Открытый урок по физике на тему Жылдамды?. Жылдамды? бірліктері


7 «б»
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсақтықтарын білуге үйрету, жылдамдық ұғымын қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға,  жылдамдық және оның бірліктері  туралы түсінік  беру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс   туралы білімдерді жетілдіру.
б) Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке,
жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері. АКТ  қолдану.
Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта, бағалау парағы,  магнит, маркер, қарындаштар, клей, т.б.
Сабақтың барысы:
I.Үйымдастыру кезең: а) Сәлемдесу.
  ә) Оқушыларды түгендеу.  Топқа бөлуі.
Әр топтың жетекшісілерін сайлаймыз.Топ жетекшілерінің мақсаты: топтағы оқушылардың білімдерін сабақ барысында бағалап,бағалау парағына түсіріп отыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру  1.
Физикалық диктант
1 Қозғалыс  кезіндегі  өлшемдері  еленбейтін дене ……   . (материялық нүкте)
2. Дененің   қозғалыс кезінде  сызық  түрінде  қалдырған ізі   ….   . (траектория)
3. Қозғалыс түрлері: …..   .
4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы….. . (қисық сызықты)
5. Берілген уақыт  аралығында дененің  жүріп  өткен  траекториясының    ұзындығы …. (жол)
6. Дененің бастапқы  және  соңғы  орнын қосатын  бағытталған  кесінді …..(орын ауыстыру)
7. Біз таксиге жолақыны ..... үшін төлейміз (жол)
8. Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып 1 м биіктікке көтерілгенде оны ұстап алды. Доптың жолы ..... және орын ауыстыруын .....(жол 4 м, орын ауыс. 2 м)
9. Мотоциклші түзу көше бойымен қозғала отырып, бастапқы орнынан 500 м жүріп өтті. Содан кейін ол кері бұрылып, 600 м жүргеннен кейін тоқтады. Мотоциклшінің орын ауыстыруы ......... мен жүрген жолы .........
( жолы1100м, орын ауыс. 100м)
10. Орын ауыстырудың өлшем бірлігі ..... (метр)
Сiздер  екi бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар .  Бірінші бағанада  жол  , екінші бағанада уақыт  .  Сіздің міндетіңіз теңдікті түрлендіру. Тапсырманы  орындауға 3 минутты уақыт беріледі. Сәттілік  тiлеймiн! (берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды)
 2. Теңдікті түрлендір:
Жол (м) Уақыт (с)
7км = .......  м 12сағ = .......с
65см = ......м 45мин = ......с
300мм = ....м 0,5сағ= .......с
Жол (м) Уақыт (с)
7км = 7000м 12сағ = 43200с
65см = 0,65м 45мин = 2700с
300мм = 0,3м 0,5сағ= 1800с
Бүгін сіздермен  «Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық және оның бірліктері» -  туралы негізгі ұғымдармен танысамыз.
ІІІ.  Жаңа сабақ.  
 
Біз көріп жүрген денелердің,  көлік түрлерінің қозғалуы, жол жүруі әр түрлі болуы мүмкін. Бір денелер, мысалы атарба, бірқалыпты қозғалып отыруы мүмкін.Ал автомобиль  қаланың ішінде ақырын жүріп келе жатып, одан шыққан соң бірте-бірте тезірек жүріп  кетуі, яғни автомобиль бірқалыпты қозғалмауы мүмкін. Олай болса, қозғалыс екі түрлі болады.   
Бірқалыпты қозғалыс
  Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалысбірқалыпты қозғалыс   деп аталады.
  Мысалы, тегіс жердегі арықпен ағып жатқан су қозғалысы бірқалыпты қозғалыстың мысалы бола алады.Сағат тілінің айналуы, жаңбыр тамшысының да қозғалысы  бірқалыпты қозғалыс.
   
Пойыз ұзақ жолға шыққанда да бірқалыпты қозғалуы мүмкін. Ал ол қалаға жақындағанда қозғалысын бәсеңдетуі тиіс.Сөйтіп, пойыз бүкіл жолының бойында біраз бірқалыпты қозғалып келіп, аяғында қозғалысын баяулатып,бірқалыпсыз қозғалысқа  түсуі мүмкін.
 Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Біз күнделікті тұрмысымызда, негізінен, бірқалыпты емес қозғалысты көбірек кездестіреміз.Күнделікті көлік түрлерін пайдаланғанда да біз қозғалыстың осы түрімен жиі  кездесеміз.Шынында да, біз пайдаланатын автобустың, жеңіл машинаның  қайсысының болмасын қозғалысы бірқалыпты емес.Олар әрбір аялдамаға тоқтап, қайтадан қозғалып, қозғалысын біраз шапшаңдатып барып,тағы да қозғалысын бәсеңдетеді.Көріп тұрғанымыздай олар , бір аялдамадан олар екінші аялдамаға дейінгі жолының өзінде де  бірқалыпты емес қозғалыспен жылжиды.Бұл көлік түрлері өзінің бүкіл жолының  бойында бірқалыпты емес қозғалыста болады.
 
Оқушылар! Бірқалыпты емес қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын екен.
Сонымен бірқалыпты емес қозғалыстағы дене  өзінің бүкіл жолында әр түрлі жылдамдыпен қозғалады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын.
Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы  мүмкін.  Ал бірдей  орын  ауыстыру  үшін   олар  
әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы,жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса,  атты  кісі 1 сағат  ішінде  18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді.  Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде,  әртүрлі жол жүреді.    Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес.
Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса,сол дененің жылдамдығы үлкен болады.
  Жылдамдық -  физикалық шама.
Бірқалыпты қозғалатын  дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:
Енді жылдамдықты V әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты  t әрпімен белгілесек.
Жаңа сөздер:
Velocity, speed жылдамдық скорость
time уақыт время
displacementорын ауыстыруперемещение
distanceжолпуть
uniform motionбірқалыпты қозғалыс равномерное движение
Differential motion Бірқалыпсыз қозғалыс Неравномерное движение
Жоғарыдағы тұжырымымыз  былай жазылады:  
ϑ=St S=ϑ∙t t=Sϑ velocity=displacementtime 
  Егер дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы  мен жүрген жолы белгілі болса,сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады:
Мысалы:  72 км =72 000 м; 1 сағ = 3600 с Сонда  72 км /сағ = 72х1000м/3600с =20 м/с.
  ІV. Сабақты пысықтау. Ендеше келесі кезекті есепке берейік.
Әрбір топ берілген есептерді  орындайды. Әрбір топ өздеріне берілген есептерді  тақтада орындап, шығару жолдарын түсіндіреді.
Есептер шығару
  № 1.
Үлгі есеп: Пойыз 15 мин бойы ұзындығы 10 км түзусызықты жол бөлігінде бірқалыпты қозғалады. Оның жылдамдығын анықтаңдар.
Given: Calculation:
S = 10 km
t  =  15min = 0.25hr V = S / t V = 10 km /0,25 hr = 40 km / hr
V-? Answer:  V= 64 км/сағ
І топ
Ақтау  мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км ,  Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол   жүрді.Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.
 Берілгені: Формуласы: Шешуі:
S = 150 км
t  =  2,5 сағ V = S / t V = 150 км / 2,5 сағ = 60 км / сағ
табу керек :V Ж:  V= 64 км/сағ
 ІІ топ
 Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.
  Берілгені: Формуласы:   Шешуі :  t = 30 мин=1800c V = S / t   V= 9 000м /с / 1 800c =5м/с 
  S = 9 км= 9000= м 
табу керек : V Жауабы: V = 5 м/с
 
ІІІ топ
в)  750 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағ  ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
 Берілгені:
V = 750км/сағ 
 t   =  6 сағ      S =750км/сағ . 6 сағ =4 500 км 
  т/к :  S
IV. 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын автомобиль 300 км жолды қанша уақытта өтеді?
Берілгені: Формуласы:   Шешуі :
V = 60 км/сағ t = S / V t = 300км / 60 км/сағ =5 км/сағ 
  S = 300 км 
табу керек :   t Жауабы: t = 5 км/сағ
 
 « Кім жылдам?»
Қатысушы  Жылдамдық  Жылдамдық м/с  ОрынАкула  8,3 м/сҚарға 47 км/сағ Жираф 14,6 м/сҚоян 60 км/сағ Қатысушы  Жылдамдық  Жылдамдық м/с  ОрынАкула  8,3 м/с8,3 м/сынталандыруҚарға 47 км/сағ 13 м/с3
Жираф 14,6 м/с14,6 м/с2
Қоян 60 км/сағ 16,7 м/с1
VІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Кластер құру:   Топтастыру әдісімен жылдамдық сөзіне анықтама  берейік.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар
1.Бірқалыпты  қозғалыс деген не?  Мысал келтір.
2.Бірқалыпты  емес қозғалыс дегеніміз не?  
3.Қозғалыс жылдамдығы  дегеніміз не ?
4 Жылдамдықтың  қандай өлшем бірліктерін білеміз ?5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?
6. Барлық  денелердің жылдамдықтары  бірдей ме ?7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?
 VІІ.Үйге тапсырма беру
§17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
§18.   Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
 
Бағалау парағы
Тапсырма Орындау Өзінің бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға
Физикалық диктант Теңдікті түрлендір 1 Есеп шығару Кім жылдам