?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздік к?ні — тарихы тере?де жат?ан елді? жа?а заманда ?з алдына ?айта егеменді ел бол?ан к?ні.


Білім және ғылым министрлігі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
«Еңбек орта мектебі –мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

«Бекітемін ».......................
Мектеп директоры:
Ш.Ш.Кошаханова

6 «а» сыныбында өткізілетін ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:


Тексеріліді: ..........................
МДТІЖО М.А.Конысбаева
Сынып жетекші: А.Е.Ермекова
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты:  білімділік – еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихы мен жетістіктерімен   таныстыру  дамытушылық  –  оқушының тіл байлығын  дамыту, есте сақтау  қабілетін  шыңдау,
 мәнерлеп  оқуға баулу,  ой-өрісін  кеңейту.
тәрбиелік -  Отан  Ананы құрметтеу,  Тәуелсіздікті  бағалай  білуге, ұлтжанды,  елжанды болуға  тәрбиелеу.
      Көрнекілігі:  үнтаспа, ұран сөздер,  слайд арқылы көрсетілетін Тәуелсіздік тарихы туралы суреттер. Елбасының портреті.
«Көк тудың желбірегені» әні.  Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар,әскери шенділер мен HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%84%D0%B8%D1%86%D0%B5%D1%80"офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады.
Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
1991 жылы HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%A1%D0%A0%D0%9E"КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн.

Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашт. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Оқушылардың әдеби сазды монтажы.
Айдана:Сонау XVII-ші ғасыр басында жоңғарлар Қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. 1723-ші жылдар Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті. Жансері:1916-шы жылы ұлт-азаттық көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты. Аружан: Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда. Ильдияр:1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз. Айшуақ: 1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші қазір біздің ауылымызда жеті ардагеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді. 1954-56-шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді. Баймұрат:1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы Қазақ ұлтынан болудыталап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын кетті . Арада бес жыл өткенде қыршын кеткен жастарға Алматы Алаңында ескерткіш орнатты. 
 Диана:
Жігіттер итке таланып,
Ер  басын  күрек  шапқан  күн.
Аппақ қар  қанға  боялыпҚып-қызыл  мұз боп   жатқан  күн.
Елнар: Енді 1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді. 
Сержан:
Желбіреп көк байрақ – бостандық ,Егемен қазақ боп , атандық .Тәуелсіз тізгінін нық ұстапЕлімнің бірлігін бастадық . 
 
Нұржан:
 Ғажап қой сұлу көктем, жасың, әні,
Тындарсың ән жүректің сазын әлі .
Шіркін – ай, жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың - тұнған байлық, қазыналы .
       Аружан:         
Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
                 Анель: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! 
2.«Аспанға қараймын» әні хор.
   Енді құрметті қонақтар, 6 а сынып оқушылардың және қонақтардың қатысуымен шағын концерттік бағдарламаны қабыл алыңыздар!
3.Ұлдар тобы. «Жаса , Қазақстан!» әні
4. Қыздар тобы. «Өз елім» би
5. Алғырдың орындауында « Тәуелсіздік таңы » әні.
6. Аружан мен Дианананың орындауында «Жаяу» биі.
7. Қадірлі қонағымыз 6 б сынып оқушысы Алиева Миалананың орындауында «Атамекен» әні
8. Үнді биі орындайтын: Аружан, Айша, Ақерке
Отан!  Отан-адамның  туып  өскен  жері,  туған-туысқандары  мен  жақын  тұратын  атамекені.  Қазақ  елінде  тұратын  адамдардың  Отаны-Қазақстан  Республикасы.  Адамның  жақсы,  бақытты  өмір  сүруі  көп  жағдайда   Отанға  деген   сүйіспеншілігіне  байланысты.   Әрбір  адам  Отанын  сүйе   білуге  тиіс. Құрметті көрермен Отанға деген сүйіспеншілігіміз арта берсін!
Осымен шағын концерттік бағдарламамыз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.