Внеклассное мероприятие на тему «Ту?ан жер – алтын бесік»


Тақырыбы: «Туған жер – алтын бесік»Мақсаты:
1. Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты мұнайға, үсті- адами рухани құндылыққа толы қасиетті, киелі өлке туралы білгендерін ортаға салғызу. Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.
2. Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.
3. Оқушыларды саяси саналылыққа, өз елін, жерін қорғауға, құрметтуге, сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Туған жер, ел туралы нақыл сөздер, шарлар, бейнефильмдер.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, проектор.
Жүру барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қадірменді қонақтар!
«Туған жер – алтын бесігім!» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ егелері, сендер қандай болуларың керек? Бүгінгі сайысымызда сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.
Аида
2 – жүргізуші:
Табиғат, Жер-Ана, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғым. Табиғат, жер-ананы сүйе білу, аялау әр адамның борышы.
Туған жерді Анам демей не дейін,
Туған жерді панам демей не дейін.
Туған жер мен асқақ менің ән-жырым,
Туған жермен асқақ менің мерейім.
6 «В» сынып оқушысы Абылкасымова Гауһар «Бар әлем басын иген Байқоңырға» атты өлеңін оқиды.
Айдана
1 – жүргізуші:
Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан табиғаты, көз тартар аса көркем, бар сұлулыққы бай өлке.
Қазақстан – туған өлкем,
Жер бар ма екен сендей көркем.
Көрсін деп сені күллі әлем,
Жалауыңды көкке ілем.
5 «А» сынып оқушысы Қожамұратова Аида «Қазағым менің» атты өлеңін оқиды.
Аида
1 – жүргізуші:
О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышты қанат қып, саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге, құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған-ау.
5 «Б» сынып оқушысы Қарашова Ақбота «Туған елім» атты өлеңін оқиды.
Айдана
2- жүргізуші:
Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.
Шұғылалы таңымыз
Ауыл жері – бағымыз.
Қайнарына мөп-мөлдір,
Сусындайды жанымыз.
Ауыл жері - сәніміз
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз.
6 «В» сынып оқушысы Изимғалиева Алтынай «Туған ауылым» атты өлеңін оқиды.
Айда
1 – жүргізуші:
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белде сағымдар арасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге
Қазақтың қасиетті даласынан.
5 «А» сынып оқушысы Умирзакова Камила «Бабалардың мекені» атты өлеңін оқиды.
Айдана
2 – жүргізуші:
Туған жер – ырысы мол құт-мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саяңда ойнап, өсіп, білім алып,
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз.
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті Жер-Ана туған жерді,
Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.
6 «Б» сынып оқушысы Рсалиева Гүлбаушан «Туған жер» атты өлеңін оқиды.
Айда
2 – жүргізуші:
Туған жердің қандай жақсы күзі де,
Туған жердің қандай жақсы қысы да!
Туған жердің қандай жақсы көктемі!
Туған жердің қандай жақсы жазы да!
Жақсы екен туған жердің күні де,
Жақсы екен туған жердің түні де!
Жақсы екен туған жердің суы да,
Еш жаманын таба алмайсың осында!
6 «А» сынып оқушысы Қуандықова Айдана «Туған елім» атты өлеңін оқиды.
1 – жүргізуші:
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Байтағым!
Аз емес саған айтарым!
Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын.
Көгімді шүкір торламаса екен қайта мұң!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Мәртебем!
5 «Б» сынып оқушысы Туракова Дильназ «Туған жер» өлеңін оқиды.
Айдана
1 – жүргізуші:
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып,
Құшақтап бір өзіңді туған далам
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
4 «Б» сынып оқушысы Сматова Аида «Қазақстаным менің» атты өлеңін оқиды.
Айдана
2 – жүргізуші:
Қазақстаным менің,
Жәннатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде достасып бірге табатын!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Ырысым!
5 «А» сынып оқушысы Төремұрат Мерей «Мен сүйемін елімді» атты өлеңін оқиды.
Аида
1 – жүргізуші:
Енді әділ қазылар алқасы қорытынды балды есептеп болғанша ұзартылған күн тобы туралы бейнесуреттерге назар аударыңыздар.
Айдана
2 – жүргізуші:
Мың бұрала билеген
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген.
Бір топ биші қыздардың орындауында «Молдабай» биін тамашалаңыздар.
Аида
1 – жүргізуші:
Ел болдық егеменді теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып,
Қойнауы кенге толы қазақ елі
Жыл сайын келеді өсіп, қанат жайып.
Айдана
2 – жүргізуші:
Отаным, Қазақстан туған жерім
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан
Артамыз ел басына үлкен сенім, - дей келіп бүгінгі өткізілген «Туған жер – алтын бесігім» атты мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!