Информатика ?леміне саяхат информатика саба?ы 1 курс


Информатика әлеміне саяхат!!!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін іс – жүзінде қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрістерін дамыта отырып, тез,   дәл, жылдам ойлауға баулу.Өзіндік іс – әрекетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан – жақты болуға, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Оқушылардың шығармашылығын дамыту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, шарлар. Интерактивті тақтада сөзжұмбақ, ребус, слайд.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгінгі сабағымыз ерекше, өйткені еліміздің қалаларына саяхатқа шығамыз. Орал қаласынан бастап Елордамыз Астанаға дейін тапсырмаларды орындау арқылы жетуіміз керек.Әділ – қазылар әр турдың соңында қойған бағаларын айтып отырады.
І – тур
Топқа ұран құрастыру.
Алдымен Орал қаласынан Атырауға барамыз.Ол үшін 2 топқа бөлініп, түсті қиықтарды біріктіру арқылы топ атын құрастырып, соған сәйкес ұран шығаруымыз керек. Тез және жақсы ұран шығарған топ жақсы бағаланады және Атырауға саяхатқа аттанады..
1 – топ: «Алтын Орда»
2 – топ: «Компьютер әлемі»
 
 
 
ІІ – тур
Кім жылдам?
Сіздерге ортақ 10 сұрақ оқылады. Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап берген  және көп ұпай жинаған топ Қызылорда қаласына саяхатқа аттанады.
1. Графикалық редакторды қалай іске қосамыз?
Пуск – Программы – Стандартные – Paint2. «Paint» графикалық редакторы не үшін қажет?
(Сурет салу үшін)
3. Үнсіз келісім бойынша фондық түс және кескін түсі қандай болады?
(Фондық түс ақ, кескін түсі қара)4. Paint графикалық редакторының терезесін сипаттап бер?
(Тақырып жолы – меню жолы – құрал – саймандар жиыны – сурет салу аймағы – палитра – қалып – күй жолы)
5. Терезенің үстінгі бөлігін, бос кеңістікті қалай атаймыз?
(Тақырып жолы)
6. Терезенің төменгі бөлігі қалай аталады?
(Қалып – күй жолы)
7. Компьтердің ақыл ойы?
(Процессор)
8. Компьютер мен адам арасындағы қарым – қатынасты қалай атаймыз?
(Интерфейс)
9. Қағаздағы суретті экранға түсіруші құрал?
(Сканер)
10. Компьютердің терезесін қалай атаймыз?
(Монитор)
ІІІ – тур
ЖұМбАқТаСҚай топ ребусты бірінші болып шешсе, сол топ Оңтүстік астанамыз Алматыға жетеді.
1-топ.
‘‘‘‘‘                  ‘                   “‘‘             
         Жауабы:(Интернет)
2 – топ.
        ,    ““‘                            ,,,   ‘
Ақпан 
                     Жауабы:(Ақпарат)
IV – тур
«Туған жерім тамаша» атты өлең шумағына сурет салу. Бұл тапсырманы орындаған топ Семей қаласына барады.
 
V – тур
Көкшетаудың сұлуын – ай!
Көкшетау қаласының сұлу жерлеріне слайдтан қарап, өлең жолдарын шығару. Осы тапсырманы орындаған топ сұлу қаламыз Көкшетау қаласына жетеді.
VI – тур
Сөзжұмбақ сайысыСөЗжҰмБаҚтЫ шешу арқылы Елордамыз Астанаға жетеміз.
  при н т е р 
  пе рн е т а қ т а  
  и н т е рф е й с  
  о к н о  
  с к а н е р 
  м а у с  
  па й н т  
  м о н и т о р 
  и н ф о рм а ц и я
ж ү й е л і к б л о к  
  про г ра м м ы  
 
1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз?
2. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы?
3. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынасты қалай атаймыз?
4. Терезенің орысша атауы?
5. Қағаздағы кескінді(мәтінді, суретті) экранға түсіруге арналған құрылғы?
6. Тышқанның басқаша атауы?
7. Сурет салуға арналған графикалық редактор?
8. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы?
9. Ақпараттың орысша атауы.
10. Компьютердің барлық жұмысын қамтамасыз ететін құрылғы?
11. Paint – ті іске қосқанда, Пуск – тан кейін қандай тізбек орындалады?
Қорытындылау.Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.Оқушыларды марапаттау.