Конспект занятия Сандар ?леміне саяхат вторая младшая группа


Тақырыбы: «Ертегі еліндегі сандар»Мақсаты: Білімділік: Логикалық есептер шешу, санамақтар айту, «Көршісінен адасқан сандар»сандарды ретімен үйіне орналастыру, сандар туралы тақпақтар айту, пішіндерді танып үйшігіне орналастыру, нүкте арқылы сандарды қосу.»Пішіндер неге ұқсайды»жұмбақ жасыру, пішіндерден бейне құрастыру ертегі кейіпкерлері арқылы ой қиялын шыңдау.Дамытушылық: Логикалық ойын ойнату арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, ой - өрісін, білімділігін зейінін, байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту.Тәрбиелік: Ой еңбегіне бейімдеу, еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.Пәнаралық байланысы: Тіл дамыту, көркем әдебиет.Әдіс – тәсілдер: көрсету, ертегіні сахналау, дид/ойын, піндерден бейнелер құрастыру әдісі, сергіту сәті, жұмбақ жасыру, мадақтау, қортындылау.Көрнекілігі: Қасқыр мен жеті лақ ертегі кейіпкерлері, түлкі, нүктелі сандар, үйшіктегі сандар, геометриялық пішіндер үйшігі, орман бейнесіТәрбишінің іс - әрекетіМотивациялық қозғаушы күшСәлемберу тәрбиенің басы ғой!Бір шаңырақ астында,Тату – тәтті тұрамыз.Бірге ішеміз астыда,Бірге сауық сайран құрамыз.Балалар: Достық шеңберімен қимылдар жасауТәрбиеші: Балалар біздер қандай ертегілер білеміз?Балалар: Мақта қыз бен мысық,Бауырсақ, жеті лақ ертегісін білемізТәрбиеші: Суреттер бойынша еске түсіру. Үлкен ешкінің жылаған дауысы естіледі, балалар бұл ненің дауысы?Балалар: Ешкінің дауысыТәрбиеші: Кәне, тыңдайық қай жақтан шығады?Орманға қандай көлікпен барамыз?Балалар: Орман жақтанмашинаменмашина дыбысын салып орманға жетедіТәрбиеші: Онда машинаға мінеміз, тез - тез орналасу.Іздену ұйымдастырушы: (Алдарынан майысып түлкі шығады)Тәрбиеші: Балалар түлкі біздердің затымызды ұрламақшы. Түлкіге не деп айтамыз?Балалар: алаяқ ұрламаТүлкі: жоқ балалар мен сендермен дос болғым келеді. Орманға кіргілерің келсе менің тапсырмаларыма көмек беріңдерші! Мына пішіндерді үйшігіне орналастыралмай тұрмын.Түлкі: «Пішіндер неге ұқсайды»Балалар: дөңгелек, сопақша, төрт бұрыш, тік төрт бұрыштың, үш бұрыш үйшіктерін тауып беружұмбақ жасыру.Таңмен көзін ашады,Әлемге нұрын шашадыБалалар: күнТөрт бұрышты, бір ауызды.Балалар: сандық тік төрт бұрышқа ұқсайдыАйдалада ақ отау,Аузы, мұрны жоқ отау.Балалар: жұмыртқа сопақша пішінге ұқсайды.Тікен - тікен тік пісте,Қысы – жазы бір түсте.Балалар: шырша үш бұрышқа ұқсайды.Төрде жатып шалқиған,Дәу қарыны бар қампиған.Балалар: жастық төрт бұрышқа ұқсайды.Түлкі: Балаларға рахметін айтып, жол көрсетіп жібереді.(Жолмен келе жатып үлкен ешкіні кездестіреді)Ешкі: достарына қасқыр менің лақтарымды ұрлап кетті деп жылайды.Тәрбиеші: Ешкі Жылама сенің лақтарынды іздеп тауып аламыз.Балалар: Ешкімен бірге лақтарды іздеуге шығады. Алдарынанқасқыр шығып жәй жүрсің дерме?Балалар: Біздің ешкіміздің лақтары қайда?Қасқыр: көргенім жоқ дейді!Қасқыр: жарайды, сендер менің сұрақтарыма жауап беріңдер лақтардың қай жерде екенін айтамын!1 тапсырма.«Көршісінен адасқан сандар»Балалар: сандарды ретімен үйіне орналастыру, тура және кері санау2 тапсырма.Сандар туралы санамақтар, тақпақтар сұрау.Қасқыр шаршаған боларсыңдар бірге билейік.Сергіту сәті:" жеті лақ ертегісінің музыкасымен билеу»(оңға, солға иілу, жоғары – төмен қарау, алақан соғу, қимылмен жасау)3 тапсырмаПішіндерден бейнелер құрастыру.Балалар: шырша, үй, омыртқа ою,үйрек, аққала құрастыру4 тапсырмаЛогикалық есептер шешуБес алманың үшеуін,Досың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуі,Өз қолыңда қалады? Балалар: еку«5»алған балаға 5 алма.«4»алған балаға 4 алма.«3»алған балаға 3 алма.«2 алған»балаға неше алма? Балалар: 2 - алмаБес бұтақты шыршада,Бұтақ сайын екі алма.Біреуін бер досыңа,Сонда қалмақ неше алма? Балалар: Шыршада алма өспейдіҚолымда 1 алмұрт табақта 2 алмұртҚосқанда барлығын болады неше алмұрт? Балалар: 3 - алмұртҚасқыр енді 5 - ші тапсырманы шешеңдер лақтарды беремін дейді.«Сандарды нүкте арқылы қосу»Қасқыр көздеріңді жұмыңдар деп, өзі лақтар тұрған жерге барады да лақтарын шығарады.Балалар: Берілген үлгі бойынша сандарде нүкте арқылы қосу.Ешкі: әндетіп лақтарын қарсы алады.Лақтарым, шырақтарым!Есік ашып қайда кеттіңдершұнақтарым!Өрісінен енең келді,Сендерді іздеп шаршап келді.Үйде мамаң жоқта есікті ешкімге ашуға болмайды деп ескертеді.Ешкі: достарына рахмет айтып өз алғысын білдіредіБалалар: машинамен ешкіні лақтарымен бірге балабақшаға алып қайтады.Тәрбиеші: Балалар біздер қайда бардық?Балалар: ОрманғаТәрбиеші Орманда қандай аңдарды көрдік?Балалар: Түлкімен, қасқырдыТәрбиеші Кімге көмек бердік?Балалар: ЕшкігеТәрбиеші Қасқырдың қай тапсырмасы ұнады?Балалар: Сандар көршісін тауып берген, пішіндерден бейне құрастырған, нүкте арқылы сандарды қосу ұнады.Ешкі рахмет айтып балаларға өз отбасының суретін беріп мадақтайды.(жеті лақ ертегісі)Күтілетін нәтиже:Біледі: сандарды, пішіндерді танып орналастыруды біледі.Игереді: логикалық есептерді шешуді, сандарды нүкте арқылы қосуды, пішіндерден бейнелер құрастыруды. математикалық ұғымдардытүсіну.