Бала ба?ыт бастауы, отбасы алтын ді?гек 1 сынып ата — аналары


Нұржау жалпы орта мектебі
«Бала- бақыт бастауы,
отбасы — алтын діңгегі»семинар – тренинг
сынып ата -аналары
2373631178435
2016 – 2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Бала- бақыт бастауы, отбасы — алтын діңгегі»Мақсаты: «Отбасындағы мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралытүсініктерін кеңейту. Сыни тұрғысынан ойлау арқылы отбасы мүшелері арасындағы жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру.Оқу нәтижелері: Ата- аналар:Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді пайдалана біледі.Оқыту әдістері: Оқытудағы жаңа тәсілдерСТО Диалогтік оқытуЖеке жұмысТоптық жұмысСабақта қолданыла-тын материалдар: А-3 парақтары, стикер, интерактивті тақта, слайдтар, маркер, қалам.Коучинг бойынша коуч пен ата-ананың іс-әрекетіКоучтің іс-әрекеті Ата-ананың іс-әрекетіТренинг-психологиялық ахуалды қалыптастыру2 мин. Шаттық шеңбері: — Ата- аналар, барлығымыз ортаға шығып, «Жақсылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған ата- аналарға жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың, мейірімдісің, еңбекқорсың, ақкөңілсің. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіреді.Топтарға бөлуКоучингке қатысушы ата-аналарды күн мен ай арқылы топқа бөлу. Топқа бөлінеді.І тапсырмаРөлдік ойын: «Бала мүсіні»І топ-Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онысызда кешігіп келеміз. Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? Тез аузыңды жап! Баламды қолынан ұстап алдымда, әрі қарай жүрдім. Қызым үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады.Менің төбе шашым тік тұрып, оған айқайладым.Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! Түзу тұр! Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып,баланы сілкілей бастадым. Бол жылдам!ІІ топ-Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып қалғансың ба,бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сияқты, я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыласырай бастады. Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған? Жылайтындай не болды саған? Мені ұятқа қалдырдың ғой! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! Өз тобымен жұмыстанып, ортада жұмыс тарын қорғайды.ІІ тапсырма «Бала жүрегі — баршамызға аманат»Тақтадағы көктеген ағаш пен қураған ағашқа өздеріңізге таратылған жапырақтың жасыл түсіне күнделікті балаларыңызға айтатын жылы, жағымды сөздеріңізді, екінші сары түсті жапыраққа ренжігенде, көңіліңіз қалған сәтте байқамай айтылып жататын жағымсыз сөздерді жазасыздар. Өз ойларын жазады.ІІІ тапсырма Педагогикалық ойын.Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз?Қалай қолдайсыз?(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім!Қандай қуанышты!)Сергіту сәті Мұғалімдерге ел арасында кең тараған таныс әннің екі шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар тараты лып беріледі. Карточкаларда жазылған әндерді бірлесе орындайды. Қолдарындағы па рақшадағы әннің бір шумағы мен қа йырмасын орындай ды.ІҮ тапсырма Маржан сөздер сайысы.(Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздер айту. Әртоптанөзпікірінқорғау) Мақал-мәтел, нақыл, шешен дік сөздердің мағынасын ашады.«Ыстық орындық» «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»1.Балаңыздың ең жақын досы кім?2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөнін атаңыз?3.Балаңыздың сүйікті асы қандай?4.Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?5.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?6.Балаңыздың парталас көршісі кім?7.Отбасыңыздағы балаңызды қуантатын қандай дәстүрлі мерекелер бар?8.Сіз балаңыздың қандай тілегін орындамадыңыз?9.Балаңыздың сүйікті пәні қандай?10.Балаңыз кімді үлгі түтады?11.Балаңыздың ең жақын досының әкесі кім?12. Отбасы күнін сіз өз отбасыңызда тойлайсыздар ма?13.Балаңыздың сүйікті түсі қандай?14.Балаңызды күніне неше рет құшақтайсыз? Сұраққа жауап береді.Ү тапсырма «Бала сізбен бірге болатын- мәңгілік мейрам!»— Балаларыңызды жақсы көріңіз, үлгі тұтыңыз, мадақтаңыз, бірге қыдырыңыз, бірге демалыңыз, оның пікіріне құлақ асыңыз, оның ісіне, қылығына сүйсініңіз, басынан сипап, арқасынан қағыңыз. Ән айтады.ҚорытындылауЖылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір — біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Нұрсұлтан Назарбаев.РефлексияБүгінгі біздің коучнгміздегі бала тәрбиесі туралы шаралар жие болсын дегендер толық айды көрсетеміз, жие болуын қаламайтындар жарты айды көрсетеміз.