Физикадан саба? жоспары: ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель ?осу


Cабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың өткізгіштерді жалғау тақырыбын тереңдету . Оқушылардың электр тогына қызығушылықтарын ояту, электр құралдарымен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.2.Оқушылардың өздерінің ізденіс нәтижесіндегі шығармашылығын дамыту.3.Оқушыларды ой түйіндей білуге, оны есепте пайдалана білуге тәрбиелеу.Сабақ түрі: қайталау сабағыОқыту әдісі: зерттеушілік көрсетілім, есептер шығару
Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, кілт , ток көзі, презентация, тапсырмалар.Сабақтың барысы: “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” бағдарламасы бойынша:
Қызығушылықты ояту / 7 мин/
Мағынаны ажырату /27 мин/
Ой-толғаныс /7 мин/
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме,оқушылар,қонақтар!!!
Бүгінгі күн біз үшін ерекше.Ең бірінші бір-бірімізге жақсы көңіл-күй,тілек тілейік!
Сіздерге бүгінгі күн тек сәттілік әкелсін! Ал, Мұрат не дейді екен .........
Ал,енді біз сабағымызды бастайық,сабағымыздың ұраны:
Конфуцийдің сөзімен айтсақ, « Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін »
Қызығушылықты ояту кезеңі.1.Cызба арқылы сәйкестікті табыңдар.
Ток күші R=
Кернеу
Кедергі U=
Тізб.бөлігі үшін Ом заңы І=
Мағынаны ажырату кезеңі.2.Кестемен жұмыс.
Физикалық шаманың атауы Шартты
белгісі Формула Өлшем
бірлігі Өлшейтін
құралы Құралдың
шартты белгісі Құралд. жалғау
Ток күші Кернеу Кедергі 3.Құралдардың бөлік құнын анықтау.
Екі сызбаны көрсету арқылы оқушылардан қандай cызба, ерекшелігі, ұқсастығы және т.б.сұрау.ІІІ. Қайталау сабағы.Иә,балалар, дұрыс анықтадыңдар.Кедергілерді жалғаудың екі түрі бар. Егер 1-ші өткізгіштің соңы 2-ші өткізгіштің басымен, 2-нің соңы 3-тің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.Ал өткізгіштерді параллель жалғауда, өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде,ал ұштарын 2-ші бір В нүктесіне жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.
Бүгінгі қайталау сабағымыздың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.Дәптерлерімізді алып,тақырыбымызды жазайық.
Берілген тапсырма бойынша өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау дың негізгі физикалық шамалар мен (ток күші,кернеу,кедергі) сызбаны толтырамыз.Сызба
Ток күші
Кернеу
Кедергі
Тізбектей жалғау
Параллель жалғау
Сызба
Ток күші
Кернеу
Кедергі
Тізбектей жалғау
Параллель жалғау

Электронды оқулық бойынша тақырыпты пысықтайық. /10 мин/Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда өткізгіштердегі ток күшінің шамасы бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы U1 және U2 кернеулері әртүрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз.Демек , U = ІRU1 = ІR1U2 = ІR2U = U1+U2ІR = ІR1 +ІR2 = І(R1+R2)Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеудің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады .І = I1 = I2 = …. = I nU= U1+U2+…..+UnR=R1+R2+….+Rn2-ші жағдайОм заңының негізінде 1-ші өткізгіштің ұшындағы кернеу U1 =І1 R1 , ал 2-ші өткізгіштің ұшындағы кернеу U2 =І2 R2 , ток күші І=І1+І2 жалпы кедергіні R арқылы белгілесек,І1= U/R1, І2= U/R2,Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеубірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.U= U1=U2=….=UnІ=І1+І2+….+Іn1/ R = 1/ R1 + 1/ R2+... +1/ RnСабақты өткен материалмен байланыстыра отырып практика жүзінде осы жалғауларды тексеріп көрейік. Оқушыларды 3-топқа бөліп, І-ші топқа өткізгіштерді параллель қосу, ІІ-топқа тізбектей қосу,ІІІ –топқа тізбектей қосу беріледі. Уақыт 20 мин. Оқушылар белгіленген уақыттан кейін жұмыстарын түсіндіріп, өткізгіштерді қосу түрлерін күнделікті өмірде, тұрмыста қолдана білу қажеттігіне тоқталып өтіледі.
Әр қатарға тапсырмалар беріледі:З қатарға есептер.Есеп шығару.
\s
Бекіту кезеңіСабақты бекіту кезеңінде «Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар тақырыптардың ұқсас ерекшеліктерін салыстырады.Ү. БағалауСабақта оқушыларға бағалау парағы беріліп, бағаланады.ҮІ. Үйге тапсырма.§41, 20 жаттығудың №4-6. Эссе: «Менің отбасымда энергияны үнемдеудегі өткізгіштердің атқаратын рөлі»