулар бақалшақтарының жинақтамасы.
Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Ұлу бақалшағының жинақтамасын анықтап қара.

Бақалшақтардың құрылысына ортақ нәрсе не?..............................................................................
............................................................................................................................................................
2.Ұлулар бақалшағының сызба суретін жаса,шығатын тесігін,төбесін жазып қой.
3.Айқұлақтың бақалшағын қарап,бақалшақ иірімінің ең жоғарғы бөлігін тап және оны қоршап жатқан қабаттарды,сыртқы мүйізгекті қабаты,ішкі жағындағы –жылтырауықты анықта. ........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................................
4.Ұлулардың денесі қандай бөліктерден тұрады?......................................................................
Айқұлақтікі ше?..............................................................................................................................
5.Қармалауыштарына инемен әсер ете отырып,ұлудың қозғалысын бақыла.Не байқалады?
.........................................................................................................................................................
6.Ұлулардың сыртқы құрылысындағы өздеріне тән белгілері бойынша қорытынды жаса.
............................................................................................................................................................
№4 Зертханалық жұмыс
Үй шыбынының сыртқы құрылысы ересек жәндіктер және олардың дернәсілдерін қарастыру
Мақсаты:жәндіктердің сыртқы құрылысын үй шыбынын мысалға ала отырып зерттеу;
Бунақденелілердің дамусатысын анықтау.(Жібек көбелегін мысалға алу)
Құрал – жабдық пен материалдар:үй шыбыны,<<жібек көбелегінің даму>> жинақтамасы.
Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Үй шыбынының сыртқы құрылысын зерттеу.
Жәндікті қара,оның денесі қандай?......................................................................................
......................................................................................................
Денесі қандай бөлімдерден тұрады?....................................
....................................................................................................
....................................................................................................
Бас бөлімінде қандай мүшелер орналасқан?.......................
.......................................................................................................
Аяқтарының саны қанша?......................................................
Қанаттары қай бөлімде орналасқан?олардың саны қанша?
........................................................................................................
........................................................................................................
Аяқтарына көңіл аудар.Бұл жерде дәм сезу мүшесі орналасқан.Айқын бунаққа бөлінген құрсақ бөлімін зертте.Көргеніңді суретпен салыстыр.
2.Бунақденелілердің даму сатысын қарастыру.
Бунақденелілердің жинақтамасымен таныс.
Аталық көбелектің салған жұмыртқасы қалай аталады?.....................................................
Дернәсіліне көңіл аудар,олар қандай болады және немен қоректенеді?...........................
........................................................................................................................................................
Коконын қара.Бұл кезде бунақдененің қандай даму сатысы жүреді?
...........................................................................................................................................................
Кокон неден тұрады?.....................................................................................................................
............................................................................................................................................................
3.Қорытынды жаса.
Бунақденелілердің өздеріне тән сыртқы құрылыс ерекшеліктері қандай?
.........................................................................................................................................................
............................................................................................................................................................
Бунақденелілерге көбеюдің қандай типтері тән?..................................................................
......................................................................................................................................................
