«?ажайыптар ала?ы» интеллектуалды? ойыны


Тақырыбы: «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың оқуға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, алғырлыққа, белсенділікке баулу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.
Ойын барысы:
І Ұйымдастыру
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей, біздің бүгінгі «Ғажайыптар
алаңы» атты ойынымызға қош келдіңіздер.
Ойын ережесімен таныстыру:
Плюс — ойыншы кез келген бір әріпті аша алады (егер бұл әріп бірнеше рет қайталанылса барлығы да ашылады).
х2 — ойыншының жиналған ұпайлары екі еселенеді.
Б – жиналған ұпайлары күйіп кетеді.
— жинаған ұпайлары күйіп кетпейді, бірақ жүрісті келесі адам орындайды.
Приз — ойыншы жүлдеден бас тартып, ойынды жалғастыра алады және де жүлдені алып ойыннан шыға алады.
Балалар, егер ойын шартымен таныс болсақ, алғашқы іріктеу кезеңіне жол берейік
І іріктеу кезеңінің сұрақтары:
Ұлы ақын Абайдың анасының есімі? (Ұлжан)
Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев)
Тұңғыш мектеп ашып, «Дала жұлдызы» атанған тұлға: (Ы.Алтынсарин)
Сонымен, балалар І іріктеу кезеңінің оқушыларын анықтап алдық, оларды ортаға шақырамыз.
Алғашқы үштік ойыншыдарымызға арналған сұрақ:
Көбейтудің қасиеті? Т Е Р І М Д І Л І К (10 әріп)
Сонымен балалар І кезеңнің жеңімпазы ______________ құттықтаймыз!
Енді, екінші іріктеу кезеңіне көшсек:
ІІ іріктеу кезеңінің сұрақтары:
Ұша алмайтын құс? (түйеқұс)
Сөйлем мүшелерінің қанша түрі бар? (5)
Шоқан Уәлихановтың шын есімі? (Мұхаммедқанапия)
Екінші үштік ойыншыларымызға арналған сұрақ:
Әлемнің жеті кереметінің бірі? С Е М И Р А М И Д А (10 әріп)
Балалар ІІ кезеңнің жеңімпазы _____________ қошемет көрсетейік!
Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста, - дей келе, үшінші іріктеу кезеңін бастайық.
ІІІ іріктеу кезеңінің сұрақтары:
«...Ерте кезде ғажайып бір өлкеде мамыражай тірлік кешкен, кішісі үлкенін сыйлаған...» деген үзінді қай ертегіден? («Әйел-Ана)
Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Рақымжан Қошқарбаев)
Екі нүктені қосатын геометриялық дене? (кесінді)
Үшінші үштік ойыншыларымызға арналған сұрақ:
«Аққан жұлдыздар» деп нені атаймыз? М Е Т Е О Р И Т
Оқушылар, үш кезеңнен сүрінбей өткен дарындыларымызға сәттілік тілеп, ақтық сайысты бастаймыз:
Сонымен ақтық сайыстың қатысушылары:
_____________
_____________
_____________
«Ақтық сайыс» сұрағы:
«Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал? Ф Л Ю Г Е Р
Оқушылар, бүгінгі сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жеңіске жеткен _____________ қошеметтейік және де «Ғажайыптар әлемінің Дарабозы» деген мақтау қағазын ұсынайық!!!
Бүгінгі ойынға қатысып, өз білімдеріңізді сынаған қатысушыларға алғыс білдіреміз.