Кенелерден ?ор?ану шаралары. Кенелерді? таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі р?лі. Биологиядан 7-сынып?а арнал?ан саба?

Биология 7 күні 24.12.2015
Сабақтың тақырыбы :     Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.   
Сабақтың мақсаты :    Білімділік:   Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адамөміріндегі маңызы туралы оқушыларға білім беру.
    Дамытушылық:            Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмалардыпайдалана отырып интелектуалды қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың ой — өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау білім дағдыларын дамыту.
    Тәрбиелік:  Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, жеке бас тазалығынакөңіл бөлуге тәрбиелеу;
    Сабақтың түрі:               Аралас сабақСабақтың әдісі:              Жеке жұмыс, сұрақ- жауап, топтық жұмыс, ойындар.
Көрнекілігі:                      суреттер, ойындар.
     Сабақтың брысы :          
 1. Ұйымдастыру кезеңі . 2. Үй тапсырмасын сұрау.
3.     Жаңа сабақ4.       Ойын сұрақтарына жуап беру
5.       Сабақты қорытындылау - тест
1. Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын түгелдеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
 Үй тапсырмасын тексеру.
Білім минутының  сұрақтары.( берілген тапсырмалар)
Кенелердің тіршілік ортасын сипатта.
Кенелердің паразиттік тіршілік ету дағдысын түсіндіріңіз.
Кенелердің сыртқы құрылысы және мінез — құлық ерекшеліктері.
Кенелердің көбеюін түсіндіріңіз.
Кене және оның дернәсілінің даму барысына түсінік беріңіз.
Тайгалық кене туралы баяндаңыз.
«Теңізден жедел хат »  2 топқа дайындалған  биологиялық диктант.
І- топ
Кенелер — ………………. жататын ұсақ жәндіктер.
 Сондай – ақ ………………. жолмен тіршілік ететін кенелердің ……. …………. астам түрлері бар. Көптеген кенелердің  ………….       және   …………….     салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды ………………..  …………. тасмалдауға бейімделген. Сондықтан ……. мен ………………………  ауруға шалдықтырады. Кенелер …………. немесе …………… арқылы тыныс алады.  
ІІ — топ
Кенелердің дене бөлігі —  ……………….   өзгеше. Тек қарапайым құрылысты кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік:………. ,    ………. ,   ……….  тұтасып кеткен. Қатты затпен қоректенетін кененің ауызы …………. , …………… затпен қоректенетіндерініңкі …………….. бейімделген.  Кенелер — ……………….. жәндіктер ,  …………….. арқылы , кейбіреуі   ………   …….. көбейеді. Жұмыртқадан үш жұп аяағы бар …………..  пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, ……  ……… …………  айналады.
Слайд «Энцефалит» Жаңа сабақ.
 Адам үшін қышыма кене -өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2 – 0,5 мм – ден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып – талып, әлсірейді.Қотырды денеге дәрі — дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Паразитті өлтіретін улы күкіртті ангидридпен ыстайды.
Ит кенесі және тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру – энцефалитті жұқтырады. Бұл табиғатта әртүрлі жануарлардың денсінде орнығып, бір жануардан екінші жануарға сорған қаны арқылы энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Сөйтіп табиғатта ауру қордасы пайда болады.Инфекция қоздырғышы сақталатын осындай территория қандай болса да , бір аурудың табиғи қордасы деп аталады.
Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұл қышыма кенеден ірірек – 1мм шамасындағы жәндік. Теріге жабысып алып, малдың қанын сорғанда, жануар тынышсызданып, арып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең – қан шығар». « Киімді қаға берсең – шаң шығар» демекші, терінің жүні ғана түсіп қоймай, мал арықтайды. Тері кенесінен құтқару үшін қойдың жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады.
Өрмеккене – мәдени өсіміктер зиянкестерінің бірі. Мөлшері  0,2 – 1,0 мм аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяақтарында өрмек бездері болады.Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорып, олардың өсіп – өнуіне кедергі келтіреді, сөйтіп әлсізденген өсімдік солады.Бұлармен күрес шаралары жапырақта кененің  2- 4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.
Сергіту сәті.
Бинго ойыны. Жаңа тақырыпты меңгеруін пысықтау сұрақтары.
1.Адам үшін өте қауіпті жәндікті атаңыз?
2.Мамықкене туралы не білеміз ?3. Қамба кенесі туралы түсінік беріңіз ?4.Алма кенесі туралы не білеміз ?5.Ауыл шаруашылығына зиянды қандай кенелерді білесіңдер ?
6.Қансигек ауруының пайда болуы туралы не білесіз ?7.Пироплазмоз дегеніміз не ?8.Кене дернәсілінде және ересектерінде қанша аяқ болады ?9.Адамдар кенеден қалай сақтануға болады?
Қорытынды: Тест тапсырмасы.
1.Кенелер қайда тіршілік етеді?
А.Топырақта, әртүрлі ұяларда, індерде. Б.Өсімдіктерде, Тұщы суларда, теңіздерде, орман төсемінде. С.Барлық жауабы дұрыс.
2.Паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің неше мыңан астам түрі бар?
А.40. Б.30. С.20.
3. Кенелердің дер нәсілі неше аяқты болады?
А.8. Б.6. С.2.
4.Ересек кенелерде неше аяқ болады?
А.4 Б.8. С.6.
5.Кене және оның дернәсілі даму барысында неше иелі кенелер болады?
А.Бір, екі, үш. Б.Бір, бес, алты. С.Екі, үш, төрт.
6.Ит кенесі неше иелі жәндік?
А.Бір . Б.Үш. С.Төрт.
7.Өте қаупті жәндік?
А. Жайылым кене . Б.Қышыма кене.
С.Мамықкенелер.
8.Ауруды тасымалдаушы кене?
А.Тайга. Б.Нәзікбас С.Берішкенелер.
9.Өсімдіктердің шырының сорады?
А.Берішкенелер. Б.Тайга кенесі. С.Өрмеккене
10.Мәдени өсімдіктерінің зиянкестерінің бірі?
А.Алма кенесі. Б.Өрмекене. С.Нәзікбас.
Дұрыс жауаптары 1А, 2С,3Б, 4Б,5А,6Б,7Б,8Б,9А, 10Б
Бағалау.
“Екі жұлдыз, бір тілек” – топтардың бір-бірін өзара бағалауы.
Бір тілек – топтық жұмысқа өзіндік ұсыныс көзқарасын білдіру.
Үйге тапсырма :   Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және                               адам өміріндегі рөлі. Рефлексия
Оқушының
аты-жөні Үй
жұмысы Диктант Бинго Тест
Қорытынды баға
«Теңізден жедел хат »  2 топқа дайындалған  биологиялық диктант.
І- топ
Кенелер — ………………. жататын ұсақ жәндіктер.
 Сондай – ақ ………………. жолмен тіршілік ететін кенелердің ……. …………. астам түрлері бар. Көптеген кенелердің  ………….       және   …………….     салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды ………………..  …………. тасымалдауға бейімделген. Сондықтан ……. мен ………………………  ауруға шалдықтырады. Кенелер …………. немесе …………… арқылы тыныс алады.  

ІІ — топ
Кенелердің дене бөлігі —  ……………….   өзгеше. Тек қарапайым құрылысты кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік:………. ,    ………. ,   ……….  тұтасып кеткен. Қатты затпен қоректенетін кененің ауызы …………. , …………… затпен қоректенетіндерініңкі …………….. бейімделген.  Кенелер — ……………….. жәндіктер ,  …………….. арқылы , кейбіреуі   ………   …….. көбейеді. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар …………..  пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, ……  ……… …………  айналады.