Шахматтан Шал?ан ертегісі балаба?ша балаларына арнал?ан


«Шахматтық шалқан»
Ерте, ерте, ертеде ғажайып шахмат елінде Король мен Ферзь ханшайым өмір сүріпті. Бір күні Король нөкерлерін шақырып алып «Ең үлкен,ең тәтті,ең дәмді шалқан өсіріп маған алып келіңдер»-деп бұйырды..
Содан Пешкалар шалқанды егіп жатып былай деді: «Өс, шалқаным,тәтті боп өс! Өс, шалқаным,дәмді боп өс!»- деді.
Пілдер келіп шалқанға су құяды. Аттар күнде-күнде келіп шалқанды бақылап жүреді екен. Аттар қайтып келгенде шалқанның үлкен болып өскенін көреді.
«Сүйінші,сүйінші біздің шалқанымыз үлкен болып өсіпті»-деп, Аттар қуана барлығына хабарлайды.
Содан Пешкалар шалқанды жұлмақ болып, тартқылайды кеп,тартқылайды кеп, жұлып ала алмайды.
Пешкалар алыста шауып жүрген Аттарды көмекке шақырады.
Пешкалар:«Аттар,аттар бізге шалқанды жұлуға көмектесіңдерші»-дейді.
Көмекке Аттар келеді.
Аттар Пешкадан,
Пешкалар шалқанның желегінен ұстап-
Тартқылайды кеп, тартқылайды кеп,жұлып ала алмайды.
Содан Аттар көмекке Пілдерді шақырады. Аттар «Пілдер,пілдер бізге шалқанды жұлуға көмектесіңдерші»-дейді. Көмекке Пілдер келеді.
Пілдер Аттардан,
Аттар Пешкалардан,
Пешкалар шалқанның желегінен ұстап –
Шалқанды тартқылайды кеп, тартқылайды кеп, жұлып ала алмайды. Фигуралар шалқанды айнала қоршап отырып, енді кімді көмекке шақырсақ екен -деп ақылдасады. Пешка фигурасы Бақтияр: «Енді шалқанды қалай жұламыз»-дейді.
Аттар Пілге қарап:«Біз жеңіл фигуралармыз,шалқанды тартуға әліміз келмей жатыр, мүмкін ауыр фигура Ладьяны көмекке шақырармыз» -дейді. Пілдер келгенде Ладьялар патшалықтың жан-жағын барлап,бақылап қарап тұрған болатын. Пілдер «Ладьялар бізге шалқанды жұлуға көмектесіңдерші»-дейді. Көмекке Ладьялар келеді.
Ладьялар Пілден,
Пілдер Аттардан.
Аттар Пешкалардан
Пешкалар шалқанның желегінен ұстап –
Тартқылайды кеп, тартқылайды кеп, шалқанды жұлып алады. Сөйтіп бірліктің арқасында фигуралар еккен еңбектерінің жемісін көреді.Пешкалар шалқанды көтеріп алады да,барлығы бірге шалқанды Король мен Ферзь ханшайымға барады. Шалқанды көрген Король таң қалып былай дейді « Шалқан деп осыны айт,жарайсыңдар»
Корольдың риза болғаны сондай өзінің фигураларына мерекелік бал жариялайды..
Король шалқан екті де:
Өс, шалқаным,тәтті бол өс! Өс, шалқаным,мықты боп өс!- деді.
Шалқан тәтті, мықты,үлкен болғанда тіпті тым үлкен болып өсті.
Король шалқанды жұлмақ болып, тартқылайды кеп,тартқылайды кеп, жұлып ала алмайды.
Король ханшайым Ферзьді шақырды.
Король:«Ферзь ханым келініз,шалқанды жұлуға көмектесуінізді сұраймын»
Ферзь Корольден,
Король шалқанның желегінен ұстап-
Тартқылайды кеп, тартқылайды кеп,жұлып ала алмайды.
Ферзь өзінің сенімді қөмекшісі Пілді шақырды.
Ферзь: «Піл шалқанды жұлуға көмектесуінізді өтінемін»-дейді
Піл Ферзьден
Ферзь Корольден
Король шалқанның желегінен ұстап –
Тартқылайды кеп, тартқылайды кеп, жұлып ала алмайды.
Піл өзінің көршісі Атты шақырды. Піл: «Ат бізге шалқанды жұлуға көмектессеңші»-дейді
Ат Пілден,
Піл Ферзьден,
Ферзь Корольден
Король шалқанның желегінен ұстап –
Тартқылайды кеп ,тартқылайды кеп, жұлып ала алмайды.
Ат жан-жағын қарап барлығын бақылап тұрған ладьяны шақырды.
Ат:« Ладьяжан келсеңші бізге көмекке»-дейді
Ладья Аттан.
Ат Пілден,
Піл Ферзьден,
Ферзь Корольден
Король шалқанның желегінен ұстап –
Тартқылайды кеп, тартқылайды кеп, жұлып ала алмайды.
Ладья енді қорғанның сарбаздары пешкаларды шақырды.
Ладья: « Пешка сарбаздарым,келіңіздер Король еккен шалқанды шалқанды жұлуға көмектесіңіздер»-дейді
Сөйтіп пешкалар Ладьядан,
Ладья Аттан.
Ат Пілден,
Піл Ферзьден,
Ферзь Корольден
Король шалқанның желегінен ұстап –
Тартқылайды кеп. тартқылайды кеп, шалқанды жұлып алады.