?зін-?зі тану п?нінен Адам болам десе?із…» та?ырыбында?ы ?лгі саба?


 Тақырыбы: «Адам болам десеңіз...». Дайындаған: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Садуахасова Г.М.Көрнекіліктер: Слайд,нақыл сөздер,интерактивтік тақта Сабақ тақырыбы: «Адам болам десеңіз...» Мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру. 2.Ізгілк пен рахымшылдыққа, қанағатшылдыққа ұмтылу-барлық адамзатқа тән қасиет, бірақ ол қасиеттер адам бойында үнемі туа біткеннен бола бермейді.Ізгілікке, адамгершілікке, қанағатшылдыққа өз болмысын шектей алатын адамдар ған қол жеткізе алады.Өзін өзі үнемі рухани жағынан жетілдіріп, әлеуетін көтеріп отыратын адам рухы биік адам деңгейіне жеткізеді.
ІІ. Психологиялық жағай туғызу. Оқушылар бір-бірлеріне жақсы тілек айтады.
ІІІ. Оқушыларды пазлдармен 3 топқа бөлді. «Қанағат», «Рахым», «Ынсап».Жоспар:1. Мағынаны таны «Бар екен» деп аспа, «жоқ екен» деп саспа.
2. «Кім көп біледі?» мақал-мәтел жарысы
3. Жағдаятты шешу
4. Ойтолғау «Болмасаң да ұқсап бақ».
5. Қорыту
2. «Кім көп біледі?» мақал-мәтел жарысы
Ине көзінен сынады,
Адам сөзінен сынады.
Қатты жауған күнТез ашылады,Қатты ашуланған кісіТез басылады.
Саналы адамСағыңды сындырмас,Санасыз адамЖағыңды тындырмас. Екі аяқты адам түгілТөрт аяқты мал да сүрінеді. Қағазға тіл бітірген қалам,Жансызғажан бітірген — адам. Әлсіз адам — сүріншек,Ақылсыз адам — еріншек. Біреудің бойы аласа,Біреудің ойы аласа. Жүні жығылғанның —Күні жығылған. Сыйлық қымбат емес,Сүю қымбат. Жұпыны — жұғымды,Сыпайы — сүйкімді. Талансыз адам — табансыз,Алымсыз адам —шалымсыз. Көп іздеген адам,Көмбенің үстінен шығар. Болар адам — он бесінде бас болар,Болмас адам — қырық бесінде жас болар. Түсі игіден түңілме. Дуадақ шөлін мақтайды,Көкала қаз көлін мақтайды,Кемеңгер елін мақтайды,Дихангер жерін мақтайды.  Бір беткей адам — бірлікті бұзады,Теріс мінез адам тірлікті бұзады. Кісі арасында кісі бол,Үлкені болма, кіші бол.Қызмет қылсаң жорғалап,Маңдайдан терің сорғалап,Азаматтың ісі бұл.
2. «Ақыл бар жерде»
3. Жағдаяттарды шешу.
4. Ойтолғау:«Ақыл-ой- жан қуаты».
5. Қорыту. Мұғалім: Ф.Шиллердің «Өзіңді танығың келсе, Адамдарға, олардың ісіне қара.Өзгені танығың келсе,Өзіңнің жүрегіңе үңіл» деген қанатты сөзін ұмытпаңдар. Адамға әрқашан мына төмендегі қасиет керек:
Адамға тән алты қасиет
тапқырлық
қайрат
ақыл мен білім
талап
өріс
зейін