.............................................................................................................................................................
№5 Зертханалық жұмыс
Бау- бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеу
Мақсаты:бау – бақша өсімдіктеріне қандай бунақденелілер зиян келтіретіндігін анықтау.
Олармен күрес шараларының әдістерімен танысу.
Құрал – жабдық пен материалдар:бунақденелілердің жинақтамасы.
Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Бау – бақша зиянкестерінің жинақтамасымен мұқият таныс.
2.Танысып болған соң оқулықтағы мәтіндік жұмыс негізінде кестені толтыр.
Бунақденелілердің атауы Дамудың қандай сатысында зиян келтіреді Ауруға шалдыққан өсімдіктер және олардың мүшелері
3.Қорытынды жаса.
Зиянкес бунақденелі жәндіктермен күрес шараларының қандай әдістері бар?
.............................................................................................................................................................
..........................................................................................................................................................
№6Зертханалық жұмыс
Тірі балықтарды бақылау.Олардың сыртқы құрылысын зерттеу.Қабыршақтарындағы сызықтарына байланысты балықтың жасын анықтау.Балықтардың ішкі құрылысы мен қаңқасын зерттеу
Мақсаты:тіршілік ортасының суға бейімделуіне байланысты балықтың сыртқы және ішкі құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау.
Құрал-жабдық пен материалдар:ұлғайтқыш әйнек,балықтың ылғалды препараты,аквариумдағы балықтар,балықтың тұлыбы,суреті.
Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Аквариумда жүзіп жүрген балықтардың дене пішініне көңіл бөл,балықтың бас,тұлға,құйрық бөлімдерін ажырат.Суретте балықтың дене бөлімдерін белгіле.
2.Балықтың құрсағы мен арқа жағының түсін қара.
3.Балықтың жеке қабыршағын ұлғайтқыш әйнекпен қара,оның балық тіршілігіндегі маңызын айт.
..........................................................................................................................................................................................................................................................................................
4.Суретте танау тесіктерін белгіле.
5.Сүйекті желбезек қақпақтарын тап,балықтың аузы мен желбезек қақпағының қозғалу ерекшелігіне назар аудар,олардың бір-бірімен байланысын түсіндір.
.............................................................................................................................................................6.Жүзбеқанаттарын зертте,оларды суретте белгіле.Әрбір жүзбеқанаттың қандай қызмет атқаратынын сипатта.................................................................................................................
7.Балықтың екі қапталындағы бүйір сызығын тап,салған суретке белгіле.Бүйір сызығы қандай қызмет атқарады?.......................................................................................................................................................................................................................
8.Ылғалды препараттан балықтың ішкі құрылысын қара.
Жүрегін тап,оның сүйірленген төменгі жағы-қарынша және жоғарғы жағындағы-жүрекшені тауып,анықта.
Балықтың жүрегі арқылы қандай қан ағып өтеді?....................................................
Қан айналым шеңбері нешеу?.....................................................................................
Балықтың зәр шығару мүшелерінің жүйесін тап.
9.Балықтың қаңқасын зертте.
Оның омыртқа жотасын тап,басының қаңқасына назар аудар.Жұп және сыңар жүзбеқанаттарының қаңқасын қара.
10.Балықтың суда тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысындағы бейімдеушілік белгілері туралы қорытынды жаса.....................................................................................................................................................
№7 Зертханалық жұмыс
Тірі бақаларды бақылау.Дайын препарат арқылы бақаның сыртқы құрылысын,қаңқасын,ішкі құрылысын зерттеу
Мақсаты:бақаның сыртқы және ішкі құрылысын,қаңқасын зерттеу.Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бақаға қандай ерекшкліктер тән екендігін анықтау
Құрал-жабдық пен материалдар:балықтың және бақаның ылғалды препараттары,қаңқалары,суреттері.
Жұмыстың реті мен нәтижесі
1.Бақаны бақыла. Оның денесі қандай бөліктерден тұрады?............................................................................ Мойны бар ма?..................................... Теріжабыны? .............................................................
2.Бақаның екі көзіне,жұп танау тесігіне,дабыл жарғағына,қозғалмалы қабақтарына көңіл бөл.Оларды суреттен көрсет.
3.Алдыңғы және артқы аяқтарының құрылыс ерекшеліктеріне назар аудар,кестені толтыр.
4.Бақа мен балықтың қаңқаларын анықтап қара.


