Т?рлаулы м?шелер (3 сынып ?аза? тілінен ?ыс?а мерзімді жоспар)


Сабақтың атауы Тұрлаулы мүшелер
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Білімділік: оқушылардың тұрлаулы  мүшелер және  бастауыш  туралы білімдерін еске түсіру,  бастауыштың жасалу жолдарымен таныстыру, сөйлем  мүшесіне талдай  білуге  үйрету;Дамытушылық:  жаттығуларды,  тапсырмаларды орындата  отырып, танымдық ізденушілік, есте  сақтау, ойлау, шығармашылық  қабілеттерін дамыту;Тәрбиелік:   қазақ тілін құрметтеуге, өз тілін  терең түсініп, дұрыс, жүйелі түрде  сөйлей білуге баулу.Сабақтың түрі: Жаңа  сабақты  меңгерту.Сабақтың типі: Дәстүрлі  сабақ.Сабақтың  көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, оқулық, сызбалар.Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен  жұмыс,  жаттығу  орындау;
Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Өткен  сабағымызға  қысқаша  шолуАл, жақсы балалар, біз бүгін алдымен тұрлаулы  мүшелерді пысықтап, қайталап  аламыз.1. Сөйлем мүшелері  дегеніміз не?2. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?3. Сөйлем мүшесі бола  алмайтындар қайсылар?4. Сөйлем мүшесі құрамына қарай нешеге бөлінеді?5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?6. Тұрлаусыз мүшелер  дегеніміз  не?ІІІ.  Жаңа сабақСөйлем  мүшелері  атқаратын  қызметіне  қарай  тұрлаулы  және  тұрлаусыз  мүшелер  болып  екіге бөлінетінін  өткен  сабақта  айтқан  болатынбыз.  Біз  бүгін  тұрлаулы  сөйлем  мүшесінің  бірі  бастауышқа  кеңінен тоқталамыз. Оның құрамына қарай  түрлерімен, қай сөз  таптарынан   жасалатынын меңгереміз. Олай болса, бүгінгі  күннің жадын  жазып, тақырыпты жазып  алайық.Тұрлаулы  мүше – сөйлем  құрауға  негіз  болатын  бастауыш  пен  баяндауыш.Бастауыш – сөйлемде  айтылған  ойдың  иесі,  сөйлемнің  негізі,  басты  өзекті  мүшесі.
Бастауыштар  құрылысына  қарай  мынадай  болып  болып  бөлінеді:
Құрылысына     
                    қарайСұрақтары:  Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің?Нең?
              Дара Омар қырман басында жүр.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін           КүрделіТуған жерім – әйгілі Шалқар өңіріКүле беру  ыңғайсыз.
            ҮйірліЖұмысы жоқтық аздырар адам баласын 
 
 
– Енді, бастауыштың қай сөз  таптарынан  жасалатынына назар аударайық.
Бастауыш болатынсөз таптарыСөйлемдерЗат есімАбайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.
ЕсімдікӨзіміз де жүргелі отырмыз.
Сын есімКөп қорқытады, терең батырады.
Сан есімБерерменге бесеу көп.
ЕсімшеӘке көрген-оқ жонар,
Ана көрген-тон пішер.
Тұйық етістікТыңдау - мәдениеттіліктің белгісі.
Одағай«Ә, құдай!» – күйзелгеннің белгісі.
ҮстеуШапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.
Олай  болса,   бәріміз  тақтаға  қараймыз.   Мына  сөйлемнен  тұрлаулы  мүшені  тауып көрейік:
– Шығысқа қарай беттеген үлкен  кеме теңізді  тіліп келеді.Мұндағы, бастауыш – кеме, баяндауыш – тіліп келеді.Ал,енді сол тұрлаулы мүшелерді алып тастап оқып қарайық. Нені  байқадық? – Айтатын  ой аяқталды ма?– Яғни, бұдан біз нені аңғардық? Бүгінгі  тұрлаулы  мүшелер сөйлем  құрауға негіз болады екен. Бұл тұрлаулы мүшелердің басты  ерекшелігі.Кітаптарымыздан ережені оқимыз. Бастауыштың ережесі оқылады.Мысалы: Құнанбай да тысқа шықты.  (Кім шықты?)Бастауыш – Құнанбай,  баяндауыш – шықты.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Тапсырмаларды орындаңдар
1.Зат есім         ……….    маған   амандасты.2.Есімдік       Ертең  ……….  он үшке келеміз.3.Сын есім   ……….. –  ісімен  жақсы.4.Сан есім    ………..  екіге де, үшке де бөлінеді.5.Есімше  ………..  білер  бір  сөзді.6.Тұйық  етістік     ………..  оңай, істеу  қиын.7.Одағай         ………… – жекіру   одағайы.Яғни, балалар  байқап  отырғанымыздай,  бастауыш  көбінесе зат есімнен  жасалады  екен.
Үйге тапсырма 62-жаттығу 76 бет Күнделіктеріне жазу
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасы
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады