Урок на тему Жары? с?йгіш ж?не к?ле?кеге т?зімді ?сімдіктер.


пәні: дүниетану Мектеп : №8 шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебіКүні: 9.03.2017ж Мұғалімнің есімі: Жабаева Алия
Сынып: 3«А» сынып Барлығы : 14 Қатысқандар:
Сабақтың тақырыбы: Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер жайлы білу.
Оқушылардың басым бөлігі.
Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін білу.
Кейбір оқушылар:
Өсімдіктердің түрлерін  ажырата  білу.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер: Дұрыс сұрақ қойып, жауап беру.
Талдауға арналған тармақтар :
Сіз неліктен ......екенін айта аласыз ба? Жаңа сабақтан алған білімдері бойынша өз ойлары мен түсініктерін ортаға салады.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Алдыңғы оқу Алдыңғы тақырыпты еске түсіру,талқылау. Үй жұмысын тексеру. Жаңа тақырып бойынша түсінік беру. Мағынаны тану. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Ресурстар/көрнекі құралдар слайд, суреттер.
Жоспар Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы білу. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін білу. Өсімдіктердің түрлерін  ажырата  білу.
Жоспарланған уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин )
Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын  сұрау
  - Біз қандай өсімдіктер туралы өттік?- Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.- Құрғақшылықта өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері неде?- Оларда ата.- Қай жерлерде өседі?3. Оқу мақсатын қою:Балалар, біздер бүгін жылу сүйгіш, суыққа төзімді, жарық сүйетін өсімдіктер туралы да оқып - білеміз. Олардың тіршілігімен танысамыз. Бүгінгі тақырыпты оқиық.
4. Жаңа сабаққа дайындық:- Өсімдікке жылу не үшін қажет?- Суыққа төзімді дегенді қалай түсінесің?- Өсімдікке жарық не үшін қажет?
5. Жаңа сабақты түсіндіру:1) -Ыстық жерде, жылуы мол жерде өсетін өсімдіктер бар. Олардың тұқымы тек сәуір айында егіледі. Ерте ексе салқынға шыдамай үсіп кетеді. Ол өсімдіктер негізінен еліміздің оңтүстігінде өсіріледі. /Суреттерден көрсету/ Олар: мақта, асқабақ, күріш, жүгері, қияр, үрмебұршақ. Осы өсімдіктер - жылу сүйгіш өсімдіктер деп аталады.Ал бидай, сұлы, арпа суыққа төзімді өсімдіктер. Оларды ерте көктемде себеді. Олар суыққа шыдап өсіп шығады, ылғалды сүйеді.Көптеген өсімдіктер жарықты жақсы көреді, себебі жарық болмаса топырақта қоректік зат түзілмейді, өсімдік қурап қалады. Мұндай өсімдіктерге мақта, жүгері, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас жатады.
-Қане, балалар ойымызды жинақтап, топтастыру жасап көрейік.
Өсімдік- тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана . Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады. Адамның түрлі іс-әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері-орманды кесу.Кешенді әсері- ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау-бақшаны, егістіктерді жояды.Ойланбай істелетін іс-әрекеттері-шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып , өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттің 70%-зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Арал теңізі, Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер, оларды сақтау туралы айтып өту.
6. Алғашқы бекіту.Жылу сүйгіш, жарық сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктердің аттарын жазып, дәптерлеріне суреттерін салғызу.7. Шығармашылық жұмыс, әрі сабақты қорытындылау: «Өсімдіктер» тақырыбына семантикалық кесте толтырады.
Өсімдіктер Ылғал сүйгіш Құрғақшылыққа төзімді Жылу сүйгіш Суыққа төзімді Жарық сүйгіш
Бақбақ Қоңыраубас Жантақ Сүттіген Мақта Бидай Өгейшөп
Сергіту сәті.
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу. - Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу) - Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу) - Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу) - Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті) - Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу) - Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу) - Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер. «Тілек кемесі» бір-біріне тілек айту, сабаққа керек құралдарын дайындау.Топқа бөлінеді
Тапсырманы орындау
Аяқталуы
Жаңа сабақты қорытындылау
(3 мин)

Қортынды баға
(2 мин)
Үй тапсырмасын беру ( 2 мин ) Сұрақ-жауап. Кері байланыс
- Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Маған... қызықты болды.
Маған... қиын болды.
Мен... түсіндім.
Оқушылардың сабаққа қатысуына, тапсырмаларды орындауына байланысты қорытынды бағаны журналға түсіру.
93-94 бетті оқып келу. Мәтінді түсініп оқу. Мазмұнын айту. Сұраққа жауап береді.

Топтық бағалау жүргізеді.
Берілген тапсырмаларды күнделіктеріне түсіру.
Қосымша ақпарат: Дәрумендерді дұрыс пайдалану.
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ –мен байланыс Құндылықтарды
Анықтау
Тақырыпқа байланысты күрделі тапсырмалар мен жеке жұмыс тапсырмаларын беру 1318895-3810Өзін-өзі бағалау
Бейнелеу.
Қауіпсіздік ереже-
сімен таныстыру.
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)
1:
2:
Сабақ барсында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағым жетілдіруге көмектесетін не білдім?