?аза? тілі. «С?з ж?не оны? ма?ынасы» 4-сынып


Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі. «Сөз және оның мағынасы» 4-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөздер туралы оқушылардың бұрын алған білім дағдыларын пысықтыу. Сөз мағынасын терең ұғындырып, кейбір сөздерді бірінің орнына бірін қолдануға болса, екіншісін қолдануға болмайтынына оқушылардың көзін жеткізу.
Дамытушылық: өз көзқарастарын дәлелдеп оны қорғай білу қабілетін, ойлау мен логикалық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, көркем жазуға, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ойын, мюнстенберг, өзіндік жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қима қағаздарСабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз, кішіге де сізСәлемдестік бәріңе әдеппенен біз.
Қуансаңыз сіз, қуанамыз бізСізге де, сізге де, сізге де
Саулық тілейміз біз!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
5-жаттығу
Еріну-жалқаулану, есептеу-санау, қайталау-пысықтау; ақырын-шапшаң, апару-әкелу, бастау-аяқтау, тоңу-жылыну.
(сөйлем құрау)
ІІІ. Өткенді қорытындылау.
(мюнстенберг әдісі)
Рптватүзуьблвпкқисықэждюбқиынячцфюауыръхһьтдосячцфйқасюьккулрсұлуяюфдйыцажарлыхһщшгцфяюбь
ІҮ.Жаңа сабаққа кіріспе.
Көркем жазу. Дд дыбысы мен әрпін жазу. Сөздік диктант.
Даярлану, достық, дуадақ, дауыл, дақыл, дабыл, добы,домбырашылар(талдау жасау).
-Сөз нені білдіреді?
-Сөз қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
Ү.Жаңа сабақ.
1-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасына көңіл бөлу.
1. Арық –су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы. Мал қыстан арық шықпас үшін, күтім керек. 2. Бақ ішінен жеміс жинаған балалардың көңілді дауыстары естіледі. Мал баққанның еңбегі текке кетпес. 3. Сәуленің атасы қатқан мұзды оюға кірісті. Текеметтің оюлары ажарлы екен.
Сергіту сәті.
2-жаттығу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып, сөйлем құрастырып жаз.
1. Жылқышы –сулы, батпақты жерде өмір сүретін, тұмсығы ұзын құс.2. Оңтүстік аудандардың тау бөктерінде өсетін өсімдіктің бір түрі –зерек. 3. Назым, Астананыаралап көрші, қандай әдемі қала! 4.Машина кілт тоқтады. 5. Өлең –ылғалды жерде өсетін шөп.
Ойын «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын»
Сұрақтар.
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2.Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3.Дыбыс саны мен буын саны бірдей сөздер бар ма?
4.Шалға қарағанда балада не көп?
5.Қай буында дыбыс көп болады? Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
3-жаттығу. Суретте бейнеленген зат және сан атауларымен бірдей дыбысталатын сөздердің басқа мағыналарын тауып жаз(өзіндік жұмыс).
Бұрыш, 40,100, үй.
4-жаттығу. Берілген сөздерден екі түрлі мағынада қолданылатын сөздерді теріп алып, сол сөздердің әр мағыналарына сөйлем құрастырып жаз(өзіндік жұмыс).
Жайдары, күй, күнде, тыныш, кір, мақта, сабырлы, тамыз, ауыр.
ҮІ.Бекіту.
Тест сұрақтары.
1.Дыбысталуы бірдей, мағыналары бөлек сөйлемдерді тап.
а) Ауылы алыс. Баратын жері қашық.ә) Ара –пайдалы жәндік. Арамен кес.
б) Жоғарыға қара. Төменге түс.
2.Қыстырма сөзі бар сөйлемді белгіле:
а) Балам, балғамен ойнама, қолыңды соғып аласың.
ә) Мүмкін, бүгін келіп қалар.
б) О, Төле би, халқыңыз сізге риза.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
А)5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
ә) Қосымша тапсырма. Сөздерді мағыналарына қарай бөліп жаз.
Туысқан, бәйге, сүйкімді, алыс, ағайын, тартымды, жақын, жүлде.
ҮІІІ. Бағалау.