Сказка : Шал?ан ертегісі


«Шалқан»
( Ертегісін сахналау)
Мақсаты:Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын,қиялын дамыту.
Көрнекіліктер:көрініске керек құралдар.
Рөлде ойнайтын балалар:Ата- Арнур,Кемпір -Назым,немере -Инара,
ит-Алинур, мысық -Ілияс,тышқан- Айлана
Сәлеметсіздерме, балалар сендер ертегі көргенді жақсы көресіңдерме?
Мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын,шешуін табыңдар.
Мұртын сипап күн бойы.
Бетін сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы
Тышқанды көп қуады.(мысық)
Адамға серік
Күзетке берік(ит)

Үй ішін аралап
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып
Мысықтан қорқады(тышқан)
Балалар осы кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі?
Тәрбиеші:Ерте,ерте,ертеде.Бір кемпір мен шал өмір сүріпті.Олар үй шаруашылығына,ата есіктің алдына шалқан егіпті.Күндердің бір күнінде Шалқан күннің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата:Ой,бәрекелді,менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті.Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші:Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады.Әрі тартады,бері тартады,шалқанды жұла алмай қояды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата:Ойбай,шаршап кеттім,белім де ауырады.Қой көмекке кемпірді шақырайын.
Кемпірім,кемпірім,көмекке келші,қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті,жалғыз өзім тарталмай қойдым.Кел,екеуміз бірге тартайық!
Кемпір:Ой,шынында үлкен болып өсіпті ғой!Кел,тартсақ тартайық!
Тәрбиеші:Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады,бері тартады.Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды.Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір:Қызым,қызым,бізге көмекке келші.Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз:Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші:Сонымен қызы көмекке келіп,шалқанды рет ретімен тартады.Бірақ күштері жетпейді.Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз:Итім,итім көмекке келші.
Ит:Аф аф аф көмектес десеңдер көмектесемін.
Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен,қыз кемпірдің етегінен,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап ары тартады,бері тартады,бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит:Мысық,мысық,бізге көмекке келші,атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық:Мяу,мяу,көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші:Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен,қыз кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды,бері жұлқылайды,бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық:Тышқан,тышқан,маған көмектесіп жіберші.
Тышқан:Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта -тарта шалқанды суырып алады.