Саба? жоспары. Адамны? сезім м?шелері.


Дүниетану.
Тақырыбы:Адамның сезім мүшелері.Көз.
Мақсаты: 1.Адамның айналадағы дүниемен байланысының жүзеге асуындағы,яғни
оны бағдарлаудағы сезім мүшелерінің маңызын,рөлін айқындау.
2.Көз-көру мүшесі ұғымын түсіндіру,ой-пікірін еркін жеткізе білуге
машықтандыру.
3.Сезім мүшелерін күте білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
“Адам дегеніміз мен және басқалар”мәтінін оқыту,мазмұндау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу. Ұстаз еңбегі жайында жазған әңгімелерін оқыту.
2. Қорытындылау.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Адамның сезім мүшелері.Көз” .
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Жұмбақ:
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. \көз\.
Көз-көру мүшесі.”Қараймын,көремін”ұғымының өзі, іс жүзінде сынау,денелерді
танып-білудегі көздің мүмкіндіктерін анықтауды білдіреді.
Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.
3.Сергіту сәті
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2. Сұрақтарға жауап алу.
-Өз маңайыңдағы заттарға қарап,олардың көлемін анықта(үлкен,кіші,биік,аласа),
өзара салыстыр.
-Заттардың пішіні туралы айт.
-Суреттер бойынша не түсінгеніңді әңгімеле.
-”Көз-адамның айнасы”дегенді қалай түсінесің?
3. Теріп оқыту.
7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.
Қорытындылау. Есте сақта! Көзіңді қолмен уқалама.
Үшкір заттан сақтан.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Көз суретін салу.
9.Бағалау.