«Тарих п?ні ар?ылы о?ушылар бойында ?аза?станды? патриотизм мен толеранттылы?ты ?алыптастыру» та?ырыбында ?ткен біліктілікті арттыру курсыны? ма?ыздылы?ы


«Тарих пәні арқылы оқушылар бойында Қазақстандық патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру курсының маңыздылығы
Әділхан Уалихан,
Әулиекөл ауданы, №2 Қазанбасы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Уақыт мектеп мұғалімдеріне оқушыларды жаңа түр рухында тәрбиелеу, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек екені анық. Осыған сәйкес кәсіби шеберлігімзді ұштау мақсатында Қостанай қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қабырғасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәні арқылы оқушылар бойында Қазақстандық патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру» тақырыбында біліктілігімізді арттырдық. Облысымыздың аудан, қалаларынан келген 20 мұғалімге Тажмакина Галина Кавазовна жетекшілік етті. Осы бірнеше күн ішінде түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың бойында патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру тақырыбы бойынша жұмыс түрлері теория және практика жүзінде іске асты. Нақты айтсақ, «Педагог жұмысында АКТ технологияларын енгізу мен пайдалану. Білім беру мекемесінің педагогының жұмысында жаңа технологиялар мен әдістерді, әдістемелерді қолдану», «Электронды портфолио педагогтың жеке жетістіктерін есепке алып жүйеге келтіру құралы» тақырыптары бойынша практикалық сабақтарға қатыстық. Үлкен қызығушылықпен электрондық портфолио құрастыруға машықтандық. «100 нақты қадам»-бұл жаhандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары жөнінде дәріс-диалог өткізілді. Мұғалімдер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, бірлескен топтық әрекет қалыптасты. Ұжымшылдық пен жолдастық атмосфера орнады. Галина Кавазовнаның жетекшілік етуімен Заречный кентінің Қазақ мектебіне семинарға бардық. Барған мақсатымыз «Жаңартылған білім жағдайында тарих сабағын оқыту нәтижелері» тақырыбы бойынша ұстаздармен тәжірибе алмасу.
Бірінші сабақ 11-сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс-
алғышарттары», екінші сабақ 9-сыныпта құқық сабағының «Жеке тұлға және ұжым» тақырыбында өткізілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, білімдерін көрсетті. Семинардың соңында мектеп оқушылары біздерге арнап «Қазақ елі» атты сахналық қойылым қойып,өз өнерлерін көрсетті. Қойылымның мәні терең, қазақ халқының тағдыры әдемі суреттелді. Жалпы курсты өту барысында болып жатқан іс-шаралардың барлығы қызықты да әсерлі өтуде. Үйткені
курстың әдіс-тәсілдері, құралдары, оқыту ұйымдастыру формалары өте тиімді. Осы үйреніп жүрген әдіс-тәсілдердің барлығы оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыруға, білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал етеді. Сондықтан оқушылар бойында Қазақстандық патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру үшін осы курстың маңыздылығы зор болды деп санаймын.