?аза? ханды?ыны? бас?ару ж?йесі


Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының басқару жүйесіСабақтың мақсаты:
Оқушыларға ХҮІ - ХҮІІ ғасырлардағы қазақ хандығындағы басқару жүйесі туралы түсінік беру..Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, "Ханталапай" ойыныСабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, сызбалар.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі1)Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.2) Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан дайындау.Гүл шоғын бір-біріне беру арқылы жақсы тілектер тілеу.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабул».Өткен тарау бойынша оқушыларға тест тапсырмасы беріледі.1. Қасым хан тұсындағы бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін көшірілді:A) Түркістан қаласына Ә) Суяб қаласына Б) Ташкент қаласына2. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан:A) Саид хан Ә) Әбілхайыр хан Б) Мұхаммед Шайбани3. Тәуекел хан қай жылы Мауреннахрға баса көктеп кірді?A) 1588ж Ә) 1598ж Б) 1590ж4. «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым - қатынас болмасын» деп жарлық шығарған хан:A) Мұхаммед Шайбани хан Ә) Жаныш сұлтан Б) Орыс хан5. Хақназар хан билеген жылдар:А) 1538 - 1580жж Ә) 1480 - 1511жж Б) 1523 - 1532жж6. Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары:А) 1509, 1510, 1511 жылдар Ә) 1503, 1505, 1506 жылдарБ) 1501, 1503, 1505 жылдар7. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауыӘ) Бұхар ханының наразылығыБ) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары8. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш - қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға:A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуыӘ) Моғол ханын талқандауы Б) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы9. 1583 жылы «Ант беріскен шартты» бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:A) Сауран, Түркістан, Отырар, СайрамӘ) Суяб, Ташкент, Түркістан, ОтырарБ) Қойлық, Үзгент, Сығанақ10. XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:А) Тәуекел, Шығай Ә) Тәуке; Тұрсын Б) Есім, ТұрсынІІІ. Жаңа сабақ жоспары1. Қазақ хандығының басқару жүйесі2. Қазақ ханы3. Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы.Үш қатарға тақырып беріледі. «Жигсо әдісі арқылы» оқушылар тапсырмаларын түсіндіреді. ІҮ. "Ханталапай" ойыны.Оқушыларға бірнеше тапсырма беріледі. Әрбір тапсырма 7 сұрақтан тұрады. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар қазақ халқының басқару жүйесінің сатылары бойынша жоғары қарай жылжып отырады. 7 ұпай жинаған оқушы ұлы хан тағына көтеріледі.1. Әріптер сыры( Ж, С, Н, Ш,А,Х, Ұ)Оқушыларға әріптер беріледі. Берілген сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы тиіс.1. Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрады? (жеті)2. Ұлыс билеушісінің лауазымы (сұлтан)3. Орта жүз руы ( найман)4. Хан сайлану үшін кімнің ұрпағы болу міндетті болды?(Шыңғыс)5. Туыстас бірнеше отбасынан құралатын қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы( ауыл)6. Ханның мал - мүлкін бөлісіп алу дәстүрі қалай аталады?(Ханталапай)7. Дулат руы қай жүзге кіреді? (Ұлы жүзге)2. Кім жылдам? ойыныОқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіру керек.1. Төлеңгіт2. Имам3. Президент4. Батыр5. Депутат6. Ақсақал7. Рубасы3. Мақал сөз мәйегі.Берілген мақал - мәтелдегі қалып кеткен сөзді тауып жазу керек.1. Тура __________ туған жоқ. (биде)2. __________ бірдің - ауызы бір.(ауылы)3.________ - қарақшы, (хан)Халық - сарапшы.4.________ көріп азаматын таны.(ауылын)5. Кісі елінде ___________ болғанша, өз еліңде ұлтан бол. (сұлтан)6. Шешен сөз бастар,___________ қол бастар. (батыр)7. _______ туса ел ырысы,жаңбыр жауса жер ырысы. (батыр)4.. Сәйкесін тап.Басқару сатысы Басқарудың ұлттық жүйесі Басшысы1 Ру Ақсақал2 Ауыл Рубасы3 Хандық Cұлтан4 Ұлыс Ауыл басы5 Арыс Қаған (ұлы хан)6 Ата аймақ Хан7 Жүз БиСабақтың аяқталуы «Кубизм»әдісі арқылы үш топ бір-біріне сұрақ қояды.Ү. Қорытынды «ББҮ кестесін толтыру»ҮІ БағалауОқушылар жинаған ұпайларына байланысты бағаланады.ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу
.