Бақаның қаңқасынан негізгі бөлімдер-бассүйек,омыртқа жотасы,алдыңғы және артқы белдеулерін және алдыңғы және артқы аяқтарының сүйектерін тап.
Бақа бассүйегінің балық бассүйегінен қандай айырмашылығы бар?...........................................
Омыртқа жотасы және қабырға санына байланысты балықтан қандай айырмашылығы бар?......................................................................................................................................................
Бақаның иық белдеуін тап және ол қандай сүйектерден тұрады?................................................
Алдыңғы аяқтарының құрылыс ерекшеліктерін қара,яғни иық,иық белдеуіне,алақанда орналасқан төрт саусағына назар аудар.
Сүйектермен бітісіп кеткен жамбас белдеуін тап.
Артқы аяқтарындағы ұзын сүйектерге назар аудар-жамбас,сан,табан.
5.Ылғалды препараттан бақаның ішкі құрылысын талда.
Тыныс алу мүшелерін ата..........................................................................................................
Бақаның жүрегін тап.Балықтың жүрегімен салыстыр. ..........................................................
Бақаның қан айналым шеңбері нешеу?....................................................................................
6.Қорытынды жаса.Бақаның сыртқы құрылысы мен қаңқасының құрлықта тіршілік етуіне сәйкес ерекшеліктерін анықта,оларды көрсет.
1)……………………………………………………………………………………………………
2).......................................................................................................................................................
3).......................................................................................................................................................
4)........................................................................................................................................................
5)........................................................................................................................................................
6)........................................................................................................................................................
№8 Зертханалық жұмыс
Тірі кесірткелерді(улы емес жыландар,бақаларды) бақылау.Олардың сыртқы құрылысын зерттеу.Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру
Мақсаты:құрлықта тіршілік етуіне байланысты кесірткенің сыртқы құрылыс ерекшеліктерін анықтау;кесіртке мен бақаның қаңқасын салыстыру,айырмашылықтарын көрсету және түсіндіру.
Құрал-жабдық пен материалдар:тірі объектілер,яғни кесіртке немесе тасбақа,сүйекті препараттар-кесіртке мен бақаның қаңқасы,сапты ұлғайтқыш әйнек.
Жұмыстың реті мен нәтижесі
1.Кесіртке немесе тасбақаның сыртқы құрылысын зерттеу.
Денесіне қара.Оның пішіні қандай?.....................................................................................
Бас бөлімі тұлғамен қалай байланысқан?............................................................................
Аяқтарын тап.Алдыңғы және артқы белдеулерінде орналасқан аяқтарының ұзындықтары қандай?.............................................................................................................................................
Аяқтары мен қолдарында қанша саусақ бар?...........................................................................
Олар немен аяқталған?...............................................................................................................
Ұлғайтқыш әйнектің көмегімен тері жабыны мен арқа жағынан артқы бөлігін қара.Мүйізді түзілістерін тап.
Бас бөлімінен ауыз,көз,құлақ және танау тесіктерін қара.Көздерінде неше қабақ болады?
2.Қорытынды жаса.Кесірткенің сыртқы құрылысындағы қандай белгілері оның құрлықта тіршілік етуге бейімделгендігін көрсетеді?................................................................................
3.Кесірткенің қаңқасын зерттеу.
Омыртқа жотасын қара.Ол қандай бөлімдерден тұрады?......................................................
Мойын омыртқасының саны қанша?.........................................................................................
Қабырға сүйектеріне көңіл аудар.Олар кеуде сүйектерімен байланысқанда не түзеді? ..........................................................................................................................................................
4.Қорытынды жаса.Кесірткенің қаңқасында қандай өзгерістер пайда болды және неге? ............................................................................................................................................................
№9 Зертханалық жұмыс
Құстардың сыртқы құрылысы мен қаңқасы.Құстар қаңқасының құрылысы,құстардың ішкі құрылысы
Мақсаты:ұшуымен байланысты құстардың сыртқы құрылысы мен қаңқасындағы белгілерді анықтау.Жануарларды салыстыру,дағдыларын дамыту.Құстардың ішкі құрылысын зерттеу.
Құрал-жабдық пен материалдар:құстардың қаңқалары, қауырсындары, тұлыптары,құстардың суреттері,құстардың,балықтардың,бақаның,кесірткенің қаңқаларының сызбанұсқалары, қауырсын құрылысының сызбанұсқасы.
Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Құстардың дене бөлімдерін қарап шық.
-Құс денесі қандай бөлімдерден тұрады?......................................................................
-Құстың денесін не жауып тұрады?...............................................................................
-Астыңғы,үстіңгі тұмсықтарын тап.
-Алдыңғы аяқтары неге айналған?..................................................................................
-Жіліншіктерін,саусақтарын тап.Оларды не жауып тұр?.............................................
2.Құстың қауырсынын зерделе,оның қаламын,желпуішін,ұшын тап.Оларды суреттен көрсет.

3.Мына қауырсындар қайда орналасқан?
-жабын - ...................................................
-бағыт беруші - .......................................
-мамық - ..................................................
4.Құстардың қаңқасына назар аудар,ұшуға бейімділікке байланысты белгілерді тап.
1)…………………………………………………………………………………………….
2)……………………………………………………………………………………………..
3)…………………………………………………………………………………………......
4)………………………………………………………………………………………………
5)………………………………………………………………………………………………
6)……………………………………………………………………………………………….
7)……………………………………………………………………………………………….
8)………………………………………………………………………………………………..
9)………………………………………………………………………………………………..
10)……………………………………………………………………………………………….
5.Құс қаңқасының суретінен көрсет.Қыртөсі(киль) бар төс сүйегін, күрделі сегізкөзді , жіліншіктерін.

6.Құстың омыртқасы мен басқа жануарлардың омыртқа жотасындағы айырмашылықтарды тап.

1)…………………………………………………………………………………………
2)………………………………………………………………………………………….
3)…………………………………………………………………………………………
7.Ылғалды препарат және сурет бойынша құстардың ішкі құрылысын зертте.
Құстардың тыныс алу жүйесінің ерекшелігі неде?................................................................
Қан айналым жүйесінің өзіне тән қандай ерекшелігі бар? ..........................................................................................................................................................
8.Құстардың белсенді қозғалуына байланысты сыртқы және ішкі құрылысындағы өзара байланысқа қорытынды жаса. ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
№10 Зертханалық жұмыс
Құс жұмыртқасының құрылысы
Мақсаты:құс жұмыртқасының құрылысымен танысу,жұмыртқа қабықшаларының маңызын түсіне білу.
Құрал – жабдық пен материалдар:ұлғайтқыш шыны,сапты ине,тәрелке,тауық жұмыртқасы,жұмыртқаның суреті.
Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Жұмыртқаны жармай,бітеу күйінде оның пішініне,сыртқы қатты ікқабығына, қабықтағы өте ұсақ ойыс шұрықтарға көңіл аудар.Көргеніңді сипатта.
.......................................................................................................................................................
2.Суретке қарап,жұмыртқаның неше қабаттан тұратынын анықта,олардың қандай қызмет атқаратындығын түсіндір.
3.Ұлғайтқыш шынымен қарап,ойыс шұрықтардың жұмыртқаның қай ұшында көп екенін анықта.Неліктен бұлай?Түсіндір. ...................................................................................................
4.Жұмыртқаны еппен жарып,жайпақ ыдысқа сал,оның бөлімдерін қара.
5.Көргеніңді суретпен салыстыр,бөлімдерін жазып қой,жұмыртқаның ағы мен сарыуызының атқаратын қызметін түсіндір.

Жұмыртқа ағының қызметтері: ................................................................................................
Жұмыртқа сарыуызының қызметтері: ..................................................................................
6.Ұрық табақшасын тап,оның орналасуын түсіндір. .......................................................................................................................................................
7.Тауық жұмыртқасы құрылысының оның атқаратын қызметтерімен өзара байланысы туралы қорытынды жаса. ...........................................................................................................
............................................................................................................................................................
№11 Зертханалық жұмыс
Тірі жануарларды бақылау.Ішкі құрылысы.Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыстарын зерттеу
Мақсаты:сүтқоректілердің құрылысына тән негізгі ерекшеліктерімен танысу.Жануарлар белгілерін салыстыру дағдыларын дамыту.
Құрал – жабдық пен материалдар:ылғалды препараттар, балықтардың, бақаның, кесірткенің, құстардың, үй қоянының қаңқалары, сүтқоректілердің, үй хайуанаттарының (ит, мысық) суреттері.
Жұмыстың реті мен нәтижесі
1.Сүтқоректілердің сыртқы құрылысын зерделе,өздеріне тән белгілерді тап.
Сүтқоректілердің аяқтары қалай орналасқан?
Денелерін не жауып тұрады?
Құлақ қалқанын қара.
Көздеріне назар аудар,қабақтарын қарап шық,оларды сипатта. .............................................................................................................................................
Тістерінің қалай бөлініп орналасқанына көңіл аудар.Тістердің жекелеген топтарын ата:
.............................................................................................................................................
2.Сызбанұсқадан көкетті(диафрагма) тап.Ол қандай қызмет атқарады? .........................................................................................................................................................
3.Қоянның немесе мысықтың қаңқасын талдап,олардың өздеріне тән негізгі ерекшеліктерін анықта. .......................................................................................................................................
4.Сызбасуреттерден құстар мен сүтқоректілердің қолқаларын тап,оларды салыстыр, қорытынды жаса.

5.Құстар мен сүтқоректілердің бас миларының сызбасуреттерін зерделе, салыстыр, қорытынды жаса.

Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп
Биология пәнінен
зертханалық жұмыстар
9 сынып
2014-2015оқу жылы