?лтты? ойын элементтері бар эстафеталы? ойындар


6 «Ә» Пәні:Дене тәрбиесі Күні:19.12.2014
Сабақтын тақырыбы: Ұлттық ойын элементтері бар эстафеталық ойындар.
Мақсаты:
1.Білімділік:Оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру.
2.Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа салауатты өмір сүруге және жігерлікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушының шыдамдылығын,ойлау қаблетін,ептілігін және денсаулығын нығайту дамыту.
Уақыты:45минут.
Өтілетін орны:Спорт зал.
Қажетті құралдар:доп,кеглилер,асықтар,арқан,ысқырық

№ Сабақтың мазмұны Уақыты,мөлшері Әдістемелік нұсқаулар.
І
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 ІІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 ІІІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІІІ
 
 
  Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу. «Түзел!», «Тік тұр!» Амандасу.
Сәлематсыздар ма?
Кезекшінің мәлімдемесі.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы командаларды орындау:
«Оңға бұрыл!», «Солға бұрыл!» «Керу айнал!», «Еркін тұр!»
Қыздырыну жаттығуларын орындау.
1.Жүру қолды жоғары көтере аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге ұстап өкшемен жүру. Т.б. жаттығулар.
2.Жүгіру. Ара қашықтық сақтап жай жүгіру, қол алға созып ұстау.
Тізені көтере жүгіру. Аяқты артқа сілтейжүгіру, қол желкеде.
Оң және сол жаққа қапталдап жүгіру қолды алға, артқа айналдыру.
Жылдамдықтыарттыра жүгіру, қайтадан жай жүгіру бір қалыпты т.б. жүгіру жаттығуларын орындау.
3.Дем басу жаттығуларын орындау.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1.Б.қ аяқ иық деңгейінде, қол белде1-4 басты мойыннан сол,1-4 оңға айналдыру.
2.Б.қ. аяқ иық деңгейінде 1 қолды жоғары көтеру 2 жанға созу.3 алға созу,4 б.қ.к.
3.Б.қ. 1-4 қолды түзу иықтан  алға айналдыру,1-4 артқа айналдыру.
4.Б.қ. аяқ иық деңгейінде  қол белде 1-4 белді солға,1-4 оңға айналдыру.
5.Б.қ.аяқ иық деңгейінде 1 қолды жоғары созу, 2 аяқ ұшына жеткізу,3 қолды созып отыру.4 б.қ.қ.к.
6.Б.қ. сол қол жанымызға созу, оң қол белде 1-2 белді оңға қисайту.3-4 қолды алмастыру.
7.Б.қ.аяқ арасын алшақ ашу, қол белде 1 сол аяқ түзу оң аяққа отыру,2.б.қ.қ.к.
3-4 керісінше орындау жат.
8.Б.қ. аяқ иық деңгейінде  1 қолды алға созып отыру.2 б.қ.қ.к.
9.Б.қ. аяқ арасы қосулы қол тізеде 1-4 тізені солға, 1-4 оңға айналдыру.
10.Б.қ. аяқ арасы қосулы қол белде 1-4 қос аяқпен секіру бір орында,1-4 2.оң аяқты көтере сол аяқпен секіру. 1-4 сол аяқпен секіру.
 
Негізгі бөлімОқушыларды сапқа тұрғызу. Жүгіру, секіру, лақтыру элементтері бар эстафеталық ойындар.
 Сынып оқушыларын  екі командаға  бөлу. Эстафеталардың мазмұнымен ережесімен таныстыру.
«Кедергілер арасымен жүгіру»
«Кім көп тигізеді?»
«Арқан тартыс»
«Асық ату»
«Әтештер қақтығысы»
секіргішпен өткізілетін эстафета»
 
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу.
Ойын барысында жіберген кемшіліктерімен жетістіктерін айту. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
 
 10-15 минут
 
 
 
 
 
 
 
4-5рет
 
 
2-3рет
 
 2-3рет
 
2-3рет
 
 
 
 
 5-6 рет 
 
 
5-6 рет 
4-5 рет 
 
4-5 рет 
 
7-8 рет 
5-6 рет 
4-5 рет 
 
20-25 минут
 
 
 
 
 
 
 5-минут
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
  Сапта түзу тұру,тыныштық сақтау.
 
 
 
 
 
 
Командаларды бір мезетте орындау 
Қолды түзу көтеру,дене тік болу керек.
 
 
Тізені жоғары көтере жүгіру.
 
 
Ара қашықтық сақтау керек.
 
 
 
 
 
Дене тік, басты мойыннан терең айналдыру.
Қол түзу, дене тік болу керек.
 
Қол түзу.
 
 
 
Қолды жоғары барынша созу, аяқ бүгілмеуі керек.
 
Қол иық деңгейінде жанға созу керек.
 
Денені тік ұстау керек.
 
 
Бір мезетте отыру керек.
 
Табан қозғалмауы керек.
 
Орыннан қозғалмай секіру, дене тік болуы керек.
 
 
 
Ойын барысында ережені сақтау керек.
 
 
 
 Тыныштық сақтау керек.