Сыныптан тыс саба? Отбасы-алтын ді?гек(2 сынып)


Тақырыбы: Отбасы - алтын діңгек!Тәрбие сағатының мақсаты:а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, слайдтарӘдісі: ой бөлісу, топтық жұмыс, пікір алмасуТәрбие сағатының барысы:1. Ұйымдастыру кезеңіМұғалім: "Ана - сая болар бағың болса,Әке - асқар тауың" дейді қазақта.Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,Ана - шуақ шашатын таң екенсің."Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?! Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы¬ қазылған қара кенмен тең".Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер" Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан". Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата - ананьщ еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".Ой бөлісу Оқушы: - Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл - қызы болып өседі. Оқушы: - Ата - ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек. - Ата - ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.- Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. - Ата - ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмейді.- Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.- Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелушің.
Тапсырмалар :Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).Күлме досыңа…(келер басыңа).Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).Ауру қалса да… (әдет қалмайды).Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).
Балаларға:1. Әкенің туған күні, айы, жылы2. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?3. Әкенің ізгі қасиеттері4. Әкенің пікірі сен үшін?5. Әкең саған айтатын үйдегі тұрақты міндеттерін?
Мұғалім: Келе ғой ботақаным өзіме деп,Анам кеп сипағанда шашымды жәй.Күйімді кешсеңдер - ау сол кездегіӘкемнің маңдайымнан өпкен кезі - ай.
Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,Өмірім өнеріммен өрнектелді.Тілейді әр ізіме ақ жол менің,Әрқашан әке үні жебеп мені.Қорытынды : « Анам , әкем және мен » ой толғау жазу.