Саба? жоспары ?аза? тілі Т?рлаусыз м?шелер (3 сынып)


Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер»Сабақтың мақсаттары: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі - өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.Сабақтың әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.Сабақтың көрнекілігі: суреттер (төрт түлік), слайд.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.Оқушыларды тыныштатып, зейіндерін сабаққа аудару.2. Үй тапсырмасын тексеру: 65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.3. Өткен сабақты қайталау1. Сөйлем дегеніміз не?2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?6. Лепті сөйлем дегеніміз не?4. Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен жұмыс.Төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.5. Жаңа сабақ:«Тұрлаусыз мүшелер»ЕРЕЖЕ:Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.Мысалы:Айгүл гүлді суарды.Қонақтар төрге отырды.Біз ұшаққа міндік.Арман жұмысқа кірісті.66 - жаттығу “Ой қозғау” Ауызша орындалады. Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.1 – қатар : Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді.2 - қатар: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды.3 - қатар: Мал өседі. / Мал төлден өседі.Су ақты. / Су арықпен ақты.67 - жаттығу “Ой шақыру” Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма, баяндауышқа қатысты ма?6. Сергіту сәті «Аяқпенен топ-топ-топ» әніне билеу.68 – жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.7.«Шығармашылық жұмыс»1 - топ: Өтірік сөз жанға қас2 - топ: Ашу – ақылдың дұшпаны3 - топ: Талапты ерге нұр жауарӘр топ өздерінің мақал - мәтелдерін оқып, мазмұнын ашады.8. Қорытынды.Семантикалық карта толтыру.
Сөздер Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер
қызық таза жүгірді жақсы күз гүлді оқушы
10. Бағалау11. Үйге тапсырма 71- жаттығу. Суретке қарап, әңгіме құра. Құраған әңгіменді жазып, тұрлаусыз мүшелердің астын сыз.
1. Сөйлем дегеніміз не?2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?6. Лепті сөйлем дегеніміз не?
Сөздер Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер
қызық таза жүгірді жақсы күз гүлді оқушы