Ашык сабак мырыш 10 сынып


Сабақ тақырыбы: Металдардың қасиеттері. Мырыш.
Сабақтың ұстанымы:
Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес” Қаныш Сатпаев.
Сабақтың жоспары: Білімді тиянақтау, “Менің тұжырымым дұрыс па?” /графикалық диктант/, “Мағынаны тану” кезеңі, “Ой қозғау” кезеңі, Топтық жұмыс, Өзіңді-өзің тексер! /тесттік сұрақ/, Қорытындылау.
Кодты шешу:
Химия пәні қай сыныптан басталады? (8)
Металл марганецтің жоғарғы тотығу дәрежесі? (7)
Металл натрийдың валенттілігі? (1)
Бос күйіндегі металдардың тотығу дәрежесі? (0)
Металл алюминийдың топ нөмірі? (3)
NO3 қалдығының валенттілігі? (1)
Металл алюминийдың электр өткізгіштігі нешінші орында? (3)
Галогендердің топ нөмірі? (7)
Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны? (1)
Заттардың неше агрегаттық күйі бар? (3)
Көміртектің ПЖ реттік нөмірі? (6)
87024226432 нөміріне сұрақтар құрастыру.
Электрондық оқулықпен жұмыс.
Табиғаттағы таралу орны: Минералы ZnO –цинкит, ZnCO3 – мырыш шлагы /галлит/, Негізгі кен орындары Қарағанды облысында, Кенді Алтайда, Оңтүстік Қазақстанда, Мырыш кендері – полиметалдық.
Физикалық қасиеттері: Көкшіл ақ түсті, күшті металдық жылтыры бар, қаттылығы орташа металл, таза металл, пластикалық және жұқа фольгаға дейін жойылады, Жылу өткізгіштігі күмістің жылу өткізгіштігінің 60% құраса, электр өткізгіштігі 4 есе кем, Оңай балқиды, t бал = 419,40C, t қай = 905,70C.
Химиялық қасиеттері: Жай заттармен, күрделі заттармен, Галогендермен, оттекпен, күкіртпен, сумен, қышқылдармен, сілті ертінділерімен.
Мырыш қосылыстары: ZnO, Zn(OH)2, ZnSO4, ZnSO•7H2O, ZnS.
Қолданылуы: Қорғаныш қаптамалары, Гальвани элементтерін гидрометаллургиялық процесстерді/күміс, алтын кадмий, т.б./, жез, нейзильбер, Zn+Al – цинкаль.
Білімді тиянақтау.
Менің тұжырымым дұрыс па?/дұрыс - , қате ^/
Мырыш ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан.
Сыртқы энергетикалық деңгейінде 2е бар.
Мырыш жай заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
Мырыш қиын балқитын металл.
Мырыш негіздік қасиет көрсетеді.
Zn атомы ядросының құрамында 30р+, 35n0 бар.
Мырыш сумен әрекеттескенде гидроксид түзеді.
Мырыш қышқылдардан сутекті ығыстырады.
Мырыш азотпен сутекпен әрекеттеспейді.
Мырыш темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш, қаптамалар жасау үшін қолданылады.
Топтық жұмыс.
1 – топ
Мына өзгерістерді жүзеге асырыңдар:



6,5 г мырыш күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) қанша литр сутек бөлінеді?
– топ
Мына өзгерістерді жүзеге асырыңдар:



6,5 г мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуінен алынған сутек газы қанша грамм мыс(ІІ)оксидін тотықсыздандырады?
Өзіңді-өзің тексер:
Қайсы қосылыстың құрамында мырыш көп кездеседі
А) ZnO, В) ZnS, С) ZnCO3, D) ZnCl2, Е) ZnSO4.
Тек амфотерлі оксидтердің қатары
А) Al2O3, ZnOВ) BeO, CO
С) ZnO, MgOD) FeO, NO
Е) ZnO, CaO3. Na2ZnO2 қосылысындағы мырыштың тотығу дәрежесі
- 2
+ 2
+ 4
+ 3
+ 1
4.Мырыш гидроксиді мен әрекеттесетін заттар қатары
CO2, Ca(OH)2
ZnSO3, Fe2O3
H2SO4,ROH
P2O5, Cu(OH)2
6,5 г мырыш пен 6,5 күкірт қыздыру нәтижесінде түзідген мырыш сульфидінің массасы
8,7 г
7,6 г
9,6 г
9,7 г
8,6 г
Үй тапсырмасы: 7.2 Оқулық Есеп № 7
Еліміздегі мырыш өндірісі туралы мәлімет әкелу.