?аза? тілі Лепті с?йлем (2 класс)


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Лепті сөйлем
Мақсаты Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.Сабақтың міндеті:1. Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату.2. Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.3. Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.Типі: жаңа білімді меңгертуӘдісі: Б. Блум таксономиясы, түсіндіру, сұрақ - жауап, тест, көрнекі.Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек - сызба, кестелерКүтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!Елімізге: Ашық аспан, молшылық! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту БілімМақсаты: өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеруТапсырма: Сөйлем туралы не білеміз? Белгіленген уақыт ішінде сұрақтар беру.1. Сөйлем дегеніміз не?2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?Жауап парағы арқылы тексеріп, соған сай ұпай қойып бағалау парағына қойып отыру.ТүсінікМақсаты: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Слайд. Тірек сызбамен жұмысСөйлемХабарлы сөйлем Сұраулы сөйлемБейбітшілік жасасын!Көйлегім қандай әдемі!Отан сүйер ұлан бол!Жүйрік тұлпарым болса ғой!Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.1. Әр сөйлем қалай оқылды?2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Шығармашылық тапсырма
Дәптермен жұмыс

Суретпен жұмыс
Сергіту сәті Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. 
Ой толғаныс Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. (Слайд. Кестемен жұмыс)Ойын «Сәйкестендір»Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс 15300777940700 Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады