“Unit 7.Good and evil. Gerunds and infinitives” та?ырыбында ?ткізілген саба? жайлы рефлексивтік есеп


№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында ағылшын тілі пәнінен 9 «Б»- сынып оқушыларымен
“Unit 7.Good and evil. Gerunds and infinitives” тақырыбында өткізілген сабақ жайлы рефлексивтік есеп
Күні: 22.12.2014
Уақыты: 905-0955
Пән мұғалімі: Кененбаева Динара
4374515232600540468554830445266701631950 Сабақты оқушылармен амандасып, оқу-құрал жабдықтарын түгелдеумен бастадым. Келесі кезекте арнайы кеспе қағазда бейнеленген төрт түсті машина түстері арқылы оқушыларды төрт топқа бөлдім. Оқушыларға топ ережесін өзара құруды, топ ережесін сақтауды ескертіп өттім. Оқушылардың белсенділіктерін арттыру мақсатында 2 минуттық «Миға шабуыл» жаттығуын жасатылды. Ол жерде берілген 16 әріптен мүмкіндігінше көп етістік құрау керек болатын. Бұл кезеңде 1-топ өз белсенділіктерін көрсетіп 12 астам етістік тапса, ал 3-топ небәрі 6 етістік қана тауып үлгерді. Сабақтың келесі кезеңдеріне өту үшін сабақтың мақсат-міндеттерін оқушылармен бірлесе айқындап кеттім. Ол үшін оқушыларға «Біз бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар? Қандай нәтиже күтесіңдер? 55-беттегі төрт мәтінмен қандай жұмыс жасаймыз? Оқулықтағы суреттердің мәтінмен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? Қандай грамматикалық ережені еске түсіреміз? » сынды ой қозғау сұрақтарын қойылды. Жалпы атқарылатын іс-әрекеттер анықталған соң, әр топқа мәтінді бөліп беріп, мәтінді өзара аударуларын, кейіннен қысқаша мазмұнын баяндап беру ұсынылды. Бұл тапсырманы орындау барысында екінші және төртінші топ мүшелері баяулық танытты әрі белгіленген уақыт шеңберінен асып кетіп жатты. Келесі тапсырма бастамас бұрын оқушыларға « Білемін, білмеймін,білгім келеді» кестесін таратып беру арқылы олардың жаңа сабақты қаншалықты білетіндіктерін анықтап алдым. Ары қарай оқулықта берілген грамматикалық ережелерді әр топ өзі оқып, бір-біріне түсіндіру жасады. Бұл ретте топ басшылары топ мүшелерін ұйымдаса, ынтымақтаса жұмыс жасуға тартып, білім деңгейі төмен оқушыларға түсіндіру жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырды. Жоғарыда аталған тапсырмалар кезінде де, кейінгі тапсырмаларды орындау барысында да уақыт белгілеп, уақыт шеңберінен асып кетпеуін естеріне салып отырдым. Осыдан кейінгі жасалған іс-әрекет жаңа грамматикалық ережеге байланысты болды:. Бұл мақсатта: Бірінші топ –герундий, ал екінші топ- инфинитив, үшінші топ- герундиймен де инфинитивпен де қолданылатын етістіктер туралы постер қорғады.

4442460106553021590031800802159001115060 Үш топтың жасап жатқан жұмыстарын бақылауға әрі бағалау жасауға «Екінші топ» мүшелері сайланды. Олар әр топтың қасына барып, оқушылардың қалай жұмыс жасап жатқандарын, кімнің белсенді болып жатқандарын өздеріне түртіп алып отырды. Барлық топ мүшелері өз постерлерін қорғап болған соң, бақылаушы топтың пікірлері тыңдалды. Бұл жерде оқушылар өздерінің жақсы бақылаушы әділ бағалаушы екендерін көрсете білді. Әрқайсысы өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алды. Келесі тапсырмалар жеке жаттығу ретінде ұсынылды. Оқулықта берілген жаттығуды орындап, тақтада берілген арнайы жауап нұсқасы арқылы өз-өздеріне бағалау жасады.
2631440678815Сабақтың жетістіктері деп оқушылардың жаңа тақырыпты дұрыс түсінулерін, үздік оқушылардың оны төмен оқушыларға жеткізе алуларын жеке жұмыстан аз қате жіберуінен-ақ байқауға болады. Ал сәтсіз тұсы деп уақыт тиімділігін дұрыс қолдана алмауымыз яғни жоғары деңгей тапсырмасын аяқтауға үлгере алмай қалуымыз деп айтар едім. Және де бағалау түрінен тек топты бағалау мен өзін-өзі бағалау түрімен ғана шектелдік. Осы аталған мәселелерді ой елегінен өткізе келе әлі де осы бағытта жетілдіру жұмыстарын жасау керектігі аңғарылды.