Ма?саты: ая бойынша ?тілген материалдарды ?аншалы?ты игергенін аны?тау, есте са?тау ?абілеттерін тексеру.


9-сынып. 1- тоқсан
Мақсаты: ая бойынша өтілген материалдарды қаншалықты игергенін анықтау, есте сақтау қабілеттерін тексеру.
БауырсақБауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.
Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары.