?аза? ханды?ы мен хандары 5 сынып, ?аза?стан тарихы п?ні


Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный ауылы
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі: Жумагалиева Жайнагул Сагынкожиевна
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығы мен хандары. 5 сынып
Оқу мақсаты: 1.Оқушылар Қазақ хандары мен билерінің өмір жолдарымен танысады.
2.Қазақ хандары мен билерінің тарихтағы орнын біледі және ғылыми дүние танымын байытады
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну,қолдану,жинақтау,талдау,бағалау
Бағалау критерийі: Білім алушы
Қазақ хандары мен билерін танып біледі.
Хандар мен билердің атқарған қызметі Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде орны өте жоғары екендігі туралы түсінік қалыптасады.
Көпір Ұйымдастыру, оқушыларды сабаққа дайындау.
Білу: .(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Сұрақтарға жауап беру: диалог (үй тапсырмасын тексеру)
Этноним, этнос дегеніміз не?
«Қазақ »атауының шығуы?
Қазақ жүздері сөзін қалай түсінесің?
Алтын Орда мемлекетін кім құрды?
Қазақ хандығының құрылуы
Қай ханның тұсында хандық орнығып, дамыды:
Қазақ хандығының 550 жылдығы қай кезде тойланды?
Түсіну.
(неге?неліктен?
Себебі? Не үшін?)
Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту.
«Түртіп алу» стратегиясы.( Оқушылар видеороликтен көргендерін дәптерге түртіп алады. Жұптық жұмыс. (оқушы мен оқушы және мұғалім мен оқушы диалог жасай отырып, көрген фильмдерінің негізгі фрагменттеріне тоқталады.)
Қолдану.
( Салыстыр. Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз)
ІТоптық тапсырмалар:
« Тарихи тұлғаны таны» сурет бойынша әңгіме құрау;
Сөзжұмбақ
Жұптық тапсырмалар
І. Ой ашар. Сөйлем құрап әңгімелеу
ІІ.Салыстырмалы кесте.
ІІІ.Математикалық қобдиша: «Жылдар сөйлейді»
ІҮ.Сәйкестендіру
Ү.Тарихи диктант
ҮІ.Шешендік сөздеріне қарап, авторын тап:
4. Сөздердің мағыналарын аш:
Хан
Сұлтан
Төлеңғіт
Құрылтай
5.Тақырып бойынша жұптық тапсырма
Жинақтау.Талдау.
( Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды кесте, сызба, т.б. түрінде жүйеле) ВЕНН диаграммасы. Қазақ хандығы менҚР-ның мемлекеттік құрылымын салыстыру;

Бағалау. «Баға бер, сен қалай ойлайсын?» бүгінгі сабақтың маңыздылығы неде?
Бағалау критерийі Дескриптор
Қазақ хандары мен билерін танып біледі Барлық хандар мен билердің аттарын атай біледі
Картадан «қазақ хандығы» құрылған жерді таба алады
Хандар мен билердің тарихта атқарған істерін, орнын біледі
Хандар мен билердің атқарған қызметі Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде орны өте жоғары екендігі туралы түсінік қалыптасады Қазақ хандары әулетінің арғы аталары Жошы екенін біледі
Қазақ билерінің қазақ мемлекетінің саяси өмірінде орны өте жоғары екенін біледі .
Қазақ хандары арасында сол заманның аса ірі тарихи тұлғаларының қазақ қоғамы үшін заңдар ережесін жасағанын біледі
Хандар мен билердің қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін айқындай алады.
Үйге тапсырма: §13 оқу. 68 беттегі тапсырмаларды орындау.