Шал?ан (орыс халы? ертегісі)


Білім беру саласы : Қатынас
Оқу іс-әрекеті : Көркем әдебиет
Тақырыбы : Шалқан (орыс халық ертегісі)
Мақсаты : Ертегіні мән беріп тыңдауға,сөздік қорын молайтуға,суреттерді көруге,түсінуге үйретеді.
Әдіс-тәсілі : мәнерлеп оқып,түсіндіру
Көрнекілік : Конустық театр,суреттер
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру
Ұйымдастыру
Қорытынды:
Шаттық шеңбері.Тәрбиеші балалардың қолынан ұстап үлкен шеңбер бойына жинайды.
Кел балалар шеңберге,
Көңілді болып тұрайық.
Бір-бірімізді көргенде,
Хал жағдайды сұрайық.
Амансың ба – достарым
Амансың ба – алтын күн
Амансың ба - көк аспан
Амансың ба – жер ана
Бәріміз бүгін біргеміз
Қане,балалар қуанып
Қол шапалақтап ұрайықшы
Жарайсыңдар балалар.
Балаларға көктем мезгілі туралы әңгімелеу.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін айтып беремін.
Ертегі барысы:мәнерлеп айту,конустық театр арқылы сахналау.
Шал шалқан егіп,оған:
-Дәмді шалқаным,үлкен болып өсе бер!-деді.
Шалқан үлкен болып өсті.Шал шалқанды жұлуға барды-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Шал кемпірін шақырды.Кемпір шалды,шал шалқанды тартты:әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Кемпір немересін шақырды.Немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Немересі күшігін шақырды.Күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Күшік мысықты шақырды.Мысық күшікті,күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Мысық тышқанды шақырды.Тышқан мысықты,мысық күшікті,күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,ақыры шалқанды жұлып алды!
Мінекей балалар,ертегі осымен аяқталды.
-Ертегі сендерге ұнады ма?
-Балалар ертегіде қандай кейіпкерлерді көрдіңдер?
-Шалқан қайда өседі екен?
Сергіту сәті:
Балалар бүгін біз қандай ертегіні тыңдадық?
Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
Иә,балалар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,барлығы бірігіп шалқанды жұлып алды. Балалар тәрбиеші көмегімен жауап береді.
Шалқан ертегісі