Саба? жоспары Математика 5 сынып Сандарды? арифметикалы? ортасы, ?згеріс ау?ымы, модасы


Алматы облысы Жамбыл ауданы
Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп
Математика пән мұғалімі
Меделова Айгерим Оразкелдиевна
Математика Сыныбы: 5-сынып
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға сандардың модасы,өзгеріс ауқымы ,арифметикалық ортасы жайлы ұғым беріп, түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық:
Есеп шығару арқылы оқушылардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыпты, достыққа және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзбетінше жұмыс,деңгейлік тапсырмалар
Сабақта қолданған жаңа технология:
Үшөлшемдіәдістемелік жүйе
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
--- Оқушылармен қалыпты психологиялық климат орнату
--- Жоқ оқушыларды анықтау
--- Сабақтың барысымен таныстыру
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
1)тапсырма:
Ит үйден 20 м қашықтықта тұр. Мысық үйдің ит тұрған жағында , үйден 30 м қашықтықта тұр.Марат ит пен мысықтың қақ ортасында тұр.Марат үйден қандай қашықтықта тұр?
Жауабы:25
«Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? 1)тапсырма:
Шахмат ойыны жарысында 6- сынып оқушылары
13,13,12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпай алды.
Осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табыҢдар.Жауабы:48
2)тапсырма:
Асан математика сабағынан осы аптада 5, 4, 5, 3, 4, 5, 5 дегенбағалардыалды .Асанныңбағаларыныңмодасын тап:
Модасы 5
------------------------------------------------------------------------
3)Наурызайындатемпературасы 8°,5°, 8°,3°,5°,8° болды өзгеріс ауқымын тап.
Өзгеріс ауқымы: 5
----------------------------------------------------------------------------------- «Талдау» тапсырмалары №1275, № 1276тақтары, №1278 №1279 «жинақтау» тапсырмасыНаурыз айының бір аптадағы ауа-райы температурасының өзгеріс кестесі:
Күндер Температуралар
Дүйсенбі 14
Сейсенбі 18
Сәрсенбі 15
Бейсенбі 16
Жұма 16
Сенбі 17
Температураның арифметикалық ортасын табыңдар
Температураның өзгеріс ауқымын табыңдар «Қолдану» тапсырмаларыСандардың арифметикалық ортасын табыңдар.
14, 48, 27,43, 12 жауабы: 28,8
Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар:
100,150, 120, 90,80 жауабы:70
Сандардың модасын табыңдар:
7, 10, 8, 9, 7, 11 жауабы: 7 «Баға беру» Осы тоқсандағы математика сабағынан алған бағаларыңның
арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын табыңдар
------------------------------------------------------------------------------------------ «Керібайланыс»
«Білу»
Теория
Практика деңгей (5 балл) «3»
1)Данияр аулаған балықтарын жеке-жеке өлшегенде массалары 1,2кг, 3,6 кг, 4,5кг,1,5 кг 4.4кг болды. Даниярдың аулаған балығының орташа массасы қанша килограмм?
жауабы:3,04
2)Комбайншы егін жинау кезінде :
Бірінші күні: 15,2 га
Екінші күні: 16,2
Үшінші күні: 18,6
Төртінші күні: 16,2
Бесінші күні: 17,3 га жерден егін жиналды.Комбайншының бір күнгі егін жинайтын алқабының орташа ауданын табыңдар.Оның өзгеріс ауқымын есептеңдер. Модасы бар ма?
жауабы:16,7 «Түсіну»
Теория
Практика Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
10,1 9,4 9,9 9,8
920 0,65 25 0,5
3,6 3 34 3,66 3,67
2.Спорт жарысында команда мүшелері: Айдар—14 ұпай,
Серік---16 ұпай, Жандос—16 ұпай, Маден---9 ұпай алды.
Ал Асхат 9 ұпай ала алмады Спорт жарысында команда
Мүшелері орта есеппен қанша ұпай әкелді? Ұпайлардың өзгеріс ауқымын табыңдар. жауабы:11, 16
3.Теңдеуді шешіңдер:
3 15 х + 2,9 х = 36,6 2) (х+2,6): 0,8 = 7,45
жауабы:6 жауабы:3,36 «Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Үйге тапсырма 1)Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар:
Үш санның арифметикалық ортасы 5,86-ға тең. Бірінші саннан екінші сан 0,3-ке артық, ал үшінші сан 1,2 есе артық.Бірінші сан қаншаға тең?
жауабы:5,4
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына 10 есеп құру.