Саба?ты? та?ырыбы: К?кірт ?ыш?ылы ж?не оны? т?здары


Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің,
ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қамықпа тағы да тырысып көрД. И. Менделеев
Күні: 16.11.2016
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылы және оның тұздарыМақсаты:
Білімділік: күкіт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын және оның тұздары туралы түсінік беру
Дамытушылық: теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, күкірт қышқылының қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу
Тәрбиелік: өз білімдерін бағалап, бірлесіп жұмыс жасауға ізденімпаздыққа және қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгертуСабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмеліСабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмаларСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, түгендеу, оқу-құралдарын қадағалауІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ –жауап1.VI топтың негізгі топтшасында қандай элементтер орналасқан? Элементтердің топтық атауы?
2. Күкірт атомының ең сыртқы электрондық деңгейшесінде неше валенттік электроны бар
3. Гипстың формуласы?
4. Күкірттің қандай аллотропиялық түрөзгерісін білесіздер?
5. Күкірттің физикалық қасиеті?
6. Күкірт химиялық реакция кезінде қандай қасиет көрсетеді?
7.Күкіртсутектің алынуы8. Күкірттің неше қышқылдық оксидтері бар?
9. Күкірттің оксидтерінің алынуы:
10. Күкірт оксидтерінің қолданылуы?ІІІ.Жаңа тақырып Ой-қозғауБір кездерде химия патшалығында Су ханшайымы мен күкірт алты валентті ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті. Барлығы куанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді. Медбике келіп ұл деп көк лентаны таққанда бірден қызарып кетті. Яғни дүниеге ұл бала емес қыз бала келгенін белгілі болады. Қыздың атын Қышқыл деп қойыпты, әкесінің аты Күкірт екен. Сонда балалар қалай ойлайсыңдар Қыздың тегі қалай болады екен? Күкірт қышқылы.. Сонымен тақырыбымыз «Күкірт қышқылы және оның тұздары».
Күкірттің маңызды қосылыстарының бірі – күкірт қышқылы. Ол екі негізді күшті қышқыл, орта және қышқыл тұздар.
Физикалық қасиеті: Концентрациялы күкірт қышқылы – түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,84 г/cм3, массалық үлесі 98%. Ол 2800 С-та қайнайды.Сондықтан да қышқылды суда еріткенде мынадай қауіпсіздік ережесін сақтау қажет: ауыр сұйықтықты (қышқыл ) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап құю қажет. Сонда ауырлау қышқылы күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп, қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін. Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат.
Химиялық қасиеттері.
1. Сілтілермен және ерімейтін негіздермен:
2KOH + H2SO4 → K2SO4 + 2H2О
Cu(OH) 2 + H2SO4 → CuSO4 + 2H2О
2.Негіздік және оксидтермен:
H2SO4 + CuO → CuSO4 + H2О
ZnO + H2SO4 → ZnSO4 + H2О
3. Кернеу қатарындағы сутектің сол жағында орналасқан металдармен әрекеттеседі:
Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2 ↑
4. Барийдің ерімтал тұздары күкірт қышқылына және оның тұздары сульфаттарға анықтағыш реактив болады.
H2SO4 + BaCl2 = 2HCl + BaSO4↓
Na2SO4 + BaCl2 = 2NaCl + BaSO4↓
Қолданылуы:
Күкірт қышқылының тұздары.
Қөп қолданылатын тұздар: натрий сульфатының кристалгидраты Na2SO4* 10H20, оның минералын мирабилит деп атайды. Ол тұз мединицада дәрі ретінде «глаубер тұзы» деген атаумен қолданылады. Тотияйын, яғни мыс кристалгидраты CuSO4 * 5H2O жасанды жібек, талшық алуға, өсімдік зиянкестерімен күресуге қажет.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Есептер шығаруМассасы 5,6 г калий гидроксидін бейтараптауға қажет күкірт қышқылының массасын есептеңдер.
Зертханада 5,83 г натрий хлориді концентрлі қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген хлорсутектің көлемін (қ.ж) есептеңдер.
Кері байланысБүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу.
V. Үйге тапсырма. §12 , 8-жаттығу