?аза? тілі саба?ы. Та?ырыбы: ?з ?зі?ді тексер (3 сынып)


Пәннің аты Қазақ тілі
3 А сынып
Сабақтың тақырыбы Өзіңді тексер
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету. Оқыту нәтижелері Оқушылар өз белсенділігін көрсетуге тырысады;теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады, күнделікті өмірде қимас адамдар болатынын біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады. 
Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
3 сынып қазақ тілі тест. 1.Төрт дыбыстан құралған тасымалданбайтын сөзді белгіле. А) Бала Ә) Шала Б) Бұлт 2.Үш дыбыстан құралған бір буынды сөзді белгіле. А) Ала Ә) Ана Б) Ант 3.Тек қана қатаң дауыссыздары бар сөзді белгіле. А) Биші Ә) Алаша Б) Өнерпаз А) Жаңғақ Ә) Қатық Б) Қаңбақ 4.Негізгі түбір сөзді тап. 5.Етістікті тап. А) Шағала Ә) Шегеле Б) Кереге 6.Заттың санын білдіретін сөзді тап. А) Қойшы Ә) Берші Б) Жетінші 7.Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап. А) Не? Ә) Неше? Б) Қандай? 8.Жалқы есімді тап. А) Жалбыз Ә) Ораз Б) Қарбыз 9.Тәуелдеулі зат есімді тап. А) Кісі Ә) Інісі Б) Кірпі 10.Туынды сын есімді тап А) Сөзсіз Ә) Сөзшең Б) Сөзге 
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады